ОСЫНЫ жасасаңыз, ТАБЫСЫҢЫЗ бірнеше есеге артады

0
3 055

Әрекетсіз отырсаңыз, сізге қарай келе жатқан қаражат басқа бағытқа бұрылып кете береді.


ОСЫНЫ жасасаңыз, ТАБЫСЫҢЫЗ бірнеше есеге артады

Нумерологқа жүгінетіндердің басым көпшілігінің басты мәселесі – қаржылық жағдайы екен. Яғни, екінің бірі ақша шақырғысы, табысын арттырғысы келеді. «Бұл – мүмкін нәрсе. Бірақ, сиқырға сенудің қажеті жоқ, әр адам өзі әрекет ету керек» дейді сала мамандары.

Әрекет ету керегі түсінікті, ақшаның аспаннан жаумайтыны онсыз да белгілі. Бірақ, қандай әрекет, мәселе осында. Нумерологтар әркім өз нумерологиялық санына сәйкес іс-әрекетті жасағанда ғана жолы болып, қаржы каналы ашылып, табысының арта түсетінін айтады.

Алдымен туған күн, ай, жылыңыздың сандарын жазып, бір-біріне қосыңыз. 22-ге дейінгі сан шықса, сол күйі қалдырыңыз. Ал, шыққан мән 22-ден жоғары болса, сандарды тағы да бір-біріне қосып жіберіңіз.

Шыққан санға сәйкес сипаттаманы оқып, соған сай әрекет етіңіз.


1 – «Қалай ақша табамын?», «Қаражатсыз қалсам, қайтемін?» деген сияқты мазасыз ойларға жол бермеңіз. Өмірге жеңіл әрі еркін қарауды, қиындықтарды қалыпты қабылдауды үйреніңіз. Сонда қаржы табу да оңайлай түседі.

2 – бойыңызды кернеген эгоизмді басыңыз. Адамдарға сенуді үйреніңіз. Сонда ғана ақшаға қатысты бұғаттар ашылады.

3 – ата-анаңызбен арақатынасты жақсарту жолында еңбектеніңіз. Оларға деген өкпе-ренішіңіз болса, жүректен жіберіңіз. Өзіңіз көңілдерін қалдырған жеріңіз болса, кешірім сұраңыз. Айналаңызға (үйде, жұмыс орнында) өз талғамыңызға сай сұлулық орнатыңыз.

4 – әр сөзіңіз бен ісіңіз үшін жауапершілік арқалап үйреніңіз. Қате жіберсеңіз, оны мойындап, түзету дағдысын да қалыптастырыңыз. Сондай-ақ, әкеңізге барынша жақын болыңыз.

5 – үнемі жаңа білім алуға ұмтылып, даму үстінде болыңыз. Білгеніңізбен бөлісіңіз, білмегендерге үйретіңіз. Отбасылық қарым-қатынасты нығайтып, жылулық пен махаббатты күшейтіңіз. Сіздің қаржылық ағыныңыздың кілті осы құндылықтарда.

6 – адамдарға манипуляция жасау, сенімсіздік таныту және қанағатсыздық, пайдакүнемдік – бойыңызда бар жаман қасиеттер. Осыларды жоймасаңыз, ақшаның келуі азайған үстіне азая бермек. Өзіңізбен жұмыс жасап, жаман мінезбен күресіңіз, сонда кіріс те көбейеді.

7 – алдыңызға мақсат қойыңыз. Оның бәрін қағазға түсіріп, жету жоспарын жасаңыз. Әр қадамды анық әрі нақты етіп жазыңыз да, бастап кетіңіз. Әрекетсіз отырсаңыз, сізге қарай келе жатқан қаражат басқа бағытқа бұрылып кете береді.

8 – сізге өмірдің барлық саласына баланс орнату керек. Эмоцияңызбен, мінез-құлық, әдеттер, ақшаға қатынас – бәрімен жеке-жеке жұмыс жасау керек. Тепе-теңдік, үйлесім орнағанда ғана табысыңыз молая түседі.

9 – сүйікті ісіңізді жасауда шеберлігіңізді арттырып, соны кәсіпке, кіріс көзіне айналдырыңыз. Білгеніңізді білгісі келетіндерге үйретіңіз. Сонда ақша ағыны ашылады.

10 – жаратылыстың сіздің жағыңызда екеніне, маңдайыңызға жақсы өмір жазылғанына сеніңіз. Айналаңыздан тағдыр берген белгілерді байқауды, берілген мүмкіндіктерді дер кезінде пайдалануды үйреніңіз. Сонда ғана жетістік те, табыс та көп болады.

