​ӘЙЕЛдің төсектегі "ҚҰМАРЛЫҒЫ" ҚАН ТОБЫнан білінеді

0
6 911

Бұл қан тобындағы әйелдер шаршауды білмейді, жолбарыс секілді «тойымсыздық» да көрініс беруі мүмкін...


​ӘЙЕЛдің төсектегі

Төсектегі «мінезіңіз» қан тобыңызға қатысты екенін біріңіз білсеңіз, біріңіз білмейтін де боларсыздар?!

Бұған сену де, сенбеу де әр адамның өз еркінде болғанымен, адамның мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, тіпті, бойындағы сырқаттардың да кейбірі ата-анасынан берілетінін ойласақ, «қанында бар да...» деген сөзге сенбеске болмайды. Дәл сол сияқты қан тобының ерекшелігіне байланысты әр адамның темпераментін де жорамалдауға болады.

Төсектегі құштарлық, бойдағы қанның «ойнауы» қан тобынан екенін шетел ғалымдары да зерттеген екен.

Ендеше, біз көп созбай-ақ, қай қан тобының қандай ерекшеліктері бар екендігін айта кетейік. Яғни, ерлі-зайыптының арасындағы төсек қатынасының ыстық немесе салқын болуы, құмарлыққа тоймай ашығу мен тек қана ерлі-зайыптылық міндетім деп қана қараудың барлығы да әйелдің сексуалды темпераменті мен қан тобының әсеріне байланысты екендігін өзіңіз де бақылап көріңіз.


ҚАН ТОБЫ - І

І-топқа жататын болсаңыз, темпераментіңіз жоғары, төсектегі қимылыңыз ер-азаматыңызды «күйдіріп-жандырып», естен тандыра алатын әйелдің қасиеті бар бойыңызда. Төсектегі қатынас барысында сіз өте күшті бола аласыз. Шаршауды білмейсіз, жолбарыс секілді «тойымсыздық» да көрініс беруі мүмкін.

Әрине, сізге төсек қатынасының күшті құмарлықпен өткені маңызды. Бірақ, сіздің қайратты мінезіңізді есепке алсақ, оңайлықпен «дайындықсыз», аяқ асты бола кететін жыныстық қатынасқа жаныңыз қас.

Егер төсек қатынасына аңсарыңыз ауса, күйеуіңізді «тер төгіп» еңбек етуге мәжбүрлейсіз.


ҚАН ТОБЫ - ІІ

Егер сіз ІІ қан тобына жататын болсаңыз, І-тобына қарама-қарсы мінездісіз. Сізге карьера қуу аса маңызды емес, бірақ, өзіңіздің бас пайдаңыз үшін жұмыс істейсіз. Төсекте де дәл сондай жағдай. Күйеуіңізді жаныңыздан алыстатқыңыз келмегендіктен, оның қалауына қарсы келе алмайсыз және өзіңіздің қалауыңызды ішке жұтасыз.

Өзіңізді қатты жақсы көресіз, сондықтан, барлығын алдымен өзіңіз үшін жасайсыз. Күйеуіңізге еркелеп, оны төсекте қанағаттандыра аласыз. Алдымен өзіңіз ләззат алуды емес, ләззат сыйлауды ойлап тұрасыз.

Сіздің бойыңызда ыстық құмарлықтан гөрі, суық ақыл мен есепшілдік басымырақ. Сондықтан, көбінесе мұндай қан тобындағы әйелдер бизнеске бет бұрса жетістікке жетеді.

Сонымен қатар, төсек қатынасында жаңашылдық, түрлендіру секілді әр түрлі қалыптағы төсек қатынасын іздемейді. Оны сексуалдық жағынан қанағаттандыру қиындау, бұл оның төсекке тойымсыздығынан емес, салқынқандылығынан.


ҚАН ТОБЫ - ІІІ

ІІІ-ші қан тобындағы әйелдер жұбайлық өмірде жыныстық қатынасқа аса мән бере бермейді. Бірақ, бұл төсек қатынасын ұнатпайды деген сөз емес. Ол жатын бөлме «ойынын» жақсы біледі, қай кезде күйеуіне ләззат сыйлап, қай кезде өзіне көңіл бөлу қажеттігін түсінеді. ОРГАЗМға бірге жетуге бар күшін салады.

Ол жатын бөлмеде керемет «актриса». Бірде өте нәзік, ұяң әйелге айналса, бірде «жабайы аңның» қылығын жасай алады.

Ол төсектегі бірқалыптылықтан тез жалығады. Сондықтан, төсек қатынасын да түрлендіріп отырғанды мақұл көреді. Жаңашылдыққа құмар болғандықтан, күйеуінен де «төсектегі жаңашылдықты» күтеді.


ҚАН ТОБЫ - ІV

Бұл қан тобы жалпы сирек кездесетін қан тобы. Осы қан тобына жататын әйелдер жыныстық қатынасты «бүге-шігесіне» дейін біледі.

Күйеуін де комплекстерінен арылтып, оған сенімділік сыйлай алады. Еркіндік береді. Оргазмға оңай жете алады. Мұндай әйелдер төсекте эксперимент жасағанды жақсы көргендіктен, күйеуіне де айтқанын орындата алады және күйеуінің де қиялына, тән қалауын өзі қалағандай жасауына ерік береді.

Отбасылық мәселелерге атүсті қарамайды, «бұл еркектің жұмысы» деп оған ысырып қоя салмайды. Бірлесіп, ақылдасып шешкенді жақсы көреді. Сондықтан, төсекте де ер-азаматының қалауын сұраудан қысылмайды және оған жыныстық қатынастың шыңына шығуға мүмкіндік береді. Күйеуіне жайлылық, төсектен қанағаттанарлық сезімдерді сыйлай алады.

Ер-азаматы басқа жаққа мойын бұрмайды, мұндай әйел күйеуіне барлық жағынан жайлылық, марқаю сезімдерін сыйлағандықтан, күйеуінің де өзіне деген сенімі арта түседі.

НҰР ӘЛЕМ,

ERNUR.KZ

Оқи отырыңыз:


Жас босанған әйелмен ҚАНША УАҚЫТтан соң ТӨСЕК қатынасына баруға болады


Ерлі-зайыптының жас айырмашылығы ТӨСЕКте әсер ете ме?