Отбасындағы орныңыз қандай?

0
3 022


Отбасындағы орныңыз қандай?

Әркімнің өмірде алар өз орны бар. Отбасында да сондай. Туа біткен мінез-құлқына немесе өзге де жайттарға (қызметіне, табысына, т.с.с.) қатысты жанұяда да өзіндік атқаратын рөлі қалыптасады. Астрологтардың айтуынша, оны адамның жұлдыз белгісіне қарап та анықтауға болады екен.

Тоқты

Тоқтылар отбасында маңызды рөл ойнап, кімнің нендей міндетті атқару керектігін бөледі, яғни, басшылық қызметті атқарады екен. Қолына қомақты қаржы түссе, үйінің қажеттіліктеріне жұмсауды ойлап тұрады. Балажан әрі қонақжай Тоқтының қызмет барысында бәрі ойдағыдай, табысы мол болып тұрса, отбасына көбірек көңіл бөліп, қуаныш сыйлауға құштар болады.

Торпақ

Өте еңбекқор Торпақтар отбасын қаржымен қамтамасыз етуді өз мойнына жүктеп алады. Олар үшін жақындарының ешнәрсеге мұқтаж болмай өмір сүруі бәрінен маңызды. Нәзік жанды Тоқтылар асхананың ханшайымы атанып, туыстарын тәтті аспен таң қалдырудан шаршамайды. Бұл үйге келетін әрбір қонақ оның аспаздық шеберлігін аса жоғары бағалайды.

Егіздер

Реніш пен ұрысты ұнатпайтын Егіздер өзгенің ықпалымен жүретіндер қатарынан емес. Үнемі өз дегенін жасап, өзгеге салмақ салудан бойын аулақ ұстайды. Бір кемшілігі, отбасы мүшелеріне берген уәдесін орындауға асықпайды. Тіпті, орындамауы да мүмкін. Себебі, ұмытшақ. Осындай кемшілігіне қарамастан, жақын жандарының алдында сыйлы, құрметке ие. Өйткені, отбасын шаттық пен қуанышқа кенелте біледі.

Шаян

Олар — отбасының психологы. Өзгелерді тыңдап, қиындығын бөлісу, құнды ақыл-кеңес беру Шаяндардың қолынан келеді. Соңғы ақшасы қалса да, көмек сұрап келгеннің қолын қайтармайды. Ас үйде де шебер. Тек олардың көмегін бағалап, дер кезінде алғыс айтқан дұрыс. Өйткені, еңбегі тиісінше бағаланып, мақтау сөз естіген сайын көңілдері көтеріліп, жаңа іске деген құлшынысы арта түседі.

Арыстан

Өте мейірімді жандар. Тек, отбасына өзі ғана билік жүргізгенді қалайды. Егер әлдекім оған қарсы шығып немесе жасағанын бұрысқа шығарса, нағыз даудың туары анық. Арыстандар үнемі мақтау естіп, алғысқа бөденгенді ұнатады. Тіпті, кемшілігі болса да. Ал, қаржы мәселесінде ертеңін ойлауды білмейді. Өйткені, табысы жоғары, әмиянынан ақша үзілмейді. Отбасында бірде қатал ата-ана образында, енді бірде балалармен достарша сырласады. Бәрі көңіл-күйіне байланысты.

Бикеш

Өте еңбекқор. Керек болса, кешке дейін жұмыста болып, түнделетіп үйдің шаруасын атқарады. Олар үшін бүгінгі шаруаны ертеңге қалдыру деген ұғым жоқ. Ал, қаржы мәселесінде үнемшілдік таныта біледі. Көңіл көтеру немесе қымбат бұйым сатып алудың орнына, үйді қажеттілікпен қамтамасыз етуді құп көреді. Олар үшін басты назарда — үйдегі жайлылық. Бала тәрбиесінде жауапкершілігі жоғары ата-ана.

Таразы

Жаңалыққа жаны құмар жандар. Олар үшін қажеттіліктің бәрі дер кезінде табылуы тиіс. Сондықтан, жиі дүкен аралауға дағдыланған. Ал, үй шаруасында нағыз хас шеберлер.

Асүйдегі Таразы білікті аспаздан кем түспейді. Қандай да бір мәселе талқыға түссе, қажетті жерде өз пікірін білдіруден тысқары қалмайды. Бірақ, соңғы шешім қабылдауды өмірлік серігіне сеніп тапсырады.

Сарышаян

Отбасында беделді. Себебі, олар дер кезінде қажетті әрі дұрыс шешім қабылдай алады. Сол үшін де отбасының өзге мүшелері қай істе болмасын оның пікірімен санасады. Жанұяның ішкі бюджеті өзінің бақылауында. Отбасылық бақытты жоғары бағалап, үйдің тыныштығы мен берекесі үшін тынымсыз еңбек етуге үйренген.

Мерген

Өмір сүруге деген құштарлығы тым биік. Қонақ күтуге келгенде, бәрінің алдын ала жоспарлы түрде болғанын қалайды. Жүрген ортасына қуаныш сыйлауды мақсат тұтатын Мергеннің қонақтық кезінде шағын концерт ұйымдастырып жіберуі де ғажап емес.

Бала тәрбиесінда барлық жайтты назарда ұстауға тырысады. Отбасыны қаржымен қамтамасыз етуді көбіне өз мойнына артып алады.

Тауешкі

«Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген қағиданы ұстанады. Қандай жағдай болмасын, шығар ең дұрыс жолды таба алады. Тазалық мәселесіне жіті назар аударады. Отбасы мүшелерін де жинақылыққа үйретуден еш жалықпайды. Қаржы тұрғысына келгенде, Тауешкілерді табыстылар қатарына жатқызуға болмас. Бірақ, келген кірісті орнымен жұмсауды біледі.

Суқұйғыш

Олар үшін отбасылық қарым-қатынас бәрінен жоғары. «Бастысы, сенім. Арада өтіріктің болмауы маңызды. Сонда ғана жанұя бақытқа кенеледі» деген түсінікте. Қызметіне беілген жан болса да, жақындарына көбірек көңіл бөлуге тырысады. Отбасында ерекше сый-құрметке ие болғанымен, өз дегенін жасатуға тырыспайды.

Балықтар

Ерекше мейірімді жандар. Осы қасиеті оны үлкеннің де, кішінің де алдында құрметке бөлейді. Жақындарын үнемі қолдап, ақыл-кеңесін аямайды. Қажет кезінде олардың пікірімен санасуды да естен шығармайды. Отбасындағы келіспеушіліктерді ушықтырмай, бейбіт жолмен шешкенді құп көреді. Ал, үй шрауасын көңіл-күйіне қарай атқаруға әдеттенген.