ТӨСЕК ҚАТЫНАСЫН жандандыратын тағамдар

0
10 896

Төсек қатынасын жандандыруға, екі күннің бірінде сүйіктіңізді қалауға септігін тигізетін тағамдардың бар екенін білесіз бе?


ТӨСЕК ҚАТЫНАСЫН жандандыратын тағамдар

Асүй мен жатын бөлме біздің ең сүйікті бөлмелеріміз екені рас. Бірінде тынығып, демалатын болсақ, екіншісінен қуат аламыз. Екеуін біріктіретін болсақ, екі жастың арасындағы махаббат нығая түседі. Ендеше, қандай тағамдардың сезімдерді оятып, қажетті нүктелерге әсер ететін айтып өтейік.


Шоколадты кәмпиттер

Какао ұнтағына аунатылған шоколадты кәмпиттерді жатын бөлмеге алып кіруге болады. Себебі мұндай кәмпиттер аузыңызда ериді. Егер сіз кәмпитті әсерлі етіп, тіліңізбен жалап, сүйіктіңіздің көзінше жейтін болсаңыз, оның да сезімдері оянып, сізге жақындай түседі.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша сүйісу мен шоколад жеу кезінде екі ғашық бірдей сезімде, қозу нүктесінде болмайды екен. Екеуінен басым түскені шоколад жеу кезіндегі сезімнің шарықтауы болған. Олай болса, осылай да төсек қатынасын жандандыруға болады екен.


Жидектер


Бір уыс жидек сексуалдылықты арттырып қана қоймай, денсаулығы мықты, өте көңілді баланы дүниеге әкелуге көмектеседі дейді мамандар. Оның құрамындағы В және С дәрумендері құмарлықты оятып, сезімді өршіте түседі. Сонымен қатар, қан тамырларын босаңсытып, қанайналымды жақсартады.


Манго

Мангоның қоздырғыш хош иісі мұрынды жарады. Тіпті, нәпсіні оятып, қоздыратын әсері де бар. Әсіресе басталуы қиын қатынастарды тез-ақ жақындатып, төсекте бастарын қосады.


Інжір

Жатын бөлмеге кірерде інжір жеп жатыңыз. Ол үшін духовканы қыздырып, туралған інжірді сәл ғана майлап табаға саламыз. Сөйтіп пешке салып, бірнеше минут пісіреміз. Сосын інжірді жей беруге болады. Осындай десерттен кейін жатын бөлмеге аяңдай беріңіз. Сүйіктіңіз сізге риза болары сөзсіз.


Суши

Жыныстық жаттығулардың ойдағыдай болуы үшін суши де септігін тигізе алады. Мысалы, оның құрамындағы күріш адамға энергия берсе, ал балықта қоздырғыштарды оятатын омега-3 майлы қышқылдары бар. Егер жыныстық қатынастың жоғары деңгейде болғанын қаласаңыз, сүйіктіңізге де сушиден ауыз тигізіңіз.


Қарбыз


Қарбыз тек тәтті десерт қана емес, көңіл күйді көтеретін қасиеті бар дәнді-дақыл. Бұдан бөлек, қарбызда аминқышқылдары өте көп. Бұл аминқышқылдары ағзаға түскеннен кейін қан тамырларын босаңсытатын қасиетке ие болады. Осылайша жыныс мүшелерінде де қан жақсы айналып, сезім нүктелеріне әсер етіп, қоздыра түседі.


Асқабақ дәні

Асқабақ дәні де омега-3 майлы қышқылына бай. Ол денсаулыққа да, сексуалдық белсенділікке де пайдалы. Асқабақ дәні ер адамдардың қуық асты безінің жұмысын жақсартып, қозу нүктелерін оятады. Сондай-ақ, темір мен магнийге бай асқабақ дәні ағзаның тонусыни көтеретін кереметтей қасиетке ие.

Дайындаған: Жайна Тынышбек,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Порнотәуелділікке шалдыққан жоқсыз ба?


Еркектің көзге шөп салуына ӘЙЕЛ КІНӘЛІ МЕ?