Неге кеңейіп кетеді? Қалай тарылтуға болады? (21+)

0
40 841

«Көп бала туғаннан» деп бір-ақ ауыз сөзбен себебін атай салу – қате.


Неге кеңейіп кетеді? Қалай тарылтуға болады? (21+)

Әйелдер арасында, әсіресе тұрмысқа шығып, өмірге бірнеше бала әкелген, сонысымен бірге интимдік өмірін қалыпты ұстағысы келетін келіншектердің құпия тақырыбы бұл.

Жұбайлық өмірдің іргесін берік ұстап тұратынның бірі – жыныстық қатынас болса, оның мәнді де сәнді, есте қаларлықтай болуы, алаулап оттай жануы, бір сөзбен айтқанда, әйел мен еркектің бір-бірін қалап тұруы мүлде басқа мәселе. Олай болуына себеп пен салдар көп, соның ішіндегі бір мәселе деп қынаптың кеңейіп кетуін айтса болады.

Адамның репродуктивті жүйесінің дұрыс әрі сау болуы - жұптардың арасында үлкен рөл ойнайтынын бәрі біледі. Бұл жыныс мүшелерінің сау әрі қалыпты болуы деген сөз. Бүгін тек қана қынап жайын айтар болсақ, оның неге кеңейетінін және қалай қалпына келтіруге болатындығынан хабардар етсек артық етпейді. Керісінше, пайдалы боларына сенеміз.


Кеңеюінің себебі неде?

Тіпті, құрсақ көтермеген, тұрмысқа шықпаған қыз-келіншектердің де қынабы кеңейетінін айтсақ, таңданбаңыз. Иә, солай екен.

Мұндай ерекшелік (кеңею) жыныстық қатынас кезінде жайсыздық тудырып қана қоймай, әйелдің өзіне деген бағасының кемуіне және тұйықталуына әкеп соғатынын да білген жөн. Ал әйелдерде мұндай жағдайдың соңы стресс пен күйзеліске апаратынын ажырату қиын емес.

Ендеше, оның себебін талдап көрейік. Қынаптың кеңеюіне:

  • созылмалы іш қату;
  • уақытында жыныстық қатынасқа түспеу және болған күнде де жүйелі түрде болмауы;
  • табиғи жолмен болсану (әсіресе, босанудың арасы тым жақын болса);
  • босану кезіндегі қиындықтар (созылу немесе қынап айналасының жыртылуы);
  • жиі жасалған жасанды түсік;
  • қынап іші қабырғасының бос болуы (мұндай ерекшелік тума немесе тұқым қуалайтын болуы мүмкін);
  • қынапқа немесе репродуктивті мүшелерге жасалған ота;
  • ауыр жұмыс, әсіресе, күнделікті жәрі жүйелі түрде жасалатын ауыр дене еңбегі себеп болады екен.


Ғылыми зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, өзінің жыныс мүшесі үшін тек еркектер ғана емес, әйелдер де алаңдайтын көрінеді. Сондықтан да «қалай тарылтуға болады?» деген сұраққа жауапты көп іздейді.


Жайбарақат қалыпта қынаптың тереңдігі орта есеппен 7-13 см аралығында болса, денені босаң ұстағанда диаметрі 4-5 см болады екен.


Бойы ұзын әйелдердің қынабы да терең болатыны анықталған. Дегенмен, әрбір ағзаның ерекшелігі болатынына қарай бұл көрсеткіш өзгеруі мүмкін.


Әйелдің қынабы бейімделетін қасиетке ие – ол тек босанғанда ғана созылып, жағдайға қарай бейімделіп қоймай, тұрақты серігінің жыныс мүшесіне орай да қалыптасады.


Қынап бұлшықетінің босап кетуін қалай анықтауға болады?

  • Әйелдің жыныстық қатынасқа деген қалауы кеми бастайды.
  • Жыныстық қатынас кезінде сезінуі кемиді.
  • Секрецияның дисфункциясы байқалады.
  • Энурездің алғашқы белгілері байқала бастайды (несеп шығаруды бақылауда ұстай алмау).
  • Интимді аймақта жайсыздықтардың кездесуі (құрғау, ауыру, ашу немесе қышу).


Тарылтудың 5 әдісі бар

Әйел болған соң әйелдікті сезіндіретін бір жол – жыныстық қатынастан алатын ләззаттан шектемеу үшін мұны білген маңызды. Әлем бойынша бірнеше тәсілдерді бар, бірақ қай-қайсысы болмасын, денсаулыққа зиянын келтірмейтінін анықтап алу қажет. Оны тек арнайы маманмен ғана кеңесіп жасау қажет.

Қынапты тарылтуға арналған қолданыста жүрген 5 әдісін атап өтейік.


