​Еркектерді есінен тандыратын 5 поза

0
31 738

Ер азаматтарға әйелінің төсекте барынша ашық, сылқым болғаны қатты ұнайды. Ал, олардың бойына күш-қуат беріп, қанын тасытатын позалар мыналар екен.


​Еркектерді есінен тандыратын 5 поза

иллюстрациялық суреттер ашық дереккөзден алынды

Еркектер үшін жыныстық қатынастың алар орны ерекше. Олар өз сүйіктісінің түрленіп тұрғанын қалайды. Серіктесінің қысылмай, еркін байланысқа шығуын армандайды. Себебі төсек ұялатын жер емес.


«Догги-стайл»

Бұл позада еркектер төсекті өздерінің қалауынша билейді. Ең басты кейіпкер де өздері болмақ. Себебі еркектер мұнда серіктесінің арт жағынан жақындап, оны алға қарай еңкейтеді. Екі қолы да бос болғандықтан серіктесінің бөксесінен ұстап, ұрғылауына болады. Көкірегіне қолын жүгіртіп, нәзік жерінен саусақтарымен бір жүріп өтсе де болады. Еркектер бұл ретте өз қалауларының бәрін жасай алады.

Бірақ та кейбір нәзікжандыларға бұл поза жағымсыз әсер етіп, ауырсынуы мүмкін. Сол себепті де осындай жағдай орын алмас үшін, әйелдерге мына лайфхактарды пайдаланып көрсе болады:

Бірнеше жастықты көкірек тұсына қойып, соған сүйенуге болады.

Егер еркек мүшесінің терең енуінен жайсыздық туындаса, тізерлеп, тұрып, арқаңызды серіктесіңізге жақындата түсіңіз. Сөйтіп оның мойнынан қапсыра құшақтауға болады. Сонда оның мүшесі барынша терең енбейтін болады. Осылайша ауырсыну да азаяды.


«Шабандоз әйел»


Аты айтып тұрғандай бұл позада әйелдер үстінде отырып, жыныстық қатынасты өз қолына алады. Тізерлей отырған қалыпта қалауынша ләззат алуына болады.«Шабандоз әйел» позасында еркектер барынша босаңсып, серіктесін көзбен ішіп-жеп, көкірегін аймалайды. Еркектерге ұнайтын поза болғандықтан да әйелдердің аяғы ауырып, энергиясы сарқылуы мүмкін. Дегенмен әйелдердің де бұл қатынастан барынша рахат алатынын естен шығармайық.

Әйелдерге бұл жағдайда мыналарды ескеру керек:

Бірнеше минуттан кейін-ақ әйелдердің бұлшықеттері қыза бастайды. Осындайда серіктесіңіздің сізге қолдау көрсеткені дұрыс. Саныңыздан ұстап, қимылдауға көмектессе болады. Сондай-ақ, әйелдер тізесіне ауырлықты түсіріп, денесін көтереді де, еркектің қимылдауына мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, еркектің көкірегіне алақаныңызды қойып, алға қарай сәл ғана еңкею арқылы сүйенсеңіз де болады.

«Шабандоз әйелді» былайша түрлендіріп көріңіз. Ол үшін еркек орындыққа отырады да, серіктесін алдына отырғызып, оның еркін қозғалуына мүмкіндік жасайды.


«Қайың» позасы

Бұл позада әйел шалқасынан жатады. Екі аяғын көтеріп, еркектің иығына қояды. Ал, еркек тізерлеп немесе тік тұрады. Мұндай жақындасу кезінде әйелдің қынабы тарылып, еркектерге өте керемет ләззат сыйлайды. Қынаптың бұлайша тарылуы тек еркектерге ғана емес, әйелдерге де ләззат сыйлайтыны анық.

«Қайың» позасын одан әрі дамыту үшін әйелдер аяқтарын ерінің иығына асып, айқастыруы керек. Сондай-ақ, бөксені босаңсытып, бір-бірінен ажырататын болсаңыз, еркектің мүшесі еркін кіріп, тереңірек енеді. Соған сәйкес әйел де, еркек те барынша кайф алатын болады.


«Кері шабандоз»


Бұл поза классикалық «шабандоз әйел» позасына ұқсайды. Бірақ та жыныстық қатынасқа түсу үшін әйел еркектің үстінде болып, теріс қарап отыруы керек. Өзіне ыңғайлы отырысты таңдап, қалағанынша қатынасқа түсе беруіне болады. Бұл кезде еркектің қимылдауына мүмкіндік аз. Бірақ та әйелдер қалағанынша шапқылап, ойын жүзеге асыра алады.

Ал, «кері шабандоз» позасында мыналарды жасауға да болады:

Әйел теріс қарап отырған бойда артқа қарай сәл ғана шалқаяды. Сонда оның мүшесі қынаптың алдыңғы жағына барынша тиіп, еркін қозғалуына көмектеседі.

Бұл қосылу барысында әйел төсекті билейтіндіктен қалай қимылдаса да өз еркінде. Жоғары-төмен қозғалып, бөксемен ойнақтаса, жыныстық қатынас шарықтау шегіне жетеді.


Еркек әйелді көтеріп тұрады

Еркектер бұл қатынасты өздері басқаратындықтан болар өте жақсы көреді. Бірақ, барлық еркектердің бірдей мұндай қатынасқа түсуге шамасы жете бермейді. Себебі, әйелді олар тек қолдың күшімен көтеріп әрі лаззатқа батыруы керек. Дегенмен, қиындықты жеңілдету үшін әйелді қабырғаға сүйеп, өз әрекетін жасай берсеңіз болады.

Әйелді орындықтың шетіне отырғызып, аяғын жоғары көтеріп, позаны жалғастыруға мүмкіндік бар. Мұндай жақындасу кезінде еркекке ауыр салмақты көтеруге тура келмейді. Жүгі жеңілдеп, еркін қозғалып, әйел көңілінен шығуына әбден болады.

Еркектерге ұнайтын 5 түрлі позаны айтып өттік. Келесі материалдарда әйелдерге жағымды әсер етіп, рахатқа бөлейтін қатынас түрлерін жазатын боламыз!

Дайындаған: Жайна Тынышбек,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Төсекте әйеліңіздің көңілінен шыға алмай жүрсіз бе?


Жыныстық қатынаспен күніне 2-3 рет айналысқан дұрыс па?