11 – дауласуды доғарыңыз. Өзіңіздікі дұрыс екеніне 100 пайыз көзіңіз жетіп тұрса да, «Сіздікі жөн» деп жол беруді үйреніңіз. Күш-жігеріңізді бос дау-дамайға, конфликтке емес, спортпен айналысуға, басқа да пайдалы іске жұмсаңыз.

12 – сізге ыңғайсыздық туғызатын, ұнамайтын, зиянын тигізетін нәрсенің бәрінің бетін қайтарып, адамдарға «жоқ» деп айтып үйреніңіз. Өзіңізге деген сенімділікті арттырыңыз.Құрбан рөлінен шығып, өзіңізге қатыстының бәріне жауапкершілік арқалауға дағдыланыңыз. Адамдарға, әлемге пайдасы тиетін сүйікті ісіңізбен айналысуды қолға алыңыз.

13 – бастаған ісіңізді соңына дейін жеткізбей, тастап кететін әдетті доғарыңыз. Ұсақ-түйекке бола бас қатыруды да қойыңыз. Өткеннің елесінен арылып, бүгінгі күнмен өмір сүруді, өзгерістерді қалыпты қабылдауды үйреніңіз.

14 – бойыңыздағы қызғаныш, көреалмаушылық сияқты жағымсыз қасиеттермен күресіңіз. Оның орнына өзіңді ұстау, шыдамдылық секілді қасиеттерді қалыптастыруға күш салыңыз. Сүйікті ісіңізді анықтап, оған уақыт бөлу, шабытты шақты ұстап қалып, шығармашылықпен айналысу ақшаңыздың көбеюіне айтарлықтай ықпал етеді.

15 – өзгенің үлесіне, несібесіне көз салмаңыз, оңай олжаға құмартпаңыз. Бүгін молынан асап қалғанмен, ертең-ақ бәрі қолдан сусып, құралақан қаласыз. Қалталы, табысты болу үшін сіздің ақшаға деген қатынасыңыз, ой-ниетіңіздің таза болуы маңызды.

16 – өмір ұсынған әрбір нәрсеге, мейлі ол жақсы болсын, жаман болсын, шүкіршілік пен рақмет айтуды үйреніңіз. Рухани даму мен жаратылыстың заңдарын, тағдырдың тартуын ризашылықпен қабылдау сізге келетін ақша ағынын көбейтеді.

17 – ашық-жарқын, өзгелерден ерекше болудан қорықпаңыз. Адамдарға Күн секілді шуақ шашыңыз. Сізді және сіз жасап жүрген жұмысты адамдар қаншалықты байқап, бағаласа, соншалықты табысыңыз да арта береді.

18 – бойыңыздағы ақшаға қатысты және басқа да барлық қорқыныштарыңызды жойыңыз. Содан соң қаншалықты дәулеттің иесі болғыңыз келетінін ойша жобалап-жоспарлаңыз. Оған жету стратегиясын құрыңыз да, іске кірісіп кетіңіз. Осындай нақты әрекеттер мен қадамдар ғана сізді байлық жолына жетелейді.

19 – көзге түсуден қорықпаңыз. Бойыңыздағы барлық қабілетті пайдаланып, көшбасшы болуға ұмтылыңыз. Адамдарға пайдасын тигізетін қызметтің құлағынан ұстасаңыз болғаны, жетістік пен табыс сізді өздері-ақ іздеп келеді.

20 – жақындарыңызды олар қандай – сол қалпында қабылдап, шынайы жақсы көріңіз. Арақатынасыңызды реттеп, түйсігіңізге сеніңіз. Өзгерістен қорықпай, жаңашылдыққа ұмтылыңыз. Өміріңіз еш жаңалық ұсынбаса, өзгерісті өзіңіз жасаңыз.

21 – несие алудан және біреуге қарыз беруден барынша аулақ болыңыз. Қалыптасқан қағиданың, орнатылған ереженің, сызылған шаблондардың шегінен шығып, өз жүрегіңіздің қалауын жасаңыз. Үлкен жобалардың жауапкершілігін арқалаудан қорықпаңыз. Осындай ауыр жүк арқалағанда ғана еңбегіңіздің есесі көл-көсір ақшамен қайтарылады.

22 – өзіңізді еркін сезінуді үйреніңіз. Қандай нәрседе сізге тыйым салынған, кімге тәуелдісіз – бәрін жоюға күш салыңыз. Басқалардың да бостандығын шектемеңіз. Әсіресе материалдық дүниеге тәуелді болмаңыз. Қаншалықты еркін болсаңыз, несібеңіз де соншалықты молая бермек.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

КӨЛІКТІ ЕҢ ШЕБЕР және ЕҢ НАШАР жүргізетіндер кімдер?