Әйелдің төсекке деген қалауын арттыратын әдіс

Бұл бойынша айдарымызда жариялаған болатынбыз. Қосымша ақпарат үшін айта кетер болсақ, қынап бұлшықеттерін тарылтуға арналған жаттығулар ежелден бері қолданылып келе жатқанын білгеніңіз жөн. Мыңдаған жылдар бойы пайдаланып келе жатқан жаттығулар расында көмектеседі және денсаулыққа да пайдасы бар.

Бүгінде оның вумбилдинг немесе имбилдинг деп аталатын жаттығулар кешенінен тұратын патенттелген бағыты бар.

Мұндай жаттығудар үшін арнайы залға барып қажеті жоқ. Жүйелі түрде жасап жүрсе, айтарлықтай нәтиже береді. Жаттығудың пайдасы – әйелдің төсек қатынасына деген қалауы артады.

Екінші бір пайдасы – несеп шығару жолдары ауруларына қарсы тұрады.


Спортшы қыздардың қынап бұлшықеті өте мықты келетіні анықталған. Яғни, мұнан шығатын қорытынды – интимдік жаттығуды кәдімгі жаттығумен бірге жасау өте жақсы нәтиже береді.


Дәрі-дәрмек қолдану және медицина әдісі

Көптеген әйелдер өздерінің жыныс мүшесіне босанудан кейін көңілдері толмайтыны байқалады. Дәріханадан қынап тарылтатын дәрінің неше түрін көруге болады. Жақпа май, балауыз түрінде, гель дейсіз бе, түрі көп. Кейбірін жыныстық қатынастың алдында 20-30 минут бұрын пайдалау керек.

Пайдалы жағы – әсері болады, жағымсыздық тудырмайды, қатынас кезінде жағымды.

Зияны немесе «минусы» - әсері уақытша ғана, бағасы қымбат, жыныстық қатынас алдында ғана пайдаланылуы, қынап бұлшықетін уақытша ғана тонуста ұстап тұрады.

Таиландық әйелдер қынап бұлшықеттерін тарылтып, қалпында сақтау үшін інжу (жемчуг) ұнтағы, ашудас пен арнайы таңдалып алынған өсімдіктерден тұратын таяқшаны пайдаланған екен.


Косметологиялық әдіс

Жыныс мүшесін қалыпта ұстаудың тағы бір әдісі – косметологиялық әдіс. Бұл күнде кеңінен қолданылып отырған бұл әдіс үшін арнайы тұрақты түрде пайдаланылып отыратын кремдер қолданылады.

Бұл тәсіл де қынап бұлшықетіне әсер еткенмен, керемет нәтиже көрсете қоюы екіталай.


Халық емінде де қынапты тарылтатын әдістер бар

Әсіресе, босанудан кейін қолданылады мұндай ем-шара түрі. Ол үшін табиғи заттар, өсімдіктер іріктеліп алынады. Олардан жасалған заттар ішке қабылдау, сыртқа жағу бойынша қаолданылуы мүмкін.

Мұнда емдік шөптердің ішінде жалбыз, қызыл шарап, емен қабығы, лимон сияқтылардың әсері көп көрінеді.

Жағымды жағы – қалтаға салмақ салмайды, табиғи, ағза ерекшелігіне қарай нәтижесі байқалады.

Қауіптілігі – ауыруы мүмкін, аллергия, күйдіру жағдайлары тіркелген. Микрофлорасына зияны бар, өзін-өзі емдеу кезінде зиянын тартқандар көп.


Ота жасап қол жеткізуге болады

Вагинопластика дегенді естуіңіз бар болар?! Оны жасау арқылы әйелдің жыныс мүшесіндегі кемшіліктер жойылады және өлшемін өзгертуге болады.

Қазір жатырдың түсіп кетуін емдеу арқылы да қынапты қалпына келтірудің бір әдісі осы болып отыр. Оған көбіне энурез, жыныстық қатынас кезінде ауыруды сезінетіндер көп. Ота жасамас бұрын түрлі талдамалар жасалып, дәрігерлік тексеру жүргізіледі.

«Плюсі» - нәтижесіне кепілдік беріледі, гинекологтың қатаң бақылауында өтеді, ұзақ та қалыпты нәтиже, қауіпсіздік.

«Минусы» - нәтижесіне қарай жоғары баға, әйелдер ота жасалған соң біраз уақыт күтінуі тиіс.

Егер әйел вагинопластика жасатқан соң өмірге тағы да бала әкелер болса, отаны қайта жасатуға тура келеді.

Дереккөз: plastichno.com

Дайындаған: Жайнаған Байтұрым,

ERNUR.KZ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет