Бір шетел актрисасы «Ақымақ әйел уақытын айнаға қарап, бетіне маска жасауға арнайды, ал ақылды әйел қынап бұлшықетін шынықтыруға арнайды» дейді. Анайы естілгенімен, жаттығуды меңгерген соң актрисаның бұл сөзін мақұлдайтын боласыз.
фото: intimnayagimnastika.ru
Жан-дүниеңіз қаншалықты сұлу болғанымен, жатын бөлмеде біліміңіз бен ақылыңызды сайысқа сала амайсыз. Мүсініңіз "зың", қара мөлдір көздеріңіз "дәу" болғанымен, қараңғы бөлмеде негізгі рөлді бұлшықет ойнайды. Нақтырақ айтқанда, әйелдің қынап бұлшықеті.
Жалпы, қынап – бұлшықетті мүше. Бұл бұлшықет те шынықтыруды қажет етеді. Оған арналған жаттығулар өте көп. Соның ең оңай түрін ұсынайын. Ерлі-зайыптық қатынас жұбайлық өмірдің маңызды тұтқаларының бірі болғандықтан, әрбір әйел бұл жаттығуды білуі тиіс.
БҰЛ ЖАТТЫҒУДАН СОҢ НЕ БОЛАДЫ?
1. Оргазмға бөлене алмайтын «бөгет» алынады
2. Бала туудан соң кеңейген қынап жиырылады
3. Аналық жұмыртқа гормонды белсенді бөлудің арқасында әйел тәні жасарады
4. Етеккір ретсіздігі қалпына келеді
5. Гинекологиялық аурулардың кейбірі өздігінен жойылады
6. Климакс кеш басталады
1-жаттығу
Айтуға оңай болғанымен, жаттығудың өзіндік қиындықтары да жоқ емес. Сондықтан да ең алдымен, қынап бұлшықетін жиырып-босаңсытуды үйреніңіз. Қынап бұлшықетін жиырып 10 секунд кідіріңіз, сосын босаңсытып, осы қалыпты 10 секунд сақтаңыз. Осындай реттілікпен жаттығуды 2-3 минут жасап жаттыққан соң, енді жиырып-босаңсытудың әрқайсысына 1 секунд жұмсаңыз. Яғни, жаттығуды жылдам орындаңыз.
2-жаттығу
Қынап бұлшықетін жиырып-босаңсытуды үйренген соң, енді оның «көршілес» ағза бұлшықеттерін де шынықтыру қажет. Ол үшін, «лифт» деп аталатын жаттығуды жасауыңыз керек.
1-қабат: зәр шығару мүшесінің бұлшықеті
2-қабат: қынап бұлшықеті
3-қабат: үлкен дәрет шығаратын мүше бұлшықеті.
«Лифт» жаттығуын мына реттілікпен орындаңыз: 1-қабат бұлшықетін 3-5 секунд жиырып тұрып, босаңсытыңыз. 2-қабат бұлшықетін жиырып 3-5 секунд кідіртіп, босаңсытыңыз. 3-қабатқа өтіп, жаттығуды қайталаңыз.
Лифтпен жоғары көтерілген соң, енді төмен түсу үшін, жаттығуды 3-қабаттан бастайсыз.
3-жаттығу
Тік тұрып мұрныңызбен терең тыныс алыңыз. Ауа жұтумен бірге қарын бұлшықетін барынша ішке тартып, қынап бұлшықетін жиырыңыз. Ауаны 3-4 секунд кідірте тұрып, ауаны аузыңызбен баяу шығарыңыз. Қарын мен қынап бұлшықеттерін босаңсытыңыз. Жаттығуды 5 рет қайталаңыз.
4-жаттығу
Мұрынмен терең тыныс алып, қарын бұлшықетін сыртқа керіңіз. Ал, қынап бұлшықетін жиырыңыз. Осы қалыпта 3-4 секунд кідіріп, ауыз арқылы ауаны баяу шығарып, барлық бұлшықетті босаңсытыңыз. Жаттығуды 5 рет қайталаңыз.
5-жаттығу
фото: overuc.com
Жұқа төсенішке шалқаңыздан жатып, тізені бүгіп, табандарыңызды бөксеңізге қарай жақындатып жинаңыз. Табандарыңыз еденде. Жамбасыңызды еденнен жоғары көтеріңіз. Осы қалыпта тұрып, қарын, сан, зәр шығару мүшелері мен қынап бұлшықетін барынша жиырыңыз. Қалыпты сақтап, 5-7 секунд кідіріңіз. Ауаны ауыз арқылы сыртқа шығарумен бірге, бастапқы қалыпқа оралыңыз. Жаттығуды 5 рет қайталаңыз.
6-жаттығу
Бұл жаттығу 1-жаттығуға ұқсайды. Тек бұны күйеуіңізбен тән жақындастығы кезінде орындайсыз. Күйеуіңізбен... яғни, екі дене біріккенде, қынап бұлшықетін жиырып-босаңсытуды бірнеше рет қайталаңыз. Бұл күйеуіңізге ұнайтынына сенімдімін.
Аталған 6 жаттығуға машықтана келе сіз маңызды бұлшықетті жиырып-босаңсытуды ғана емес, күйеуіңізді де төсекте оңай басқара алатын боласыз.
Жаттығуды күніне 2 мезгіл қайталаңыз. 1-жаттығуды компьютерде жазу жазып отырып та, телесериал көріп жатып та, автобуста да орындай беріңіз. Неғұрлым көбірек жасасаңыз, соғұрлым күйеуіңізді де таң қалдыра аласыз. Іске сәт! Жаттығуды қазір-ақ бастап жіберіңіз.
Ескерту: Босанғаннан соң 3 апта өтпейінше жаттығуды жасауға болмайды. Жыныс ағзасына операция жасатқан болсаңыз, кесарь тілігі жасалған болса, онда міндетті түрде гинекологпен кеңесіңіз.
Табиғат ҚАЛЫБЕК,
ERNUR.KZ
Тағы да оқыңыз:
Төсектегі 12 ережені білсеңіз, сол үшін ұрыс-керіс болмайды
Жыныстық қатынаста әйелдің жуан белін жіңішкертетін «поза» бар
Төсектегі «шаруаға» үлкен-кішісі бәрібір... Маңыздысы – басқада!