Төсекте әйеліңіздің көңілінен шыға алмай жүрсіз бе?

0
6 276

Олар жыныстық қатынас кезінде де еркектің батылдық танытқанын қалайды.


Төсекте әйеліңіздің көңілінен шыға алмай жүрсіз бе?

иллюстрациялық суреттер ашық дереккөзден алынды

Әйелдердің өте нәзік әрі сезімтал болатынын барлық еркек атаулы білетін шығар. Сондықтан да олардың көңілінен шығу өте қиын. Көп жағдайларда еркектер нәзікжандылардың ойынан шықпай, төсекте де құмарын қандыра алмай жатады. Мұндайда ер-азаматтар барлық кінәні өзіне аударып, төсек қатынасындағы қиындықтарды жеңуді емес, жеңілуді ойлап, тез беріле салады. Міне, әйелдер осындай әрекеттен кейін күйеулеріне ойындағысын айта алмай, бұйығы жүретіні жасырын емес. Бірақ та еркек болған соң әйелдің көңілінен шыға білу керек.


Әйелдің көңілінен шығу үшін біріншіден - ер-азаматтар моральдық тұрғыдан күшті болулары керек. Егер де сіз өзіңізді әлсіз әрі мейірімді етіп көрсеткіңіз келсе, онда ұтылғаныңыз. Әйелдер мұндай еркектерді ұната бермейді. Моральдық тұрғыда мықты болу дегенге мыналар кіреді:

  • батылдық;
  • жауапкершілікті мойнына алу (бұл қазіргі заманғы еркектердің бойынан табыла бермейтін қасиет);
  • өз-өзін сыйлау;


  • өзіне еркіндік беру (Өзінің қалағанын жасап, тек соған ұмтылуға еркіндік беру). Екіншіден, еркектерге өз-өзіне деген сенімділік жетіспейді. Әйелдер көбіне еркектердің өзіне сенімді, батыл болғанын қалайды. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін біраз тер төгуге тура келеді. Әйелдермен тіл табысып, олардың нені қалайтынын білу үшін олармен көбірек араласқан жөн. Сонда ғана сіз әйелдің ішкі сезімін түсіне аласыз.


Әйел көңілінен шығудың жолы көп. Соның тағы бір парасына тоқталып өтейік.

* Сіз әйеліңізбен оңаша қалғанда оны қалайтыныңызды іс-әрекетіңізбен, сөздеріңізбен, деміңізбен білдіруіңіз керек. Егер де еркек әйелін қаламаса, қалайтынын білдірмесе, әйелдің сезім мүшелері оянбайды. Сондай-ақ, жыныстық қатынастан ләззат алу үшін дауыстың ырғағы да айтарлықтай өзгеруі тиіс. Мәселен, сіз төсекте жарыңызға кұндізгідей дауыс ырғағымен сөйлеп, сезіміңізді қарапайым ғана жеткізетін болсаңыз, мұныңыздан түк шықпайды. Нәзікжанды жанның сезім мүшелерін мұндай өрескел әрекеттеріңізбен жібіте алмайсыз.


* Сондай-ақ, төсекте әйелдің көңілінен шығу үшін асықпау керек. Жан жарыңызды барынша сезімге бөлеп, терең тыныс алып, жыныстық қатынасты қалайтынын білдіргенше еш әрекет етпеңіз. Сұйісу мен аймаласудан ары баруға асықпаңыз. Мұндайда «жақын-алыс» ойыны күшті жұмыс істейді. Оны өзіңізге барынша тартып, кейіннен өз жұмыстарыңызбен айналысып кетіңіз. Мәселен, әжетханаға барып келуге болады. Осындай әрекетті әйелдердің қалайтыны сөзсіз.


* Ләззатқа бөленіп, әйеліңіздің сізді қалайтынын білген кезде бірден еркектік мықтылығыңызды көрсетіңіз. Шын қалап тұрғаныңызды іс-қимыл арқылы білдіру керек. Тез әрі батыл қимылмен оның киімін шешіп, құмарынан шыға біліңіз. Әйелдер күйеулерінің нағыз ер болғанын қалайды. Сондықтан да төсекте де батылдылықты күтеді.


* Жыныстық қатынасқа түсу барлық еркектің қолынан келеді. Алайда, сіз ер екеніңізді танытқыңыз келсе, ләззат шыңына жеткеннен кейін, бірден жуынатын бөлмеге қашып кетуден абай болыңыз. Себебі, нәзікжандылар тояттағаннан кейін аймаласып, әңгімелесіп жатқанды ұнатады. Күйеуінің құшағында еркелеп жатқысы келеді. Бұл әйел көңілінен шығудың ең маңызды тұсы.

Дайындаған: Жайна Тынышбек,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Жыныстық қатынаспен күніне 2-3 рет айналысқан дұрыс па?


Күзгі sex-ті ойдағыдай ететін 5 техника