Тез баюдың жолын таппай жүрсеңіз, жұлдызнамадан біліңіз

0
4 151

Бұл болжамда қайтсеңіз кәсібіңізді өрге домалатып, кіріс көлемін арттыруға болатынын біле аласыз.


Тез баюдың жолын таппай жүрсеңіз, жұлдызнамадан біліңіз

фото: rsute.ru

Біреулер қай істі қолға алмасын, көп ұзамай табысты болып, байып шыға келеді. Енді біреулер бел жазбай еңбек етіп, тынбай тырмысып жүрсе де, шекесі бір шылқымайды. Себебі неде екенін білесіз бе? «Өзгенің кәсібі өрге домалап бара жатқанда, менікі неге бір орында тұралап қалды?» деп бас қатырып жүрсіз бе? Бәлкім, Сіз өз жұлдыз белгіңізге сай әрекет етіп жүрмеген боларсыз? Мол табыс пен жетістікке апарар алтын жолыңызды тапқыңыз келсе, оны да ескеру қажет.


Тоқты

Басты басымдығыңыз – энергетика. Сіз нағыз идеялар генераторысыз, ойыңызда әлемді мойындатуға болатын көптеген жарқын идеялар мен жоспарлар бар. Тек, соның бәрін ой жүзінде қалдырып қоймай, энергетикаңызды қажетті бағытқа бұру қажет. Өз идеяларыңыздың қайсысы жүзеге асыруға оңтайлы, қазіргі өмірде қажеттірек, сұранысқа ие болуы ықтимал – міне, осының бәрін таразылаңыз. Ішінен басымдығы мен артықшылығы көп деген бір-екеуін ғана таңдап алыңыз. Ал, әр идеяның соңынан еріп, әр нәрсенің басын бір шалып жүрсеңіз, энергияңыз да, жұмсаған уақыт пен қаржыңыз да босқа кеткен шығын болады.


Торпақ

Молшылық өмірге қол жеткізу үшін сізге бір-ақ қадам жасау жеткілікті, ол – атыңызды шығару. Иә, сізге тер төгіп еңбек етуден, бірнеше жылдық тәжірибе жинау мен өз имиджіңізді қалыптастырудан, тұтынушылар сеніміне кіруден де бұрын керегі – жарнама. Бұл үшін өзге біреулерден хабар таратуын өтініп, жарнамаға ақы төлеудің қажеті жоқ. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда» (Қ.А.) деп кіріссеңіз, көп ұзамай-ақ сұраныс та, табыс та артады.


Егіздер

Кез келген істе Сіз үшін ең бастысы – өзіңізбен үйлесімділікте өмір сүру, жан тыныштығы. Екі оттың не екі ойдың ортасында жүрсең, жаның мен ойың тыныш болмаса, мұндай күйде табысқа да, жетістікке де жету мүмкін емес. Сондықтан, ең алдымен өз ішіңізге үңіліңіз, жан сарайындағы арпалысты басыңыз. Өзіңіздің басты қалауыңыз не – соны анықтаңыз. Негізгі мақсат пен алынуға тиіс асуды айқындап алсаңыз, оған жеткізер жолды жүріп өту Сіз үшін қиындық туғызбайды.


Шаян

Жеке кәсіп не қызмет орныңызда бәрі жақсы болып көрінсе де, ұсақ-түйектің бәрін назардан тыс қалдырмауға тырысыңыз. Табысты да биіктерді бағындырған тұлға болу үшін сырт келбет, сапалы киім мен аяқ киімнің тазалығы да айтарлықтай рөл атқарады. Олар сізге өзіңізге сенімді болу үшін қажет. Ақша Шаяндарға келгенде өзіне сенімді және тәуекелге бас тігуден тайсалмайтындарды таңдайды.


Арыстан

Сіздің жетістігіңіздің басты құпиясы – тәртіпке бағынушылық. Қызметпен қатар, жеке өміріңізге де пайдалы әдеттерді көбірек сіңіріңіз, зиянды әдеттердің белең алмауын үнемі қадағалап отырыңыз. Күн сайын алға қойған мақсатқа қарай жақындататын тым болмағанда бір қадам жасауды міндетті санаңыз. Себебі, сіздің жағдайыңызда биіктерді бағындырудың басты кілті – күн сайынғы, кішкентай болса да үздіксіз қадамдар.


