Жұлдызнама бойынша: адамдармен қарым-қатынасыңыз қалай?

0
3 710

Тоқты – «Бәрін реттеймін…» Тоқты белгісінде туылғандар жүріп-жүріп кейде «оянып» кететін тәрізді. Сөйтіп айналасындағы болып жатқан жағдайдың мәз еместігін байқайды да, «қазір бәрін реттеймін» деп кірісіп кетеді. Ол қажет пе, қажет емес пе, әйтеуір реттесе болды. Уақытының да сонымен кетіп қалатынын соңынан байқайды.


Жұлдызнама бойынша: адамдармен қарым-қатынасыңыз қалай?

Тоқты – «Бәрін реттеймін…»

Тоқты белгісінде туылғандар жүріп-жүріп кейде «оянып» кететін тәрізді. Сөйтіп айналасындағы болып жатқан жағдайдың мәз еместігін байқайды да, «қазір бәрін реттеймін» деп кірісіп кетеді. Ол қажет пе, қажет емес пе, әйтеуір реттесе болды. Уақытының да сонымен кетіп қалатынын соңынан байқайды.

Өмірін де солайша реттеп аламын деген оймен қайта жасап алмақ болып, көптеген қателікке жол береді. Сондықтан да достарымен немесе жақын жандарымен арасы үзіліп қалып жатады.

Торпақ – «Күмәнім бар...»

Торпақтардың сергіне немесе достарына көңілі бірден тола қоюы қиын. Сол сияқты, бірден шешім қабылдай қоюы да оңай емес. Оның көңілінен кетпейтін күмәнді тек шын досы немесе сүйіктісі ғана сейілте алады. Бірақ сейілту де оңайға соқпайды. Сондықтан да көп адамдармен арасы осы күмәншілдігі үшін суынып кетеді.

Егіздер – «Ренжідім...»

Жұлдызнама бойынша, ең жаны нәзік адамдар осы Егіздер белгісінде туылатын көрінеді. Өздеріңіз де сезіп отырғандай, Егіздердің қарым-қатынасты жалғастыра алмай орта жолдан үзіп ала беруі де осы өкпешілдігінен. Ол кез келген жағдайға өкпелеп қалуы мүмкін. Өзіне көп назар аударғанды қалайтын Егіздердің көңілін табу да оңай емес.

Шаян – «Бәрін кештім...»

Дәл Шаяндар сияқты кешірімді, жұмсақ жандар жоқ шығар бұл әлемде. Өте мейірімді, шыдамды, кешірімді. Қанша жерден өзіне ұнамай тұрса да, сыртқа сыр алдырмайтыны тағы бар. Өзгенің ықпалына көнгіш болғандықтан, одан серіктері де, басқалар да тез жалығады. Сол себепті де қарым-қатынастарын тез үзеді. Бірақ мұндай жанмен қарым-қатынасын үзгендердің көпшілігі кейін өкінетін болады.

Арыстан – «Маған бәрібір»

Арыстандардың жақын жандарымен арасын суытып алатындығының себебі – оның серіктесіне көп көңіл бөлмейтіндігі. Яғни, оған айналасындағылардың жағдайы бәрібір, оны ойлап әбігерлене қоймайды. Өзіне жақсы болса, жеткілікті. Сондықтан да қарым-қатынастың маңыздылығын кеш түсініп,өкініп жатады. Әбден арасы суынғанда ғана қолын кеш сермеп, өкініште қалады. Ал жаңа қарым-қатынаста тағы да сол «бәрібірлігіне» салып, ұмытып кетеді.

Бикеш – «Ұят емес пе?!»

Бикештер өз әлемін өздері құрып алатын жандар. Дегенмен, серігіне келгенде әлсіздеу. Себебі, оның ерсі қылықтары мен қателіктері, көпшілік ортада өзін-өзі ұстауы қынжылта береді. Оның ішіне жиналған қыжылдар үлкейе келе ақыры айырылысып тынуға жеткізеді. Бикештерге серік болғандар, оны ұнатқандар мен сүйгендер оның да қалауына сай бейімделуі тиіс. Әйтпесе, сол үшін арада көптеген кикілжің тууы да ғажап емес.

Ал Бикештің қалауына сай бол білсеңіз, олар алақандарына салып аялаудан ешқашан жалықпайды. Тіпті, сіз үшін ол бәрін де орындауға бар.

Таразы – «Көмегімді аямаймын...»

