Жарыңыз құмарлығыңызды аяқ астынан оятып жіберсе, онда әңгіме басқаша...
Әйелдің көңілін табу оңай емес. Ал төсекке келгенде әйелмен өте абай болған жөн. Әйтпесе, көңілі бір қалған нәзік жан тән жақындығында ашыла қоймай, «қауызынан жарылмай» қалуы мүмкін.
Әйелдің төсекте «ашылмауына» еркектің мынадай қателіктері тікелей әсер етеді.
Еркек жыныстық қатынастың сапасына мән бермесе...
Төсек ләззатына тояттанар кезде еркектің де қалауының болуы маңызды. Ол жәй ғана «бел босату» болмауы тиіс. Еркекте де дайындық болуы керек. Әйел қалаусыз жақындықты бірден сезеді.
«Тек еркектік міндетімді орындасам болды» деп жатын бөлмеге кірген еркектің құшағына әйел екінші рет кіргісі келмейді. Қалауыңыз болмаған күні өзіңізді де, жарыңызды да қинаудың қажеті жоқ. Қайта күшіңізді келесі жолға, нағыз құмарлығыңыздың тұтанатын кезіне қалдырғаныңыз жөн.
Жарыңыз құмарлығыңызды аяқ астынан оятып жіберсе, онда әңгіме басқаша...
Еркек әйел тәнін танымаса...
Бұрын да айтқанбыз, тағы да қайталауға тура келеді.
Еркектің әйел тәнін жақсы білгені дұрыс. Тек қана ұрпақ жалғастыру үшін ғана «қызмет атқара салу» дұрыс емес. Әйелдің тәніндегі қозу нүктелерін, ең бір қытығы бар тұстарын білу керек.
Әлбетте, ол үшін түрлі эксперимент жасау қажет-ақ. Бірақ, зерттеу керек екен деп әрдеңені бір байқап көру емес, мүмкіндігінше оны әйелге сездірмей, әр жақындастықта бір жаңалық ашып тұруға болады.
Еркек дөрекі болса...
Жыныстық қатынаста әйелге ұнамды дөрекілеу әрекеттер де бар. Бірақ, әр жақындық сайын дөрекілік танытып, қатыгездіктің табын байқату әйелдің етек-жеңін жинап, жаймен аяқ тарта бастауына алып барады. Яғни, кешегі дөрекі қарым-қатынастан соң бүгін жасқана, сақтана кіреді құшағыңызға.
Сондықтан, еркекке төсекте тым асыра сілтеуге болмайды. Қайсыбір әрекетіңіз үшін де өзіңізге есеп бере отыруыңыз қажет. Әйтпегенде, құшағыңыздағы жаннан араңыз алыстап кетуі де ғажап емес.
Үн шығармайтын еркек...
Жыныстық қатынаста әйелдер ләззат алғанын дыбыс шығару арқылы білдіреді. Сол сияқты, әйелдер де еркектің өзінен ләззат тапқанын білдіргенін қалайды.
Үнсіз ғана шаруасын бітіретін еркек те әйелге күмән туғызады.
Тазалықты сақтамайтын еркек...
Тазалық – бүткіл тіршілік иесіне тән. Ал ол жыныстық қатынасқа келгенде тіпті маңызды.
«Еркек маймылдан сәл әдемі болса жетеді» деген сөз тіркесі оның тазалықты сақтамасын дегені емес (маймылдар да тазалық сақтайтын болар...).Еркектің де тәнінен жуынатын гельдің, иіссу жұпарының, шашынан сусабынның иісі шығып тұруы керек.
Әйелдердің тазалыққа аса мұқият екені табиғатынан белгілі. Сондықтан, жұмыстан келе салып көлік майынан қалған қолдағы дақ, темекінің немесе сыраның иісі, күні бойғы жұмыс істегенде шыққан тер иісі сияқтылардың бәрін жатын бөлмеге «ала кірудің» жөні жоқ.
Төсекте таза болыңыз.
Бір әрекетті қайталай беретін еркек...
«Күнде палау жей бермей, арасында сорпа ішіп тұру керек» деген сөзді еркектер қалай түсінетіні өздеріне аян, ал әйелдер үшін бұл төсектегі позаларға қатысты айтылады.
Иә, әйелдердің де күнде «палау жей бергісі» келмейді. Яғни, күн сайын бір ғана позадағы жыныстық қатынастан олар да жалығады. Демек, еркекке жыныстық қатынастағы әрекетті де ауыстыру қажет.
Бастысы, әйел көңілінен шыға білген жөн.
Дайындаған. Ж.БАЙТҰРЫМ,
Тағы оқыңыз:
ТӨСЕК ЛӘЗЗАТЫ еркекке ҰНАҒАНЫН қалай білуге болады?