​ОСЫ бөлме гүлін өсіріңіз, көп ұзамай үйіңізге БАҚЫТ келеді

0
3 948

Гүлдер энергиясы әркімге әрқалай әсер етеді


​ОСЫ бөлме гүлін өсіріңіз, көп ұзамай үйіңізге БАҚЫТ келеді

Қыстың қытымыр ауа райынан, даладағы ақ қар, көк мұздан шаршағанда, үйдегі жасыл желек жанға жылу, көңілге шуақ сыйлайды. Табиғаттағы барлық жаратылыс секілді, гүлдердің де өз энергетикасы бар. Егер өз жұлдыз белгіңізге сайын өсіріп, баптасаңыз, қайтарымы үшін үйіңізге бақыт, байлық пен махаббат шақыратын болады.


Тоқты

Белгі иелеріне астрологтар қою қызыл, қызыл және апельсин түстес сары гүл ашатын түрлерін өсіруге кеңес береді. Айталық, герань, гибискус, пуансеттия. Дәл осы гүлдер Тоқтылардың болашағына оң әсер етіп, денсаулық жағдайын жақсартып, өмірін ұзартатын көрінеді.


Торпақ

Торпақтардың терезесінің алдында шегіргүл тұруға тиіс. Ол иесінің материалдық жағдайын жақсартып, сәттілік әкеледі. Стрестен арылуына, денсаулығының жақсаруына да әсері бар. Әсіресе, күлгін және алқызыл реңкті шегіргүлді өсірсе, жоғарыдағы айтылғандардан бөлек үйге бақыт пен махаббат, байлық шақыратын болады.


Егіздер

Белгі иелеріне қырыққұлақ, қасқыржем және пальма гүлдері жақсы сәйкес келеді. Жақсы бапталса, байлық пен сәттілік, жеке өмірге бақыт көп күттірмейді. Традесканция гүлі көңіл-күйінің үнемі көтеріңкі болуына, табысқа жетуіне жәрдемін тигізеді.


Шаян

Шаяндар үйдің жайлылығы мен әсемдігі үшін бөлме гүлдерін өсіргенді жақсы көреді., оларға сәттілік әкелетін гүлдер: фуксия және раушан. Дәл осы аталғандар үй ішінде жанға жайлылық пен тыныштық сыйлайтындай атмосфера орнатады.


Арыстан

Белгі иелері гүлге келгенде де өздері сияқты жарқын түрлерін таңдағаны жөн. Қызықты, ерекше және көзге бірден түсетіндей болуға тиіс. Бұл талаптарға раушан, нәркес, пальма, азалия, кротон гүлдері сәйкес келеді. Олар Арыстанның болашағының жақсы болуына, сәттіліктің серік болуына және қаржылық тұрақтылыққа жетуіне ықпалын тигізеді.


Бикеш

Белгі иелерінің гүл өсірудегі мақсаты – құлпырған жасыл желекке қарап өз-өзіне разы болу, өзгелердің қызығушылығына, мақтау-мадағына ие болу. Бұл ретте циссус, монстера және алоэ гүлдері көздегеніне жеткізеді. Осы арқылы өзіне сенімді, көңіл-күйі көтеріңкі жүретін болады.

Таразы

Астрологтар Таразыларға үй ішінен азалия гүліне орын беруді кеңес етеді. Бұл гүл иесінің болашағына, жолының ашылуына ықпалын тигізіп, табыс пен жағымды эмоциялар шақырады. Көңіл-күйін көтеріп, қорқыныштан, стрестен арылтады. Сәтсіздік пен қаржылық қиындықтардың алдын алады.


Сарышаян

Бұл белгі иелері үшін көп күтімді қажет етпейтін гүл түрлері қажет. Сондай гүлдер арасында камелия, монстера, азалия және гибискус сәттілік пен бақыт, табыс әкеледі.


Мерген

Аталған белгі иелері үшін айрықша пішінде, ерекше түсті гүл ашатын бөлме өсімдіктері таптырмас нұсқалар. Жеке өмірде бақытқа қол жеткізгісі келетін Мергендерге сермене гүлін өсіруді ұсынамыз. Рухани өсуіне де осы гүлдің әсері мол.


Тауешкі

Бақ пен байлық, махаббат пен бақыт шақыру үшін Тауешкілер үй ішін жасаңшөп, литопс, фикус гүлдерімен көмкеруге тиіс. Аталған өсімдіктер иесінің көңілін көтеріп, жай-күйін жақсартатын жағымды аура туғызады.


Суқұйғыш

Белгі иелерінің болашағы мен бүгініне сәттілік әкелетін бөлме өсімдігі – сүттіген. Ол қаржылық тұрақтылыққа жеткізіп, жалпы денсаулық жағдайын жақсартады.


Балықтар

Олар үшін ең жақсы сәйкес келетін бөлме гүлі – орхидея. Шаршауын басып, шабыт шақыруына, махаббат пен мансап жолында қалағанына қол жеткізуіне ықпалы зор. Жағымсыз эмоция мен негативті энергиядан арылуына да көмектеседі.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

2021 жыл қандай болмақ? Коронавирус кетіп, карантин біте ме?

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет