​Әйелдерді қалай тез қоздыруға болады?

0
5 271

Қарапайым жақындықты әсерлі әрі таңқаларлықтай ету үшін екі адам да бірдей әрекет етуі керек.


​Әйелдерді қалай тез қоздыруға болады?

Еркектер өздері сияқты әйелдердің құмарлығының тез оянғанын қалайды. Бірақ та әйелдердің жаратылысы солай, олардың сезімдері бірден ояна қоймайды. Нәзікжандыларды қалай төсекке дайындау керек? Олардың сезімін оятудың жолдары бар ма? Осы сұрақтар барлық еркекті мазалайтыны анық.

Қарапайым жақындықты әсерлі әрі таңқаларлықтай ету үшін екі адам да бірдей әрекет етуі керек. Әсіресе жігіттер жағы бұл мәселеге келгенде көбірек білгені артықтық етпейді. Егер дәл осы сәтті жіберіп алатын болса, бәрі де құрдымға кетуі мүмкін.

Ең алдымен неден бастау керектігіне мән беріңіз. Себебі әйелдер фортепиано секілді. Аталмыш аспапта ойнамас бұрын, оның нотасын жаттап, қай клавишаны қалай басу керектігін үйренесің. Сол секілді сексте де нәзіктік пен тәжірибе керек. Содан соң мына үш негізгі әрекетке көшесіз:

Дауыс: Еркектің баритон дауысы әйелдерді еліктірмей қоймайды. Әйелдің нәзік ыңырсыған дауысы ер адамдарды қалай қоздырса, дәл солай еркектің дауысы да нәзікжандыларға әсер етеді. Дегенмен, бұған да дайындалу керек. Даусыңыздың әдемі шығуына мән беріңіз. Әйелдерге ұнайтын дауысқа салып, оны да ыңырсытып, бір нотаға түсіңіздер.

Жақындау: Ер адамның қалай жақындағаны да маңызды рөл ойнайды. Бірден бас салып сүйесіз бе, жай ғана қолынан тартып өзіңізге жақындата түсесіз бе ол жағы өзіңіздің батылдығыңызға байланысты. Ең бастысы сіздің алғашқы әрекетіңізден-ақ қарсы алдыңызда тұрған әйел қоза түсуі тиіс. Мұны сіз еріксіз байқайсыз.

Белгі: Дауыс шығарып, бір-біріңізге жақындай түскеннен кейін оның сезім нүктесін оятқаныңызды немесе оята алмағаныңызды байқап көріңіз. Егер бұл әрекеттеріңізден түк шықпаған болса, қоздырудың басқа жолдарын қарастыруға тура келеді.


Мына нәрселер әйелдердің сезім нүктелерін тез оятады екен:

Комплимент айту. Ең алдымен әйеліңіздің қаншалықты әдемі әрі сүйкімді екенін, тартымды болып кеткенін айтып, оны өзіңізге жақындата түсіңіз.

Сонымен қатар, оның табиғи иісі мен көзқарасының ұнайтынын айту да артықтық етпейді. Мұндай әдемі сөздерді құлағына сыбырлап айтсаңыз да болады. Бұл этапта әйелдің сәл де болсын сезім нүктелері оянуы керек.

Сүйісу. Ерніне бірден жабыса кетпей, мойнынан, құлағынан сүйіп, содан кейін ғана жаймен ерінге жақындай түсесіз. Сүйісу өте нәзік басталады. Егер бұлай болмаған жағдайда әйелді өзіңізге жақындата алмайсыз.

Шешіну. Сүйіктіңіздің киімін тартқылай жөнелуге болмайды. Бұл ретте де нәзіктік керек. Әйелді шешіндірмес бұрын шашынан, қолынан сипап, белге қарай түсесіз. Содан соң белден төмен қол жүгіртсеңіз ол да қарсы бола қоймайтыны анық.

Масаж жасау. Егер әйеліңіз қарсы болмаса алдымен массаж жасап беріңіз. Бірақ асықпаңыз. Бірінші массажды арқадан бастап, бөксе бұлшықеттеріне, сосын қарынға жасай келе, көкірек тұсына да нәзік массаж жасайсыз. Осы уақытта әйелдің қозу нүктесі ашылып, ыңырана бастайды. Көкіректен аяққа қарай түсіп, қайтадан арқаға, көкірекке массаж жасауды жалғастырасыз. Алайда массаж тым ұзаққа созылып кетпегені абзал. Әйелдер массаждан да тез жалығады. Сол себепті де массажды дер кезінде аяқтап, іске кіріскен де дұрыс.

Әдемі әуен қойып, свеча жағып, романтикалық кештің сәнін келтіре аласыз. Өзіңіз де, әйеліңіз де бұл түннен айтарлықтай ләззат алып, келесіде өзі-ақ сізді төсекке икемдей жөнеледі.

Дайындаған: Жайна Тынышбек,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ТӨСЕК ҚАТЫНАСЫН жандандыратын тағамдар


Порнотәуелділікке шалдыққан жоқсыз ба?