Сізге қай ТІЛДІ меңгеру ОҢАЙ БОЛАДЫ

0
1 456

Мұны білсеңіз, шетел тілін оқып-үйрену сізге оңайға түседі


Сізге қай ТІЛДІ меңгеру ОҢАЙ БОЛАДЫ

Қазақстан халқы үшін басты деп саналатын тілдер үштігін «беске» меңгеріп алған болсаңыз да, тағы да басқа тілдерді оқудан жалықпаңыз дер едік. «Бұл маған неге керек? Ешқандай пайдасы тимейді» деп бас тартпаңыз.

Қадыр Мырза-Әлінің өз тіліңді құрметтей отырып, өзге тілдің бәрін білуді насихаттаған өлеңі өз уақытында да, бүгінгі кезде де өте өзекті. Себебі, тіл үйренудің пайдасы шынында көп. Ана тілмен қоса басқа да әлем елдерінің бірнеше түрлі тіліне жетік болу адамның көкжиегін кеңейтеді. Қызмет, мансап, жетістік, табыс тұрғысынан да; Көзқарас, дүниетаным, рухани байлық жағынан да; Миды қозғау, ойлау қабілетін жақсарту, ақыл-ой еңбегін шыңдау үшін де.

Сондықтан, адам әр жасында бос уақыты мен күші болса, тіл үйренуге жұмсағаны өте тиімді болар еді. «Қандай тілді таңдаған дұрыс?» десеңіз, астрологтардың айтары дайын. Олар әр адамның жұлдыз белгісіне қарап, өзі үшін игеру оңайға түсетін, болашақта өмір жолында кездесетін тілдер тізбесін ұсынады.


ТОҚТЫ – НЕМІС және ЖАПОН тілдері

ТОРПАҚ – ИТАЛЬЯН және АРАБ тілдері

ЕГІЗДЕР – ИСПАН және НОРВЕГ тілдері

ШАЯН – ФРАНЦУЗ және ПОРТУГАЛ тілдері

АРЫСТАН – ҚЫТАЙ және ФИН тілдері

БИКЕШ – ФРАНЦУЗ және КӘРІС тілдері

ТАРАЗЫ – АҒЫЛШЫН және ИТАЛЬЯН тілдері

САРЫШАЯН – ДАНИЯ және УКРАИН тілдері

МЕРГЕН – ФИН және ИСЛАНД тілдері

ТАУЕШКІ – КӘРІС және ЛИТВА тілдері

СУҚҰЙҒЫШ – НОРВЕГ және АҒЫЛШЫН тілдері

БАЛЫҚТАР – ШВЕД және ОРЫС тілдері


Жаңа білім игеруді осы тілдерден бастасаңыз, оқу процесі жеңіл әрі пайдалы болады.

Дайындаған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Үйдің нөмірі иесінің БАҚЫТЫ мен ТАБЫСЫНА қалай әсер етеді?


Өзіңізге деген СЕНІМіңізді не «сындырады»?

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет