Ұстаздың ұстамы мен білімін, біліктілігін жұлдызынан білуге болады

0
1 757

Сондай-ақ, «болашақта ұстаз боламын» деген арманды арқалағандар да өзінен қандай маман шығатынын біле алады.


Ұстаздың ұстамы мен білімін, біліктілігін жұлдызынан білуге болады


Фото: multiurok.ru

Бұл күнді бәрі күтеді. Оқушы сыныптастарын көруге, ұстаз шәкіртімен қауышуға асығады. Ал, бұл екеуінің қатарына жатпайтындар мектеп қабырғасындағы алаңсыз жылдарын еске алып, осы күні оқу ордасына қарай асыға басып бара жатқан сәтін тағы бір рет сезінгісі келетіндей. Әңгіменің қай күн туралы екенін біліп те отырған боларсыз. Әрине, «Білім күні» деп белгіленген 1 қыркүйек.

Осы мереке қарсаңында ұстаздар жұлдызнамасын ұсынғымыз келеді. Бұл жорамал ұстаздар қауымын да түсінуге, ата-аналармен арадағы қарым-қатынас нығая түсуіне себеп болады деген ойда екен жорамал жасаушылар. Сондай-ақ, «болашақта ұстаз боламын» деген арманды арқалаған оқушылар да өзінен қандай маман шығатынын біле алатын көрінеді.


Тоқты

Оларда қызықты да жасампаз идея көп. Оқушылар арасында түрлі ойын-сайыстар өткізгенді ұнатады. Балалардың оқуға деген ынтасын осы арқылы ашуға тырысады. Сабақ үстінде тез ашуланатын ұрысқақ мұғалім болғанымен, кек сақтамай, тез ұмытады. Шәкірттерінен тек шындықты талап етеді. Алдында қанша бала отырса да, бөліп-жармайды, бәрін тең көреді. Мұндай ұстаздан тәлім алған балалар тез шешім қабылдап, жылдам әрекет етуге әдеттенеді.


Торпақ

Қырсықтығы мен бірбеткейлігі атан түйеге жүк боларлықтай ұстаз. Жылдық, айлық, апталық сабақ жоспарынан еш ауытқымайды. Жүйкесі темірдей төзімді көрінгенімен, жөнсіздіктер орын ала берсе, шыдамының шегіне жеткенде оқушыны да, ата-ананы да аямайды. Сондай-ақ, оқушылардың сабаққа дайындықсыз келуін де кешірмейді. Балалардан тұрақтылық (сабаққа күнделікті дайындалу) пен тыңғылықты болуды (қойылған сұрақа толық әрі жан-жақты жауап беру, шығарма жазу тапсырылса, дәптер толғанша жазу) талап етеді. Үй тапсырмасын да үйіп-төгіп береді. Есесіне, мереке кездерінде балаларды сауық кеші, би кеші, тәтті-дәмдіге толы дастархан жаю арқылы барынша еркелетеді.


Егіздер

Директормен де, әріптестермен де, тіпті, алдындағы балалармен де әзілі жарасатын ұстаз. Әр баламен жеке жұмыс жасап, бәрінің тілін табуға тырысады. Оның сабағында 45 минуттың қалай өтіп кеткені байқалмайды. Балаларға өздік жұмыс пен бақылау жұмысын еш ескертусіз тапсырғанды дұрыс санайды. Сондай-ақ, көшірмені кешірмейді. Қандай тапсырма берсе де, ғаламтор не кітаптан көшіріп келгендер емес, аз болса да өз қиялымен, шығармашылықпен жұмыс жасағандарды жоғары бағалайды.

Табиғатынан түсіндіру қабілеті жақсы қалыптасқан. Сондықтан, қай пәннен сабақ берсе де, тиісті білімді ұғынықты етіп жеткізе алады.



Шаян

Шаян-ұстаздармен ата-ана да, бала да абайлап сөйлескені жөн. Әр сөздің астарынан ілік іздеп отырады, ренжігіш. Бір оқушының қылығы шамына тисе, сабақты сол жерден тоқтатып, басшылыққа «мен бұл сыныпқа сабақ бермеймін» деп шағымдана салуы мүмкін.

Сабақты баяндау, мазмұндау, әңгімелесу формасында өткізгенді жөн санайды. Оны тыңдау оқушыларға да ұнауға тиіс.



Арыстан

Атының өзі айбатты бұл белгі аясындағы мұғалімді барынша ашуландырмауға тырысқан абзал. Әйтпесе, «жұтып жібере саларлық» қауқары бар. Әдепсіздік пен тәртіпсіздікке тым қатал. Ал, сыйластық танытқан ата-анаға туысындай қарайды. Бұйрығына бағынған баланы басынан сипайды.

Мектептегі ең сүйікті орны – акт залының сахнасы. Жұрттың назарын өзіне аударғанды жақсы көреді. Бірнеше оқушының басын қосып театр үйірмесін жүргізсе, балалардың талантын ашып, шығармашылығын шыңдайды. Өйткені, дәл осы жұмысты бар жанын салып жасайды. Тіл мен әдебиет, математика, физика, тарих, әлемдік көркемөнер мен музыка салаларында керемет ұстаз бола алады. Бастауыш сынып балаларымен де жақсы тіл табысады.



