Жұлдызнамасына қараңыз - КІМ қандай ӘЙЕЛ болады?

0
6 578

Бойжеткеннің жұлдызнамалық белгісі оның болашақта қандай әйел болатынын айтып бере алады.


Жұлдызнамасына қараңыз - КІМ қандай ӘЙЕЛ болады?

Тоқты

Рухы мықты, өзіне сенімді Тоқты бойжеткендер жігіттерге әмірін қалай жүргізу керектігін біледі. Тұрмыс құрғанда да отбасы тізгінін өзі ұстағысы келеді. Бойындағы тапқырлық пен көшбасшылық қасиеттерінің арқасында күйеуінің жақсы көмекшісі болады. Тіпті, ерінің мансабының жоғарылауына да көп үлесін қоса алады.

Қызғаншақтығы өз алдына бөлек әңгіме. Сынықтан сылтау іздеп, ерінің басқан ізі былай тұрсын, көзқарасының өзін аңдып жүреді.

Шаруаға ептілігіне келсек, олар – керемет аспаздар. Әйткенмен, ас бөлмесіндегіден өзге үй шаруасына ебі де, ықыласы да жоқ.


Торпақ

Олар үшін жігіттің материалдық жағдайы маңызды. Себебі, тоқшылық пен молшылықты, сенімділікті бәрінен жоғары қояды. «Еркек – түздің, әйел – үйдің адамы, еркек – отбасын асырушы, әйел – үйдің берекесін құраушы» деген көзқарасты ұстанады. Соған сәйкес, өзі жұмыс істеп, табыс таппаса да, азаматының табысты болуы үшін, оны қанаттандыру үшін барын салады. Ері бар керегін тауып беріп отырса, үнемдеп жұмсап, орнымен жарататын үйбикесі бола алады. Оның қолына отбасы бюджетін сенімді түрде тапсыра аласыз.


Егіздер

Бұл белгі аясындағы бойжеткендер өздерін нағыз ханымдарша ұстайды, алайда, ішкі әлемі мен ойы ерлерге ұқсас. Бәрін бақылауда ұстау, мәселенің дұрыс шешімін табу олар үшін оңай. Сондықтан, отбасында шаруақор, жақсы жар болумен қатар, жетекші рөлін де лайықты алып жүреді.

Ерінен көп нәрсе талап етпейді, ауладан үзіп алған бір тал гүл не таңғы ас секілді кішкентай сыйлықтың өзіне разы.


Шаян

Шаян бойжеткендер бала кезінен ақбоз атты ханзада мен тату-тәтті үлкен отбасыны армандайды. Бұл дүниеге отбасы мен ошақ қасының қамын жасау үшін келгендей. Ері мен балаларының алдындағы міндеттерін жақсы біледі және оны мүлтіксіз орындау үшін бәріне дайын. Күйеуімен жараспай, қарым-қатынас күйреудің алдында тұрса да, отбасын сақтап қалу үшін барын салады.

Күйеуінің туыстарының тілін тауып, бәрімен сыйласа біледі. Бұл – келінге ең керекті қасиеттердің бірі.


Арыстан

Арыстан-әйел – өз «сарайының» патшайымы. Олардан біреуге бас иетін, бағынатын әйел шығады дегенге сену қиын. Олар үшін «Әйел еркектен бір саты төмен тұрады» деген қағида ойнамайды. Не әйел бір саты жоғары, не ер мен әйелдің дәрежесі тең. Сондықтан, мұндай әйелмен бас қосқан еркек отбасын басқаруды соның қолына беріп, өзі екінші орынға түсуге, көмекші рөлін атқаруға дайын болуы тиіс.

Күнделікті күйбең, үй шаруасы да олар үшін емес. Жиі қыдыру, көпшілік жерден тамақтану, концерт пен театрдағы мәдени демалыс, қымбат киім мен әшекей, сыйлық – ерінен талап ететіндер тізімі мұнымен шектелмеуі де мүмкін.


Бикеш

Мінезі салмақты, сөзге берік, шаруға епті Бикештер керемет жар болады. Олардың үйі қашанда мұнтаздай таза, заттары жинақы. Үй ішінде тәртіп орната біледі, бәрін жоспармен жасағанды ұнатады. Отбасы мүшелерінің оларды қатаң сақтауын талап етеді.