Бикеш

Сіз адамдармен қалай тіл табысу керектігін білесіз. Бұл – табыс пен жетістікке жету жолындағы басты қасиеттердің бірі. Алдыңыздан барлық есік пен достық құшақтарды айқара ашатын кілт те сол. Кәсібімді өрге домалатып, өз сферамда алдыңғы қатарлылардың бірі боламын десеңіз, досыңызбен ғана емес, бәсекелеспен де жақсы қарым-қатынаста болып, олардың да тілін табуға тиіссіз.


Таразы

Сіздің байлыққа апарар жолыңызды жабатын – жалықтыратын жұмыс, күнделікті қайталанатын күйбең өмір. Биіктерді бағындырып, үлкен жетістікке қол жеткізгіңіз келсе, өміріңізді өзгертіңіз. Жылдар бойы қалыптасқан өмір салтына жаңашылдықтар енгізіп, жарқын әсерлер мен жаңа эмоцияларға жол беріңіз. Айналадағы адамдардан ерекше болудан, жаңаның дәмін татып көруден қорықпаңыз. Байлық пен билік кілтін сол жаңалардың арасынан табасыз.


Сарышаян

Финанстық жағдайыңызды жақсарту үшін өзіңізді жаңа нәрселермен сынап көріңіз. Немесе жаңа бір ілім не өнер үйреніңіз. Кітап оқу, фильм қарау немесе саяхатқа шығып, ел-жер көру де таным көкжиегіңізді, ой-өрісіңізді кеңейтіп, жаңа идеялар ағынын ашады. Үйреншікті жағдайларға жаңаша көзқараспен қарау, әдеттегі мәселелердің өзгеше шешімін табу Сізді табысқа жетелейді.


Мерген

Қандай жетістікке жеткіңіз келеді? Қаржы қорыңызда қанша сома болғанын қалайсыз? Осы сұрақтардың жауабын нақтылап, жоспарыңызды айқындап алыңыз. Себебі, сіздің қажетті жолды тауып, табысқа жетуіңізге септігін тигізетін – нақтылық пен құлшыныс қана. Егер мақсатыңызды анық көре алсаңыз, оған барынша шынайы қарайсыз, шындап ұмтыласыз, ақшаны орынды жұмсау, үнемдеу мен жинауға қатысты көзқарасыңыз өзгереді. Нәтижесінде, бұрынғыдан да көп тауып, аз жұмсайтын боласыз.


Тауешкі

Кез келген бастамаңыздың табысты болуы үшін оның бір басымдығы болуға тиіс. Ол – ерекшелік. Кез келген, тіпті, күнделікті жасап, көріп, естіп жүрген қарапайым нәрселердің өзіне өзгеше жолмен келуге тырысыңыз. Басқалар салған сүрлеуге түспей, өзіңіздің дара жолыңызды тауып, сонымен жүрсеңіз, жолай жетістікті де, табысты да жолықтырасыз.


Суқұйғыш

Бел қайыстырып, тер төгіп жасайтын ауыр еңбектен бас көтеріп, айналаға қараңыз. Қаншама қызықты жаңалықтар, жобалар болып жатыр. Зер салыңыз, өзгеше, жаңаша ойлайтын адамдар қоғамды өзгертуге қалай тырысып жатыр? Үңіліп көріңіз, оларға қолдау мен көмек қажет емес пе екен? Қажет болса, қол ұшын созуды бастаңыз. Жасаған жақсылығыңыз сиқырлы күші бар алғыс ретінде, табыс пен жетістік түрінде өзіңізге қайтып келеді.


Балықтар

Кей адамдарға арман-тілегінің орындалуы үшін оны ғаламдық кеңістікке айтып жеткізудің өзі жеткілікті болып жатады. Сіз солардың қатарынансыз. Визуализацияның күшін пайдаланыңыз. Жоспарларыңызды, арман-мақсатыңызды аспанға ғана қарап емес, айналаңыздағы адамдарға да айта беріңіз. Естуге тиісті құлаққа жетеді. Ғаламдық кеңестік көмегі мен қолдауын дәл сол адамдардың бірі арқылы жібереді.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

Дереккөз: www.ellegirl.ru