ЛАЙФХАК 18+: МОЙЫНДАҒЫ сорып СҮЙГЕННЕН қалған ізді ҚАЛАЙ КЕТІРЕДІ

0
22 971

Бұл әдіс басқаларына қарағанда «засосты» жылдам кетіреді.


ЛАЙФХАК 18+: МОЙЫНДАҒЫ сорып СҮЙГЕННЕН қалған ізді ҚАЛАЙ КЕТІРЕДІ

Махаббат, құштарлық пен құмарлықтың күші орасан. Тау қопарып, тасты жарып тастауға құдіретті мұндай сезімді бастан кешіргендер. Ал ол ТӨСЕКТЕ болса...

Төсек ләззатында құштарлық құдіретімен тым тереңге кетіп қалып, құшағы айқасқандар бір-біріне оның «белгісін» салып кетіп жатады. Мойын, алқым, омырау тұсындағы көгерген іздер – тым құмарлана сүюден қалып қояды.


Әрине, махаббаттың күші мұндай құштарлыққа ұласса, керемет. Дегенмен, мойындағы іздер мақтанатын нәрсе емес. Сондықтан, ондай «ыстық төсектен» соң көгерген ізді кетіруді де білген жөн.

Әлбетте, мойындағы ізді («ЗАСОС» - ел ішінде танылған атауы) ертеңіне ұзын шашпен, шәлі немесе орамалмен, биік жағалы киіммен жасыруға болар. БІРАҚ, ол да көмектеспейтін бар кейде...


ОМЫРАУДАҒЫ ІЗ

Омыраудағы сүйістен қалған ізді кетіруде ең кеңінен таралған әдіс – ол жерге ТІС ПАСТАСЫН жағып, таңып қою. Пастаның құрамындағы белсенді заттар көгерген белгі мен іісікті тез кетіреді.

Сонымен қатар, АС СОДАСЫН да пайдалануға болады. Ол үшін соданы суға араластырып,қоймалжың масса жасайды да, көгерген жерге таңып тастайды.


ЙОД ТА КӨМЕКТЕСЕДІ

«Түннен қалған белгіні» кетіру үшін ЙОД та жақсы көмектеседі.

Ол үшін сорудан қалған із орнына йодпен тор жасап қойса, бетін бүркейді әрі тезірек кетуіне сеп болады. Бірақ оны абайлап жасау қажет. Йодпен теріні күйдіріп алмау үшін сақтақ шараларын сақтаған дұрыс. Йодты пайдаланудың ережесін оқып алғаныңыз артық болмайды.


АЛОЭ

Үйде гүл өсіретін болсаңыз, арасында алоэ өсімдігі де болғаны осындайда жақсы. Себебі, алоэның жапырағы да осындай құмарлана сүюден қалған іздің орнын жақсы кетіреді.

Ол үшін алоэның жапырағын алып сыртқы қабығын аршып тастайсыз да, медициналық спиртке батырып, көгерген орынға компресс жасайсыз. Бұл әдіс басқаларына қарағанда «засосты» жылдам кетіреді.


КАРТОППЕН ДЕ КЕТІРУГЕ БОЛАДЫ

Бұл ертеден келе жатқан әдіс көрінеді. «Засостың» орнын қалай кетіруді құмарлық пен құштарлықтың төсек қатынасында көп болатынын білгендер бұрыннан пайдаланса керек.

Көгерген әрі ісіңкіреп тұрған тұсқа жас картоптың түйінін алып, жұқалап кесіп қою керек. Бірақ әр 30 минут сайын ауысытырп отыруды ұмытпаған абзал.


ЖОЛЖЕЛКЕН

Жолжелкенді көптеген жарақатқа қолданып жатады халық емінде. Ал құмарлана-құшырлана сүйген жерде қалған белгіге жолжелкенді жұлып әкеле салып, таза суға шайып таңу керек.

Жапырақты бірнеше рет ауыстыруды ұмытпаңыз.


ҚЫРЫҚҚАБАТ ТА КӨГЕРГЕН ІЗДІ КЕТІРЕДІ

«Засос» тек мойын мен омырауда ғана емес, дененің кез келген жерінде қалуы мүмкін. Естен тандырған түнде аймаласқан ғашықтар үшін шекара болмайды.

Сондай сәтте қырыққабаттың жапырақтарын жұмсартып алып, көгерген жерге таңуға болады. Қырыққабаттың асты қыза бастағанда оны жаңасына ауыстырып отыру қажет.


НЕ ІСТЕУГЕ БОЛМАЙДЫ?

Мойын мен омырау немесе басқа да жерде қалған құмарлық белгісін кетіру үшін адамдар қателікке де бой алдырып жатады. Соның бірі – уқалау мен спиртті заттармен сүрту.

Мұндай әдіс көгерген ізді одан сайын айқындап әрі көлемін үлкейте түседі. Сондықтан ол жерді уқалаудан сақ болыңыз. Ал құрамында спирті бар сұйықтықпен сүрту де қателік болады.

Дереккөз: sovetprost.ru


Дайындаған: Ж.БАЙТҰРЫМ,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


ӘЙЕЛ жыныстық қатынасты ҚАЛАЙТЫНЫН қалай БІЛДІРЕДІ


Бұл ҚАТЕЛІКТІ жасаған ЕРКЕКПЕН әйел ТӨСЕККЕ жатқысы келмейді