Жас босанған әйелмен ҚАНША УАҚЫТтан соң ТӨСЕК қатынасына баруға болады

0
21 415

Бұл кеңес те негізсіз емес. Өйткені...


Жас босанған әйелмен ҚАНША УАҚЫТтан соң ТӨСЕК қатынасына баруға болады

Өмірге сәби келсе, ер-азаматты - әке, әйелді - ана атандырған сәттен бастап, отбасының күн тәртібі, өмірге деген көзқарастары, тіпті, ТӨСЕК ҚАТЫНАСына дейін айтарлықтай өзгерістер енеді.

Адамдар арасында әйел босанғаннан кейін ерлі-зайыптылардың арасында ақиқаттан гөрі, «аңыздарға» көп сенетіндер де кездеседі екен.


Сексопатолог дәрігерлердің айтуынша, мұндай аңыздарға сенудің қажеті жоқ. Егер сізді мазалап, шешімін таба алмай жатқан сұрақтарыңыз болса, тек қана дәрігер-маманның кеңесіне ғана жүгініңіз.


Жас босанған әйел қырық күн күтінуі қажет екендігін барлығымыз жақсы білеміз. Дәрігерлер де перзентханадан шыққан әйелге кемінде 6 апта төсек қатынасына бармауға кеңес беріп жатады. Бұл кеңес те негізсіз емес. Өйткені...


Біріншіден, әйелдің жыныс жолдары бала босанғаннан кейін өте нәзік, әлсіз, сезімтал болады. Сондықтан, әйелдің жыныс жолдарына қандай да бір инфекция түсетін болса, жылдам өрбіп, эндометрит пайда болуы мүмкін.

Бұл ауру босанудан кейінгі ең ауыр дерттердің бірі болып саналады.


Екіншіден, жыныстық жақындық барысында босану кезінде қан тамырларының да өзгеріске түсуіне байланысты, қан кету қаупі басым.

Әйел босанғаннан кейін 1ай, 1 ай 2 аптадай уақыт өткеннен соң, әлбетте, әйел міндетті түрде гинеколог-дәрігердің медициналық тексеруінен өтуі тиіс. Дәрігердің шешімі бойынша ерлі-зайыптылық міндетіңізді ары қарай жалғастыруыңызға содан кейін ғана болады.


Бірінші «аңыз»

Босанғаннан кейін бір, бір жарым жыл әйел күйеуіне жақындамауы керек. Себебі, ананың организмінде көптеген гармондық өзгерістер болады. Жүктілік кезеңінен бастап жүре бастаған өзгерістер босану процесінде, омырауға сүт жиналу секілді бұрын болмаған өзгерістер болады. Сондықтан, әйел ағзасы сырттан келген түрлі бактериялармен күресуге қауқарсыз болып, денсаулығын әлсіретіп алу қаупі бар. Босанғаннан кейін бала екі жасқа толғанша әйелдің жыныстық органдары қалпына келмейді екен...

Әрине, бұл жалған түсінік. Жаратушы өзі барлық нәрсені бір-біріне лайықты етіп жаратқан. Егер босану үрдісі ауыр өтпеген болса 6 аптадан соң төсек қатынасына баруға болады. Ал, сіз айтып отырған бала екі жасқа келгенше деген - ол жүктіліктен сақтану керек. Бірақ, бұл - жыныстық қатынастан бас тарту деген сөз емес.


Екінші «аңыз»

Әйел босанғаннан кейін омырау безіне сүт жиналуы да миға тікелей байланысты. Ал, менің қазіргі негізгі міндетім баланы ана сүтіне тойдыру.

Егер жыныстық қатынас жиі болатын болса, мидың сүт бөлу қызметіне қатысатын бөлігі аз жұмыс істейтін болады...


«Түнгі жұмыс» сүттің құрамына да, сапасына да, мөлшеріне де ешқандай кері әсерін тигізбейді. Себебі:

* Баланы ана сүтімен емізген кезде, шындығында бала өзіне қажетті сүтті шығарып алады. Жаратушының құдыреті сонда, емізулі ана баласының қанша және қандай сүт «тапсырыс» бергенін сезе алады. Балаға керегінше сүт жиналады.

* Емізулі ана «сүт дайындап шығаратын ферма» емес. Ол баланы бағып-қағудан бөлек, үйдегі және кейбір аналар жұмыстағы мәселелерімен шұғылданады.

Жыныстық жақындық та осындай күнделікті «жұмыстардың» бірі.


Қорыта айтқанда...

Бала өмірге келгеннен кейін әйелдің организмінде «қайта түлеу», қалпына келу үдерісі жүреді. Кіші жамбас бөлігіндегі жүйке талшықтары қайтадан «жаңа қалыпқа» үйренеді.

Оның үстіне, босанғаннан кейін әйелдер өте сезімтал бола түседі.

Жас босанған ананың көзіне қарап бақылаңызшы, олардың көзінде барлығын түсінуге тырысатынын, бойұсынуға дайын екендігін көруге болады.

Әйелдің тәнінен бөлек, рухани, психологиялық, эмоционалдық өзгерістер де бой көрсетеді.

Дүниеге перзенттің келуі ерлі-зайыптының арасын алшақтатпайды, керісінше, жақындата түседі.

Нұр Әлем,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Ерлі-зайыптының жас айырмашылығы ТӨСЕКте әсер ете ме?

БЕС жағдай ТӨСЕКТЕ ҚОЗУҒА КЕДЕРГІ келтіреді