​ТЕЗ ЖҮКТІ БОЛУ ҮШІН жыныстық қатынаспен ҚАШАН, ҚАЛАЙ және ҚАНША РЕТ айналысу керек?

0
321 295

Құрсаққа бала бітуі үшін жыныстық қатынастың жиілігі маңызды ма? Таңертең бе, кешке ме?


​ТЕЗ ЖҮКТІ БОЛУ ҮШІН жыныстық қатынаспен ҚАШАН, ҚАЛАЙ және ҚАНША РЕТ айналысу керек?

Қазір бәрі де жоспармен... Тіпті, балалы болу да... Жаңа үйленген жұптардың өзі балалы болуға жоспармен, арнайы дайындықпен кірісетіні жасырын емес. Оған түрлі себептер де бар. Денсаулық мәселесі, оқу, жұмыс немесе басқа да тұрмыстық жағдайларға қарайлайды. Дегенмен, некелерін қиған соң біршама уақыт құрсақ көтермей жүрген жас келіндер де көп, өкінішке орай...


Әлбетте, бұған ең алдымен денсаулық жағдайы себеп болса, енді бір себебі – некелі жұптар арасындағы төсек қатынасының «кінәсі» бар екендігін алға тартады мамандар. Сондықтан, тақырыпта айтылған сұрақтар мен басқа бірнеше сауалдарға жауап беріп көрелік.


Қай күндері жыныстық қатынаспен айналысу керек?


Аналық ұрықтың жетілуі немесе овуляция күндері жүкті болуға өте қолайлы күндер деп есептейді мамандар. Овуляция айына бір рет қана болады. Оны арнайы тест арқылы немесе базальды температураны тексеру арқылы білуге болады.

Әйелдің жыныс жолдарына түскен сперматозоидтер 120 сағат бойы ұрықтандыруға қабілетті болады. Ал ұрықтандырылмаған жасуша тек 24 сағат қана өмір сүреді. Демек, егер жыныс қатынас овуляция кезінің 1-4 күндері аралығында болса, жүкті болу мүмкіндігі жоғары.


ЕСКЕРЕТІН ЖАЙТ! Егер ұрықтандыру іске аспаса, овуляция кезеңінен 2 аптадан соң етеккір басталады.


Жүкті болу үшін жыныстық қатынаспен қанша рет айналысқан дұрыс?

Құрсаққа шарана бітуі үшін жыныстық қатынас аптасына 2-3 реттен кем болмауы тиіс, мүмкіндігінше... Егер күнаралата көк көрпені «бүлкілдетіп» тұрса, тіпті жақсы.


КЕҢЕС: Жүктілікті жоспарлап жүргендер етеккірден соң 10-шы мен 18-ші күндер арасында төсек ләззатынан күн сайын тоят тауыр жүрсе, нәтижеге тез қол жеткізеді. (Етеккір мезгілінің бірінші күнінен бастап саналады)


Аптасына 1-ақ рет жыныстық қатынасқа түсетіндердің жүктілікке қол жеткізу мүмкіндігі небәрі 10% ғана.


Қай кезде КҮН САЙЫН айналысу керек?

Иә, жүктілікке қол жеткізу үшін күн сайын жыныстық қатынаспен айналысуы керек күндер де бар. Ол – овуляция кезеңі басталғаннан бастап қатарынан 4 күн. Сонымен қатар, содан кейінгі 2 күнде жақсы нәтиже береді. Ал басқа күндері жұптардың қалауына қарай төсек қатынасынан ләззат тауып тұруына болады.


ҚЫЗЫҚ ДЕРЕК: Статистика бойынша, жыныстық қатынаспен күнде айналысатындар мен төсектен ләззатты күнара алатындардың жүктілікке қол жеткізу мүмкіндіктері бірдей екен.


Таңертең бе, кешке ме? Жүктілік үшін қай уақыт ыңғайлы?


Айырмасы жоқ. Таңғы төсек ләззаты ма әлде кешкі ме, жүктілік үшін екеуі бірдей. Дегенмен, аналық жасушаны ұрықтандыру қабілеті кешкі уақытта белсенді болатыны зерттеліп, анықталған. Яғни, аталық ұрықтың кешкі уақытта белсенділігі артады.


ЕСКЕРЕТІН ЖАЙТ! Егер еркекте сексуалдылық жағынан проблема болса, онда жүктілік үшін жұптардың таңертеңгі уақытта жыныстық қатынаспен айналысқаны дұрыс. Себебі, мұндай жағдайда еркектердің бойында құмарлығының оянуына себеп болатын тестостерон гормоны көбірек бөлінеді.


Қандай поза дұрыс?

Жүктілік үшін белгілі бір поза жоқ. Мән беретін жайт – жыныстық қатынастан соң аталық ұрық сыртқа ағып кетпеуін қадағалау қажет. Осы жағдайды есепке алғанда, әйелдер үстіңгі жақтан келетін позаларды таңдамаған дұрыс болмақ. Мүмкін болғанынша, аталық ұрықтың аналығына тезірек жететін позаларды қолдану керек.

Олар – «еркек үстіңгі жақтан», «тізерлеп-шынтақтап» және «бір бүйірмен жатып»...


Жүкті болу үшін жыныстық қатынастан соң не істеу керек?

Төсектен тоят таба салысымен әйел шалқалай жатып, жамбасын сәл жоғары көтеретін жастықша қойғаны дұрыс. Бұл сперманың ағып кетпеуіне және ұрықтың тереңірек баруына көмектеседі.


Жыныстық қатынастан соң не істеу керек?

Қынапқа түскен сперматозоидтардың басым бөлігі 3-5 минут аралығында жатырға түсіп үлгереді. Олардың жолын қысқарту үшін және межеге жетуіне көмектесу мақсатында 15-30 минут бойы төсектен тұрып кетпей жата тұру керек.


Жыныстық қатынастан соң қанша уақытта жүкті болады?

Овуляциясыз жүкті болу мүмкін емес. Егер аталық ұрықтың сапасы мен мөлшеріне проблема болмаса, тұрақты жыныстық қатынас жатыр ішінде сперматозоидке жайлы жағдай жасайды. Сол себепті, ол жеткен бойда аналық жасушаны ұрықтандыру мүмкіндігін жоғарылатады.


ҚЫЗЫҚ ДЕРЕК: спематозоидтардың жылдамдығы минутына 3,5 мм. Демек, ол бір сағатта аналық жасуға жетіп үлгеруі тиіс.


Жүктілік жыныстық қатынастан соң 4-5 күнде орын алады. Бұл уақыттың барлығында сперматозоидтар тірі болады.


ЕҢ БАСТЫСЫ – жүкті болу үшін некелі жұптардың балалы болуға деген қалауы, ниеті мен дайындығы, әлбетте, бір-біріне деген махаббаты. Поза, жыныстық қатынастың саны, тәуліктің белгілі бір бөлігі – мұның барлығы да жанама себептер ғана. Еркек пен әйел бір-бірінен ләззат алып, некесіне адал болған жағдайда, олардың махаббатының кішкентай ғана нәтижесі міндетті түрде пайда болады. Бұл бақ – БАЛА деп аталады.

Түрлі дереккөзден дайындаған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


СҮЙІСУ - жастарға қарағанда қартая бастағандарға ӘЛДЕҚАЙДА ПАЙДАЛЫ


Бұлай жиі жасаған ӘЙЕЛДІҢ күйеуі ТӨСЕКТЕ ТОЙЫМСЫЗ келеді