Сізге БАҚЫТ әкелетін не екенін білесіз бе?

0
3 639


Сізге БАҚЫТ әкелетін не екенін білесіз бе?

фото: womoninred.ru

Біреулер қолында барын, қойнындағы баласын бар бақытына балайды. Базбір пенделер оны ақша мен байлықтан іздеп жатады. Енді біреулер денінің саулығына не басының амандығына шүкіршілік айтып, соны барым-бақытым деп бағалап, соған қанағат тұтып жатады. Ал, Сіз ше? Сіз бақытты қайдан іздейсіз немесе не нәрсе бақытты сездірте алады? Мұны білгіңіз келсе, төмендегі жұлдызнамаға көз жүгіртіңіз. Өзге біреуді бақытқа бөлегіңіз келсе де оның жұлдыз белгісі мен осы жорамалды басшылыққа алуыңызға болады.


Тоқты

Әдетте, Тоқтылар — біреумен бәсекелесе отырып өсуді қалайтын өр кеуде жандар болып келеді. Ендеше, оларға не бақыт сыйлауы мүмкін? Әрине, ол — бәсекелестерінен оқ бойы озық тұрғанын сезіну және өзгелерге соны дәлелдеу. Жеңіс үлкен бе, кіші ме — маңыздысы ол емес. Бастысы — алда және жеңімпаз болу. Осы нәрсе оларды шексіз бақытқа кенелтеді.


Торпақ

Эмоционалдық ләззат алу — Торпақтарға бар керегі осы. Олар өте сезімтал келеді. Сондықтан, әдемі заттардан әсерлену, жылы сөздерге жібіп кету, дәмді тамаққа айрықша тамсану, кішкентай ғана сыйлықты көріп балаша шаттану олар үшін өте оңай. Кез келген кішкентай ғана жағымды нәрсе үлкен эмоция ағынын туғыза алады. Осының нәтижесінде Тоқтылар көбіне күйзелістен, уайымнан ада болып, бақыттан жүзі бал-бұл жайнап жүреді.


Егіздер

Жақын адамдарымен сөйлесу, сырласу Егіздерге естен кетпес әсер сыйлайды. Тіпті, алыстағы жақынымен телефон арқылы тілдесіп, даусын естігеннің өзіне бақытты бола салады.


Шаян

Шаяндар жақын адамдарының ыстық ықыласы, махаббаты, қолдауынсыз өзін бақытты сезіне алмайды. Табиғат оларды солай жаратқан: жүрегі нәзік, жаны жараланғыш. Қаталдық пен сынаққа толы тағдыр жолын жалғыз өзі қасқайып жүріп өте алмайды. Міндетті түрде алдынан сүйрейтін, артынан сүйемелдейтін, қажет жерінде қолдап-қолпаштайтын жандар қажет. Сонда ғана бақытты күн кеше алады.


Арыстан

Арыстандардың бойындағы ең басым қасиет — эгоизм, өзімшілдік. Бақытының қайнар бастауы да осы. Аталған белгі иелері үшін өзін-өзі жоғары бағалаудың маңызы зор. Өзіне берер бағасы төмендесе, бақытсыздыққа душар болғанай сезінеді.


Бикеш

Өмірлік маңызы зор күрделі де күрмеуі қиын мәселенің шешімін табу Бикештерді өлшеусіз бақытқа кенелтеді. Ол мәселе кімдікі болғаны маңызды емес — өзінікі не өзгенікі. Бастысы, дұрыс шешімді Бикеш тапса болғаны. Сондай-ақ, көп құпияның сырына қанық болған сайын өзіне деген ризашылығы да арта түседі.


Таразы

Таразылар жалғыздықты сүймейді, көпшіл. Сондықтан, жалғыз кезінде жағдайы қандай жақсы болса да, оны бағалай бермейді. Тек, көңілді, позитивті, уақытын пайдалы нәрсеге жұмсайтын, іш пыстырмайтын адамдар арасында ғана өзін бақытты сезіне алады.


Сарышаян

Сарышаяндардың есінде жағымды әсер мен бақытты сәттердің сақталып қалуына ықпал ететін — әдемі әуен ғана. Үндердің үйлесімділігінен айрықша ләззат алады. Сондай-ақ, жанға жайлы ырғақ аясында жасаған әрбір ісі оңай да олжалы болатыны бар. Сондықтан, өзін толықтай бақытты сезінуі үшін достарымен ән тыңдауға не ән салуға жиі барып тұрғаны дұрыс.


Мерген

Бұл белгі иелеріне сәтті сауда бақыт сезімін сыйлай алады. Нақтырақ айтсақ, сауда-саттық жасаудың өзі емес, қандай да бір затты өз құнынан төмен бағаға алғандығы. Осы себептен төмен бағалар науқаны мен жеңілдіктер тұсында өзіне-өзі ие бола алмай қалуы мүмкін. Иә, бұл кезең оны өлшеусіз бақытқа бөлейді. Бірақ, соңыра қалтадағы қаражат таусылғанда не алған затының аса қажет еместігіне көзі жеткенде қайтадан еңсесін бақытсыздық басуы мүмкін екенін ұмытпаған жөн.


Тауешкі

Тауешкілер табиғатынан өте еңбекқор келеді. Ірілі-ұсақты шаруалардың басын шалып жүріп, әбден шаршайды. Сондықтан, олар үшін ең тәтті арман — ұйқы болса, ең бақытты шақ — ұйқысы қанып оянған кезі.


Суқұйғыш

Суқұйғыштар — үнемі жаңаны тануға, жаңа әсер алуға ұмтылатын жандар. Жаңа білімнің арғы жағынан жаңа әлемнің есігі ашылатынын жақсы біледі. Сондықтан, өзін-өзі дамыту мен жаңаны танып-білу жолындағы кез келген мүмкіндікті құр жібермеуге тырысады. Өміріне, өзіне, жанына қажет бақыт сезімін дәл осы процесс барысында алады.


Балықтар

Шығармашылық Балықтардың бойында бұрқырап жатқан қабілет. Алға қойған барлық мақсаттары шығармашылық жолымен байланысты. Эмоцияға берілгіш, сезімтал жандар үшін өзі жасап жатқан ісінен қуат алудың қаншалықты маңызды екені белгілі. Балықтар үшін де солай. Олар үшін бақыттың қайнар көзі — шығармашылық жолындағы ізденіс, атқарған істері және өзгелерге ұсынған тың туындылары.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