Жазғы жөндеу жұмыстары: кім ЕПТІ, кімге шебер жалдау керек?

0
3 892


Жазғы жөндеу жұмыстары: кім ЕПТІ, кімге шебер жалдау керек?

ТОҚТЫ

Кәсіби құрылысшы болмаса да, жөндеу жұмыстары кезінде олардан еш кем түспейді. Қандай материал қолданған дұрыс, қалай үнемдеуге болады, түрлі лайфхактар – бәрін біледі. Асықпай, алдымен өз білгені мен түрлі ұсталардан сұрастырып естігенін саралайды, салыстырады, сосын барып іске кіріседі.


ТОРПАҚ

Оларды «жөндеу жұмысы» деген сөздің өзі әжептәуір састырады. Сөйте тұра, бар ерік-жігерін жинап кіріссе, қандай ескі ғимарат болса да жап-жаға етіп, жаңғыртып шығарады. Әдемілік, жайлылық, үнемшілдік және заманауилық – бәрінің үлесін тең ұстайды. Нәтижесінде ауыз толтырып айтарлықтай өзгерістер орын алады.


ЕГІЗДЕР

Аяқ астынан, еш жоспарсыз, дайындықсыз жөндеуді бастай салады. Ойына келсе болды. Белгі иелері ақша жинау өнеріне де аса шебер емес. Сондықтан не несие алып жасайды немесе ақшасы болған уақыттарда қадамдап жасай жүріп жылға созылып кетеді.


ШАЯН

Бастапқыда өзі жасайтын болады. Ыңғайын келтіре алмағасын, достарын шақырып алады. Қиялындағы мен іс жүзіндегі жұмыс екі түрлі болып жатқанына көзі жеткенде барып шебер жалдау туралы ойлана бастайды. Ақыр соңында не өзі елестетпеген, не басқалар күтпеген жаңартулар орын алады.


АРЫСТАН

Олар шаруа жасағанды емес, өзгелерге жасатқанды жақсы көреді. Сондықтан, жөндеу жұмыстарын да ақысын бөлеп, басқа кісілерге тапсырады. Ол – тегін жасап беретін туысы бола ма, жеңілдікпен жасайтын танысы ма әлде кәсіби ұста ма – бұл енді белгі иесінің қалтасына қарай шешілетін нәрсе.


БИКЕШ

Ұсақ-түйек түзету, жыл сайынғы косметикалық өзгертулер былай тұрсын, күрделі жөндеудің өзін еш қорықпастан бастап кете салады. Басынан-аяғына дейін бәрінің өз қолынан өткенін қалайды. Біреуге тапсыруға сенбейді әрі оған кететін шығынды да шамалайды. Зерттеп-зерделеп жүріп, жаңадан үйреніп алса да, үйіндегі кез келген жаңартулар өзінің шебер қолдарымен жасалады.

ТАРАЗЫ

Үй ішін жаңартқанды, жаңаша үлгідегі түсқағаз, басқа да әрлеу материалдарын таңдағанды, өз қалауынша дизайн құрастырып, түстер үйлесімін жасағанды ұнатады. Алайда шаң басқан бөлме, құрылыс материалдарының айналаны ластауы, бейберекет шашылған үйғ ұсталарды таңдау және олардың өз үйінде жүруі – бұл көріністерді ойлаудың өзінен шошиды. Сондықтан, жөндеу жұмыстарын жылда қолға ала бермейді.


САРЫШАЯН

Бәрін мінсіз жасауға тырысады. Күрделі жөндеу жұмысынан қорықпайды, ең кішігірім, болмашы өзгеріске де қуана біледі. Бір сөзбен айтқанда, жөндеу жұмыстарының барлық түрінен, әр сәтінен ләззат алады.


МЕРГЕН

Қолынан көп нәрсе келеді, жөндеу жұмыстарын сұрастырып, қарап жүріп-ақ үйреніп алады. Достарын көмекке шақырып, аталған шаруаны қызықты сауық күніне айналдырып жіберу де қолынан келеді. Мінсіз жұмыс күтпейді, көрінер-көрінбес кемшіліктерге көз жұмым, «ештеңе етпес» деп қол сілтей салады.


ТАУЕШКІ

Өз үй-жайын үнемі өзгелердікімен салыстырып жүреді. Содан да өзінікінен жақсы бір үйді көрсе, бірден жөндеу жұмыстарын бастап кете салады. Туысы, досы, көршісі, танысыныкінен де жақсы болып шығуына барынша тырысады. Өзгелердің ақыл-кеңесіне құлақ аспай, өз білгенінше жасайды.


СУҚҰЙҒЫШ

Жаңаны қабылдауға әрқашан әзір, ескімен оңай қоштасады. Сондықтан оларға үй дизайнын өзгерту, жиөаздарды жаңалау, көні бұйымдарды шығарып тастау өте оңай. Жөндеу жұмысын ойға алса болғаны, құрылыс және дизайн бойынша жаңашыл иделар іздеп, кітап, ғаламтор ақтарып кетеді. Аяқсыз қалдырмай, көңіліне қонғанын жасап, ақыр соңында ешкімде болмаған, жаңаша үлгідегі, заманауи өзгерістер орнатады.


БАЛЫҚТАР

«Жөндеу жұмысы» деген сөздің өзінен шоши бастайды. Бұл сөздің артында қаншама уақыт, еңбек, жүйке мен қаражаттың жасырынып тұрғанын жақсы біледі. Сондықтан өте зәру, ешқайда қашып құтыла алмайтын жағдайда ғана қолға алады. Оның өзінде негізгі жұмыс аяқталғанмен, жинау, тазалау, артық заттарды шығарып тастау деген сияқты шаруаларды аяқсыз қалдыруы әбден мүмкін. Немесе «керек болып қалар» деген оймен қалдық материалдарды да ұзақ сақтайды.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