Жұлдызнама: Аспаздық шеберлігіңізге астролог қандай баға береді?

0
2 988

Бұл жұлдызнаманы жігіттер оқып, жар таңдауда ескерсе – үлкен көмек.


Жұлдызнама: Аспаздық шеберлігіңізге астролог қандай баға береді?

фото: st-gdefon.gallery.world

Тоқты

Олар үшін ас бөлмесі тамақ әзірлейтін орын ғана емес, шығармашылығын шыңдайтын шеберхана. Ал, әрбір тағам - өзінше бір өнер туындысы. Мұндай туындыны жасап шығару үшін аз уақыт кетпейді. Тоқтының да асығатын ойы жоқ. Сондықтан, осы белгі аясындағы адамды асханаға кіргізіп жіберіп, өзіңіз үстел басында ас күтсеңіз, ұзақ күтесіз. Әйткенмен, нәтижесі көңіл көншітерлік – асқазанды ғана емес, көзді де тойғызатын, эстетикалық ләззат сыйлайтын ерекше безендірудегі дәм болмақ.

Бірақ... мұндай өнер туындылары күнде туа бермейді. Тек Тоқтының шабыты шарықтаған кезде ғана. Басқа күндері олар рецепт іздеп, көкөніс тазалап, ас әзірлеуге ықылас таныта бермейді.


Торпақ

Торпақ, Тағам және Махаббат – бұл үшеуі егіз ұғымдай. Олар отбасына болсын, дос-туысқа болсын сезімін, құрметін дәмді ас ұсыну арқылы білдіреді. Үлкен махаббатпен, бар ынтасымен жасағандықтан, ең қарапайым тағамдарының өзі тіл үйіреді. Ең мықты аспаздардың басым көпшілігі осы белгіден шыққандар екендігін де айта кету керек.


Егіздер

Белгі иелерінің басым көпшілігі асты жақсы әзірлеу былай тұрсын, азық-түлікті таңдаудан да әлсіздік танытып жатады. Бірақ, асүйде ерлік жасауға ықылассыз емес. Сондықтан, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Аспаздық кітап, видеорецептермен қаруланып, жалқаулық танытпаған Егіздер түбінде жеңіске жетіп, нағыз аспаз болып шыға алады. Дәстүрлі, елдің бәріне бес саусақтай таныс тағам түрлерін әзірлеуден көрі, экзотикалық, ерекше, бірегей әрі күрделі мәзірлер дайындап ұсынғанды жақсы көреді.


Шаян

Олар асүйде тек қана жергілікті жерден шыққан, бала кезінен ішіп-жеп өскен азық-түліктерді қолданады. Және ғасырлар тезінен өткен, ата-бабасымен тексерілген дәстүрлі тағамдарды ғана әзірлейді. Әр ел асханасының дәмін тату Шаяндар үшін қызық емес. Себебі, жаңа мен бөтеннің бәріне күмәнмен қарайды.

Әйткенмен, асының дәмділігіне талас жоқ. Егер ол асты біреуге арнап әзірлесе, айрықша ықыласпен, бар ынтасы мен махаббатын салып жасайды.


Арыстан

Егер үйде өзінен басқа жан болса, Арыстанды ас үйге атпен сүйреп кіргізе алмайсың. Жанында өзге жан жоқ, ашыққаннан әл жоқ, ас әзірлеуден басқа жол жоқ кезде ғана бас сұғады бұл бөлмеге. Немесе, көңіл-күйі көтеріңкі болғанда.

Ал, көңілі соқса, бір күн бойы азық-түлік тасып, тағы бір күнді ошақ басында өткізіп, көп адамға мол дастарханды жай ғана жайып қоймай, жайнатып жібере алады. Ең дәмді дайындайтыны – ет тағамдары.


