Сізге қандай гүл БАҚЫТ сыйлайды?

0
2 778

Гүл де иесін бақытты ете алады...


Сізге қандай гүл БАҚЫТ сыйлайды?

Гүлдердің өзі өсіп тұрған ортаның ауасы мен аурасына жағымды ықпалы зор. Сондай-ақ, кей гүл түрлері баптаушысына бақыт та сыйлайды екен. Дәл сіздің өміріңізге бақыт пен қуаныш әкелетін қай гүл екенін білгіңіз келсе, мархабат.


Тоқты

Белгі иелері қай ортада болсын жарқ етіп көзге түсетін жарқын бейнелілер. Олардың табиғатына шегіргүл және орхидея сай келеді. Аталған өсімдіктер иесіне сабыр мен жан тыныштығын сыйлап, өміріне ризашылығын арттырып, санасын сергітеді.


Торпақ

Табиғаты нәзік, сезімтал Торпақтар үнемі айналасынан қолдау мен қорғауды қажетсінеді. Белгі иелеріне мұндай қамқорлықты бөртегүл мен қазтамақ гүлдері береді. Сырт көрінісі бірден көздің жауын алмаса да, жағымды жұпары иесіне позитивті әсер сыйлайды.


Егіздер

Өзге белгі иелерінен терең ойымен, табиғи талантымен, асқан білімдарлығымен ерекшеленеді. Осы жаратылысына дала гүлдері, беде мен көкнәр өсімдіктері сай келеді.


Шаян

Отбасын бірінші орынға қоятын жандар. Лала және раушан гүлдері олар үшін бойтұмар іспетті. Аталған гүл түрлерін күтіп-баптаған сайын отбасының берекесі артып, шаңырағы шаттық пен махаббатқа тола түседі.


Арыстан

Бұл белгі аясында туғандарға үйде магнолия немесе орхидея өсіруге кеңес береміз. Бұл гүлдер өте ерекше және жұмбақтығымен иелеріне сәйкес келеді. Аталған өсімдіктер Арыстандарға жиі жетіспей жататын төзім мен сабыр сыйлайды.


Бикеш

Бикештердің гүлі – күнбағыс пен түймедақ. Дәл осындай қарапайым гүлдер ғана қажет кезінде белгі иелерінің менменсіген кеудесіне, алып-ұшқан көңіліне аздап су бүркіп, басып тұрады. Сол арқылы өміріне тыныштық әкеледі.


Таразы

Белгі иелері бар көңілін шегіргүл мен раушангүлдеріне аударса жақсы болар еді. Бұл гүлдерді бойтұмары ретінде қабылдап, бар жан-тәнімен баптаса, өзіне сенімді, тартымды бола түседі. Бұл көп ретте екінші жартысымен арадағы қарым-қатынасын жақсартуға ықпалын тигізеді.


Сарышаян

Белгі иелерінің өміріне қалампыр гүл көптеген жағымды әсер, позитивті ықпалын тигізеді. Егер аталған гүл табылмаса, оның орнын раушан гүлімен алмастыруға болады.


Мерген

Еркіндікті жоғары бағалайтын Мергендердің гүлі – нәркес. Олар иесінің жан-жақты дамуына, жақындарымен жақсы қарым-қатынас орнатуына көп көмегін тигізеді.


Тауешкі

Аталған белгі иелерінің өмірінде қиындықтар көп кездеседі. Тағдырдың сынағына жиі ұшырайтын Тауешкілерге кедергілерді жеңіп шығуға қалампыр және ақжиде (итжидек) гүлдері көмектесе алады.


Суқұйғыш

Тұла бойы қуатқа толы, көпшілік ортада бірден көзге түсетін белгі иелеріне де өзі сияқты гүл керек. Сондықтан, назарын шегіргүл және мимоза гүлдеріне аударса құба-құп. Аталған гүлдер сырласына және өміріне сәттілік әкелетін бойтұмарына айналады.


Балықтар

Сезімтал, жан-жүрегі нәзік Балықтарға ақгүл (жасмин) және нәркес гүлдері лайық. Олардың көмегімен белгі иелерінің рухы асқақтап, ішкі күші артып, өмірге жаңаша, позитивті көзқараспен қарай бастайды.

Егер өз жұлдыз белгіңізге сай гүлді өсіруге орын тар, күтіп-баптауға уақыт тапшы болса, оқа емес. Өз гүліңіздің суретін жұмыс үстеліне картинка түрінде қойып қоюға болады. Немесе компьютер, смартфон экранының басты бетіне сақтап алыңыз.

Аударған: Ару Мұхамеджан,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Жұлдызнама: Сізге қандай кеңсе құралын қолдану қажет?