​ТЕЗ арада ЖҮКТІ болу үшін МЫНА ЕКІ "ПОЗАны" білу қажет

0
2 614

Осы қалыпта 15 минут, ұзағымен жарты сағат жататын болсаңыз, жүкті болу ықтималдылығы жоғары.


​ТЕЗ арада ЖҮКТІ болу үшін МЫНА ЕКІ

Бұл әсіресе ер адамның шәует сұйықтығы немесе шәуеттің жылдамдығының әрекеті баяулау болса осы әдіс әйелдің жүкті болуына жылдам әсер етеді.


Егер еркекте осындай проблемалар бар болса, шәует орта жолда «өліп қалады». Яғни, ер адам жыныстық қатынас барысында бойынан шәуетті босатқанда әйелдің жатыр мойнына дейін жете алмай қалады.


Жыныстық қатынас кезінде барлығы дұрыс, барлығы ойдағыдай болуы мүмкін. Бірақ бала көтеру мүмкіндігі болмай тұр. Мұның себебі де сол, ер адамның шәует қозғалғыштығына байланысты.

Ер адамның спремасы жатырға енсе де, енбесе де 5-6 сағат өмір сүреді, егер шәует күшті болса, 10-12 сағатқа дейін шыдайды. Одан ары қарай, ол ұрықтануға қабілетсіз болып қалады. Сондықтан, әйел құрсақ көтеру үшін жыныстық қатынас кезіндегі қалып та маңызды. Өйткені, әйелдің жатыры мен жатыр мойны арасы қисық болады. Жатыр мен қынаптың жалғасқан орны «үшбұрыш» секілді қисайып тұрады, бұл норма. Ұрық жатыр ішіне ену үшін төсек қатынасындағы қалыпты түрлендіріп, шәуеттің жатыр ішіне енуіне барынша жағдай жасаңыз. Ол үшін МЫНА 2 түрлі қалып сізге көмектеседі.


1-ҚАЛЫП - «Догги стайл» жылқы немесе ит позасы

Мұндай қалып ғылыми тілде «догги стайл» деп аталады, мұндай қалып кез келген ер адамға ұнайды. Ал әйелдердің көпшілігіне ауыртпалық сезімін тудыруы мүмкін. Дегенмен, бала сүю мақсатыңыз болса, бұған шыдауға болады. Бұл қалыпта әйелдің жатыр мойны барынша ашылып, шәуеттің ішке енуіне қолайлы. Әйел етбетінен, ер адам артынан келгенде қынап пен жатыр мойнының жалғасқан тұсы қисық емес, түзу болады. Төрт тағандап, жылқы секілді тұрсақ жеткілікті деп ойламаңыз, тізерлеп тұрып, қолыңызды шынтақтан бүгіңіз. Егер бұл қолыңыздан келсе, екі қолыңызды алға созып, иығыңызды жерге тигізіп, жамбас тұсын көтеріңіз.

Жыныстық қатынас барысында ұдайы бұлай жасау мүмкін емес, сондықтан, жыныстық қатынас өз мәресіне жақын қалғанда, ер адам әйелден сұрануы тиіс. Ер адам әйелдің артынан келіп, шәуетті жатырға енгізуге тырысу керек. Әйел адам мұндай қалыпта ер адамның мүшесін жатыр мойнына тигенін де сезе алады.


2-ҚАЛЫП – миссионер қалыбы

Бұл қалып әйелдің шалқасынан жатып, ер адамның үстінен келуі. Шәует жатырға еркін енуі үшін әйелдің бел астына спиндр тәрізді жастық қою арқылы жыныстық қатынасты аяқтайсыз. Жыныстық қатынас аяқталуға жақын қалғанда, яғни ер адам ұрығын сыртқа шығарар алдында әйелдің аяқтарын жоғары көтеріп, лажы барынша жамбасты жоғары көтеру үшін белге жастықша қойған дұрыс.

Осы қалыпта 15 минут, ұзағымен жарты сағат жататын болсаңыз, жүкті болу ықтималдылығы жоғары.

Дайындаған: Жайна Тынышбек,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Әйелдің ОРГАЗМға жеткенін қалай білуге болады?

ҚЫНАПтан «ЫҢҒАЙСЫЗ» дыбыс шықса, жаттығу керек