Бикеш

Бикеш-мұғалімнің сабағына ешқашан кешікпеу керек. Ата-аналар жиналысына шақырса даде ертерек барғаны дұрыс. Өзі мектепке елден бұрын келетін Бикештер өзгелерден де уақытылы келуді талап етеді. Оқушыға қояр тағы бір талабы – тәртіп пен ұқыптылық. Кітап-дәптердің, оқу құралдарының таза, бүтін болуын жіті қадағалайды. Денсаулық та олар үшін алдыңғы орында. «Бір жерім ауырып тұр» деген баланың асты-үстіне түсіп, сабақтан босатумен қоймай, ата-анасына хабарласып, жағдайын сұрап, кеңес беруден де тартынбайды.

Өтірік айтқан және жалқаулық танытқан оқушыға «екілік» бағаны аяусыз қояды. Ал, талаптанып, талпынған баланы жақсы бағамен көтермелеп, алға жетелейді. Нақты ғылымдар, сондай-ақ технология және дене шынықтыру пәндерінен сабақ берсе, оқушылары да, өзі де үлкен жетістіктерге жетеді.



Таразы

Бір орында тыныш отыра алмайтын балаларды Таразының сабағында тек қана жаза күтеді. Қатты дыбыс пен айғай-шуға шыдамайды. Мектепке қандай ашумен келсе де, сырт келбетін бір мақтап жіберсе, жадырап шыға келеді. Сынып жетекшіңіздің белгісі Таразы болса, жолымның болғаны дей беріңіз. Олар қайта-қайта жиналыс жасамайды, оқушылар арасындағы ұрыс-төбелеске араласпайды. Сыныбын концерт пен театрға жиі апарып тұруға тырысады.



Сарышаян

«Әр баланың қабілеті әртүрлі» деген қағидаға түбегейлі қарсы. Барлық баладан жаңа сабақтың жүз пайыз меңгерілуін, тапсырманың «өте жақсыға» орындалуын талап етеді. Үздіктер мен «үштіктерді» бірдей алға жетелейді. Шамына тисең, аямай шағып алатын ұстаз. Сондықтан олардың сабағында тентектік жасамауға, ата-аналарға да балаларының еркелігін тыюға кеңес берер едік.



Мерген

Баламен бала болып, жасөспіріммен құрдас болып, барлық жастағылардың тілін таба алатын ұстаз. Оқушыларды табиғат аясындағы серуенге алып шыққанды ұнатады. Ондағы ойы – балаларға салауатты өмір салтын дәріптеу, табиғатпен етене жақын болуды үндеу, алау жағып, гитара тартып, ән салуға үйрету. Үнемі білгенімен бөліскісі келіп тұрады. Шәкіртінің бойына терең біліммен қатар, адамгершілік қасиет және өмірлік сабақ болар тәжірибені сіңіруді ұстаздық міндеті санайды. Ұстаз болғысы келген Мергендер әдебиет, география, шет тілі, тарих, қоғамтану немесе дене шынықтыру пәндерінің бірін таңдаса, қателеспейді.



Тауешкі

Тауешкі-мұғаліммен ешқашан сөз таластырмауға кеңес береміз. Ол қашан да өзінің дұрыстығын дәлелдеп шығады. Бұл қылығы жасы ұлғайған сайын беки түспесе, басылмайды. Сондықтан, абзалы – ол не айтса да, «дұрыс» деп бас шұлғи беру. Оның алдында жылаған оқушы аяушылық орнына ашуға тап болады. Қателік жасасаңыз, кешірім емес, «қалай түзете аламын?» деп ақыл сұраңыз.



Суқұйғыш

Мектеп қабырғасында білім ғана емес, тәртіптің де болуын талап ететін ұстаз. Қандай да бір себеппен сабақ кеш басталып қалса, үзіліс уақытын өзіне қосып ала салады. Бірақ, онымен уақыт көңілді өтеді. Балаларға стандартты біліммен қатар қызықты ойын, ән сияқты көңіл алдарлық нәрсе ұсынуды ұмытпайды. Оқушыларды өзімен тең көріп, досындай сырласады, кеңеседі. Сабақтан тыс уақытта да шәкірттерімен тығыз араласады.



Балықтар

Егер ұстазыңыздың жұлдыз белгісі Балықтар болса, ол өз мамандығын шексіз жақсы көреді деп біліңіз. Өйкені, бұл белгі иелерін мектеп табалдырығында сол ғана ұстай алады. Оқушылардың шуынан сынып қабырғасы шытынап кете жаздаса да, қыңқ демей шыдауға бар. Мүлдем төзе алмай кетсе, сыныптан шығып кетіп, балалар басылғанда бір-ақ кіреді.

Химия, биология, технология, информатика, шет тілі, музыка, бейнелеу, әлемдік көркемөнер пәндерінен білікті ұстаз бола алады.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