Бикеш

Бикештер ас әзірлегенді жақсы көреді және дәмі тіл үйірерліктей етіп дайындауды үйренгенше қайталап жасаудан жалықпайды. Қандай да бір тағамды дайындау қолынан келмесе, мұны өзіне үлкен сын деп түсінеді. Сондықтан, сәтсіздіктер оларды тек қамшылай түседі. Дәмді әрі дұрыс тамақтанудың түрлі әдістемелерінің авторлары әдетте Бикеш белгісінен болып келеді. Сонымен қатар, олар дәмді ғана емес, сапалы тамақтануды таңдайды. Соған сәйкес, бағасының қымбаттығына қарамастан, ең таза, ең пайдалы, зиянсыз деген азық-түліктерді ғана тұтынуға тырысады.


Таразы

Белгі иелері эстетикалық ләззат сыйлайтын тағамдардың табынушылары. Яғни, олар үшін дәмнен көрі сырт көрініс маңыздырақ. Сондықтан, азық-түлікпен қоса, безендіргіш қосымшалар үшін де аяусыз ақша жұмсайды. Жаңаның дәмін татып көруден ешқашан бас тартпайды. Тәтті мен ащыны, тұзды мен қышқылды үйлестіре отырып ерекше ас түрлерін әзірлеудің шебері.


Сарышаян

Олар дәстүрлі, ұлттық және күнделікті қарапайым ас түрлерін жақсы әзірлейді. Қандай да бір асты жасауда анасы мен әжесі, енесі үйреткен әдістерден таймайды. Ал тағамды түрлендіріп жасау, ерекше безендіру, күрделі рецептпен ас дайындау, жаңа мәзір түрлерін ойлап табу сындыларды босқа уақыт өлтіру деп есептейді. Сондықтан, оның дастарханынан айрықша асты, жаңаша дәмді мүлдем көрмеуіңіз мүмкін. Бірақ, бұл Сарышаяндар нашар аспаз деген сөз емес. Себебі, ұлттық, дәстүрлі тағамдарды дәмді дайындайтынын жоғарыда атап өттік.


Мерген

Мергендер үшін ас әзірлеу кезіндегі ықылас пен көңіл-күй маңызды. Өз қалауымен, айрықша махаббатпен дайындаса, дәміне сөз жоқ. Ондайда белгі иелеріне рецепт іздеп, азық-түлікті өлшеудің де қажеті болмайды. Жүрек қалауы мен интуиция, аспаздық шабыт – үшеуінің көмегімен-ақ ұшпаққа шығарады. Ал, қазан мен шөмішті міндетті болғандықтан ғана қолға алса, әйтеуір жеуге жарамды бірдеңе болып шығады.


Тауешкі

Олар үшін ас әзірлеуге келгенде алынбас асу жоқ. Ұлттық тағам, экзотикалық дәм, шетел асханасы дейсің бе – қолынан бәрі келеді. Бірақ, өзі дайындағанның бәрін ұната бермейді. Әсіресе, жаңа және бөгде елдің дәмдеріне секеммен қарайды. Тауешкі үшін ұлттық, дәстүрлі асқа жетері жоқ.


Суқұйғыш

Гастрономияны ғылым деп мойындайтын, сол себепті де ас әзірлеуде арнайы рецептен ауытқымайтын, әрбір азық-түлікті рецепте көрсетілгендей дәлме-дәл есептеп қосатын аспаз. Кей-кейде өз ойынан шығарып ас әзірлесе, оның өзі аспаздық біліміне, гастрономиялық заңдылықтарға негізделіп жасалады. Суқұйғыштың күнделікті мәзірінен дәстүрлі, ұлттық тағам да, күнде жей бермейтін жеңсік ас та, өзге ел асханасынан алынған дәм түрлері де табылады.


Балықтар

Аспаздық шеберлігінің деңгейі шабытқа байланысты өзгеріп отырады. Ең қарапайым тағамның өзіне өзгеше бірдеңе қосып, түрлендіріп әзірлегенді ұнатады. Онысы бірде сәтті шықса, енді бірде сәтсіздікке ұрындырып, тәтті ауыздың дәмін кетіріп жатады.

Сондай-ақ, Балықтардан рецепт сұрап әуре болудың, оны да әбігерге салудың қажеті жоқ. Себебі, олар ешқашан рецепті есте сақтамайды.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