Білмеуіңіз мүмкін: ​Еркек шәуетінің ӘЙЕЛ денсаулығына тигізер ҮШ ПАЙДАСЫ

0
51 687

Жыныстық қатынастан сақтанудың да зияны бар.


Білмеуіңіз мүмкін: ​Еркек шәуетінің ӘЙЕЛ денсаулығына тигізер ҮШ ПАЙДАСЫ

Әйелдердің жүктіліктен сақтану жолдарының түрі көп. Бүгінде ондай тәсілдердің 20-дан астам түрі бар көрінеді. Соның ішінде ептілікті және дер кезінде әрекет жасай білуді қажет ететін тәсілдердің бірі – аталық ұрықтың бөлінетін уақытында оны қынапқа жібермеу. Сақтану мүмкіндігі 100% болмаса да, мұны қолданатын жұптер жеткілікті.


Сонымен қатар, жыныстық қатынас кезінде мүшеқапты пайдалану да жүктіліктен сақтанудың бір жолы.


Бұл екі тәсілде де аталық ұрық әйел ағзасына енбейді. Ал мұның өзіндік зияны да бар көрінеді. Себебі, сақтану үшін аталық ұрықты қабылдамау – қынаптың микрофлорасын жайсыз жағдайға қарай өзгертеді.


Еркек шәуеті әйел ағзасына тұрақты түсіп тұруының 3 түрлі пайдасы бар.


ТЕЗ ЖҮКТІ БОЛУ ҮШІН жыныстық қатынаспен ҚАШАН, ҚАЛАЙ және ҚАНША РЕТ айналысу керек?

1. Жүкті бола алмай жүрген әйелдер үшін...

Қынаптың микрофлоралы қабатына түрлі пайдалы патогенді микроағзалар кіреді. Әртүрлі факторлардың әсерінен аталған микрофлора ондағы пайдалы бактерияларға теріс әсер етеді. Сақтанбаған жыныстық қатынас кезінде сперма қынаптағы бездерден бөлінетін сөлмен байланысқа түсіп, патогенді микробтардың санын азайтады. Қынаптың мкрофлорасы жақсара түседі.

Тағы бір пайдасы, жүкті болмай жүрген әйелдерге арнайы медициналық зерттеуден соң сақтанбаған жыныстық қатынасқа түсу кеңес етіледі. Бұл әйел ағзасындағы аутоиммундық реакцияны (көбіне бала сүйе алмау аутоиммундық реакциядан да болады) жою үшін жасалады.

Бұл жүйе қорғау қызметін атқарады. Ағзаға түскен патогенді вирустар мен инфекциялардан соң арнайы жасушалар – антиденелер түзіледі. Антиденелер антигендермен байланысқа түсіп, ол қан сараптамасында көрінеді. Егер некелі жұптарда осындай проблема байқалса, мамандар оларға сақтанбаған жыныстық қатынасқа түсуге кеңес береді.

Бұл тәсілдің пайдасы – сперматозоидтардың молекуласындағы ДНҚ-да. Ол қышқыл әйел ағзасын бейімдейді. Аутоиммунды рекакция төмендеп, антидене түзілуі кемиді. Яғни, әйел ағзасы еркектің спермасын қалыпты түрде қабылдай бастайды. Тірі сперматозоидтар әйелдің жатырына өте бастайды. Бұл әйелдің жүкті болу мүмкіндігін арттырады.


2. Шәует қынапты созылмалы етеді

Қынаптың өзі созылмалы екендігі белгілі. Қынап қабырғалары жиырылып-созылуы үшін көптеген бұлшықет талшықтарынан тұрады. Дегенмен, уақыт өте келе ол да созылмалы қасиетінен ажырай бастайды. Ал шәует құрамында қынап бұлшықеттерін созылмалы етуге көмектесетін коллаген болады.


3. Әйелдегі гормондық жүйе қызметін қалыпты етеді

Сақтанбаған жүктілік, яғни, қынап арқылы еркек шәуетін тұрақты қабылдау – әйелдердің гормондық жүйе қызметін қалыпты ұстап тұруға көмектеседі. Оған себеп – сперма құрамындағы заттар.

Ұрықтық сұйықтық қынапқа түскенде біршама бөлігі сіңірілетіні байқалған. Соның әсерінен эстроген гормонының мөлшері көбейеді. Ал эстроген әйелдердегі етеккір циклі мен репродуктивті жүйесіне жауап беретіні белгілі.


Міне, жоғарыда келтірілген себептер үшін дәрігерлер жыныстық қатынас кезінде еркек шәуетін табиғи жолмен әйел ағзасына енгізуге кеңес береді.

Дереккөз: doktorsos.com

иллюстрациялық суреттер: ашық дереккөзден

Дайындаған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