СӘТСІЗДІККЕ көп ұшырайсыз ба, оның себебі МҰНДА

0
4 970

Оны астрологтар нақты айтып бере алады.


СӘТСІЗДІККЕ көп ұшырайсыз ба, оның себебі МҰНДА

«Осы неге менің үнемі жолым болмайды?» немесе «Неге бәрі жақсы болып келе жатады да аяқ астынан бірдеңе болады да тұрады?» деген сияқты ойлар сізде де бола ма? Асылында, әр адам өміріндегі сәтсіздіктер мен бақытсыздықтарға өзі айыпты. Жұлдыз белгілері жағынан қарасақ, жолын жауып, бақытсыздық орнататын затты көбіне өзімізде сақтап жүреді екенбіз.

«Әрине, оның қандай зат екенін білсек, жанымызға жолатпаймыз ғой» деп отырсыз ба? Ендеше, біліп алыңыз...


ТОҚТЫ

«Өлі» заттар – кепкен немесе жасанды гүл, жануарлар , мүйіз, құс қауырсыны, т.с.с.


ТОРПАҚ

Ескі-құсқы заттар – антиквариат бұйым, ескі жиһаз, сыймайтын киім, біреулер сыйлаған, қолданылмай тұрған сыйлықтар, т.с.с.


ЕГІЗДЕР

Басқа ададмардың заттарыбіреудің үйде ұмытып қалдырған бұйымы, сыйлаған дүниесі, ауыстырып алған зат, т.с.с.


ШАЯН

Қиыншылық кезінде сатып алынған заттар. Олар өз бойына сол кездің ауыртпашылығын, жағымсыз энергиясын сақтайды.


АРЫСТАН

Қайтыс болған жақынының бұйымы. Біреулер үшін ол қымбат естелік, дүниеден қайтқан кісінің көзі болуы мүмкін ал Арыстандар үшін мұндай заттар сәтсіздік шақырады.


БИКЕШ

Кетік кесе, жарықшақ түскен ыдыс, майысқан қазан, экраны сынған телефон, т.с.с. бүтіндігі сақталмаған заттар.


ТАРАЗЫ

Өзіне қуаныш сыйламайтын, керісінше көргенде көңілі түсетін, ұнатпайтын, нашар естеліктермен байналысы бар кез келген зат олардың жолынт байлайды.


САРЫШАЯН

Бір кездері жақын араласқан, қазір арасы алшақтаған не араздасқан жандармен байланысы бар естеліктері бар бұйымдар.


МЕРГЕН

Олардың жолын байлайтын – зат емес, әрекетсіздік. Эмоция сыйлайтын, жаны қалаған іс-әрекеттер болмаса, жетістік те, сәттілік те жоқ.


ТАУЕШКІ

Сыңарсыз қалған заттар – о баста екеу болған, кейін бір сыңары жоғалған шұлық, сүйретпе сияқты бұйымдар.


СУҚҰЙҒЫШ

Ұнамсыз сыйлықтар. Қандай жақын жаныңыз сыйласа да, өзіңізге ұнамаса, оны сақтаудың қажеті жоқ. Ол сізде сәтсіздік әкеледі.


БАЛЫҚТАР

Көрер көзге сүйкімсіз, көңілге қорқыныш ұялататын картина, интерьер бұйымдары т.б.

Егер сіздің жұлдыз белгіңізбен үйлеспейтін осындай заттар үйіңізде бар болса, олардан тезірек құтылуға асыққаныңыз жөн.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

Оқи отырыңыз:

Бұл сізге күш беріп, ойыңызды жинақтауға көмектеседі