Таразы

Таразы белгісіндегі арулар әр жігіттің арманындағы әйел бола алады: мейірімді, жұмсақ мінезді, артық сөзі жоқ, көнбіс. Асүйдегі шеберлігімен көпті таңқалдырады. Өздері өте балажан, кейде балалар үшін күйеуді екінші орынға ысырып тастауы да мүмкін. Құбылмалы, ауыспалы-төкпелі өмір салтын ұнатпайды. Олар үшін тұрақтылық, үйлесімділік пен тыныштық маңызды.

Ерінің өзіне көбірек көңіл бөлгенін қалайды. Күйеуі көп назар аудармай қалса, күйзеліске түсіп кетуі ғажап емес. Оны қорқытып басқару, сынап түзету мүмкін емес. Айтқанға көндірудің ең тиімді жолы – мақтау.


Сарышаян

Сарышаян арулар тартымды да қылықты. Қай жерде болмасын, елдің назарын өзіне аударып жүреді. Бұл өзіне ұнайды да. Сол себептен бір адамға басын байлауға асықпай, көбіне тұрмысқа кеш шығады. Ал, отбасын құрғаны сол екен, еріне шын берілген адал жарға айналады.

Әйткенмен, тұрмыстық түйткілдерді, отбасы жауапкершілігін арқалайтын сүреңсіз өмірге көндігуі қиын. Достарымен жиі бас қосуды, ойын-сауықты, саяхаттауды ұнатады. Болашақ күйеуінің қалтасының қалыңдығына айрықша мән береді.


Мерген

Олардың аты ғана емес, заты да мерген, көзі түскен жігітке махаббат жебесін дөп тигізіп, өзіне оңай қаратып алады. Онымен қоймай, арқа сүйеріне назын да, тілегін де, талабын да әдемі жеткізіп, орындатудың шебері. Шаңырағында береке мен жайлылық орната біледі, қонақ күткенді жақсы көреді. Әдетте, олардың өмір жолында жұмсақ мінезді, мейірімді, көп нәрсеге көз жұма қарайтын «ыңғайлы» күйеу жолығады.

Мерген арулардың көпшілігі тұрмысқа ерте шығады. Өзге жиырма бестегі бойжеткендер басы бос жүргенде, олар отбасын құрып, өзін келін, ана және қызметкер ретінде қалыптастырып үлгеріп жатады.


Тауешкі

Олардың ойында тату-тәтті, берекелі отбасының айқын суреті мен сипаты бар. Сол ойындағы отбасы бейнесіне жету үшін бәрін жасайды. Сөз салған жігіттерге келісім бермес бұрын оның өткені мен бүгініне ғана емес, ертеңінеде қарайды. Яғни, бүгінгі ісі мен сөзіне қарап, болашағын сеніп тапсыруға болатынын не болмайтынын болжайды.

Отбасын құрған соң күйеудің күтімімен, бала тәрбиесімен үйде отыруы екіталай. Тумысынан еңбекқор Тауешкілер үшін еңбек етіп, мансап жолын қуу маңызды.


Суқұйғыш

Жалындап кез келген бастамаға жанып тұратын, қашанда жүзінен күлкі кетпейтін көңілді жар – әр азаматтың арманы. Суқұйғыш бикештер осындай жар бола алады. Онымен тіл табысу, көңілін көтеру оңай. Оны-мұны айтып мыжымайтыны, күйеудің миын жемейтіні өз алдына бөлек артықшылық. Өмір жолында кездескен қиын мәселелерге мүжіліп кетпей, қасқайып қарсы тұра алатыны – күйеу үшін үлкен көмек.


Балықтар

Бұл белгі аясындағы арулардың жаны нәзік, жүрегі жұмсақ, қиялға берілгіш болып келеді. Олардың жанын түсінетін, алақанында аялап ұстай алатындар аз.

Бір жағынан бойында әртістік қабілет те басым келеді. Соның арқасында ер-азаматты әйелдік айламен басқару өнерін жақсы меңгерген. Мұндай өнерді орнымен әрі дұрыс бағытта қолданса, отбасылық өмірде көп жағдайда қажетке жарайтыны белгілі.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