Қайырымдылықтың да шегі болатындығын Таразылар түсіне бермей ме әлде болмысы сол ма, әйтеуір, тым қолы ашық, мейірімділігінен-ақ көп ортадан қол үзіп қалады. Біреулер оның қайырымдылығын пайдаға асырса, екінші біреу оның сонысын аңқаулық, тәжірибесіздікке балап, сырттай мысқылмен қарайды. Түбінде Таразылар оны өздері де түсінеді де, өздері-ақ қарым-қатынасқа нүкте қояды. Өкініші де болады, әрине. Бірақ бойға біткен қайырымдылығынан қалайша бас тартсын?!

Сарышаян – «Айттым, болды!»

Сарышаян белгісінде туылғандар достармен, сүйіктісі және жақын жандарымен жылы қарым-қатынасты қалыптастыруда епсіз деуге болады. Оған бірбеткейлігі мен «Айттым, болды!» деген өзімшілдігі себеп болуы мүмкін. Аздап жұмсару, кешірімді болуы жетіспей жатады. Содан барып қарым-қатынасқа сызат түсіп, ақыры үзілуге әкеледі.

Бір өкініштісі, сонысын өзі де түсіне бермейтінінде.

Мерген – «Бәрін білем, бәрі есімде...»

Мергендерді сырттай бақылаған болсаңыз, олар өте іскер адамдар. Сонымен қатар, айналасындағылардың кемшілігіне де шыдамдылық таныта білетін ерекше қасиеті бар. Бірақ, ол бәрін де байқап жүреді. Оның назарынан ештеңе де тыс қалған емес және қалмайды да. Бәрін де есте сақтайды.

Сөйтеді де, бір күндері шыдамының шегі толғанда бәрін айтып салады. Бәрі де есінде екендігін білдіреді. Міне, осыдан барып жақын достары мен серігінң арасында сызат пайда болып, айырылысуға әкеп соғады.

Тауешкі – «Бұлай қалдыра салмаймын..»

Тауешкі белгісінде туылғандар өз кемшіліктерін де, артықшылықтарын да жақсы білсе керек. Олар қандай жағдай туындамасын, өз қалпын сақтай біледі. Мойынсұнған қалып танытып, шыдамдылық көрсетіп-ақ бағады. Бірақ...

Бірақ Тауешкі белгісінде туылғандар бәрін бұлайша қалдырып кете салмайды. Өзіне ұнамайтындығын соңыра айтып, көңілді қалдырады. Кемшілігі де осы, дер кезінде ойындағысын айтпай,жұрт көңілі жайлана бастағанда барып өз ойын білдереді де тұрып кете барады. Себебі, ол солай тәрбиеленген, солай үйренген. Осыдан-ақ көптеген жақын адамдарының көңіліне қаяу салып, соңы айырылысуға дейін барады.

Суқұйғыш – «Шыдамның да шегі бар»

Суқұйғыш жұлдызы астында туылғандарды өз шегінен шығару өте қиын. Ол қандай жағдай болмасын, иығын қиқаң еткізіп қойып, кейде күлімсіреп отыра береді. Тіпті, көпе-көрінеу ренжітіп жатқан адамды да түсінуге тырысып, бірден дау-дамайға бара қоймайды.

Суқұйғыш– жұлдызнама арасындағы ең бір бейбітсүйгіш, оңайлықпен ашулана қоймайтын белгі. Бірақ оның да шегі болатыны бар. Ашуы кемеріне келгенше шыдайды. Одан асқан жағдайда оның бетін ешкім қайтара алмайды. Бір көңілі қатты қалса, бітті, оны жазып алу да қиын. Одан өзі де, өзгелер де азап шегеді.

Серігі де оның оңайшылықпен ашуланбайтынын біліп, қалай шегіне жеткізіп алғанын байқамай қалады да, амалсыз айырылысады.


Балықтар – «Бір ауыз сөз...»

Балықтар мінезі жұмсақ келгенмен, қасында үнемі бірге жүргендермен бір мінезіне бола жараспай қала береді. Онысы – кім не айтса да, одан астар іздеп, оны жүрегіне жақын қабылдап алу. Сөйтеді де, оны ешқашан есінен шығара алмай қабағы қатуланып, реніштің тұңғиығына батып кетеді.

Үнемі сөзден ілік іздеп ренжи беретінді кім жақсы көрсін, серігі де сол себепті Балықтардан амалсыз бас тартады. Достары мен туыстарына да солай. Онысын өзі кеш түсінеді.
Бөлісу