​Әйелдің ОРГАЗМға жеткенін қалай білуге болады?

0
20 953

Оргазм тақырыбы өте терең. Әйел адам көп жағдайда оргазмға жете алмайды. Себебі...


​Әйелдің ОРГАЗМға жеткенін қалай білуге болады?

Оргазм - грек тілінен аударғанда құю (шырын), ісіну, құмарлықпен жалындау, қозудан босату сезімімен сипатталатын жыныстық қозудың шарықтау шегі. Оргазм әрқашан күшті және жағымды сезім сияқты сезілмейді. Бұл қозудың күрт аяқталу сәті, жыныс аймағындағы спазмалармен сипатталады, кейде бүкіл денеге таралады, бұл әрдайым бола бермейді.


Оргазм сезімі әр түрлі факторларға байланысты, мысалы: эмоционалды, психологиялық жағдай, қозу күші, ынталандыру әдісі.


Ал осы оргазмды сезіну барлық адамға бірдей бұйыра бермейді. Әсіресе, әйелдер ерімен жыныстық қатынасқа түссе де оргазмға жете алмауы мүмкін. Осы орайда орынды сұрақ та туындауы заңдылық. «Әйел адамның оргазм алғанын қалай білуге болады?» деген сұрақ барлығына өзекті. Яғни, ер адамға да, әйелге де осының жауабын табу қызықты.

Ер адам әрбір жыныстық қатынаста оргазмды сезіне алады. Яғни, жыныстық қатынастың шыңы-бұл оргазм. Ер адам жыныстық қатынас кезінде бойынан ұрықты босатып, жыныстық қатынас аяқталған кезде оргазм алады. Ал, әйел адамның оргазм алған-алмағандығын сезу ер адамға қиын. Тіпті әйел адамның өзі сезбеуі мүмкін.

Оргазм тақырыбы өте терең. Әйел адам көп жағдайда оргазмға жете алмайды.


ҚАЛАЙ БІЛУГЕ БОЛАДЫ?



Ең бірінші - сұйықтық емес, спазм. Яғни, сұйықтық көп мөлшерде бөлінсе және ол түссіз, иіссіз су секілді болса, оргазмға жеткендіктің белгісі деп ойлау көптеген әйелдерде кездеседі. Бірақ бұл ой қате. Спазм - яғни, жыныс мүшесінің бұлшықеттері қатайып, ісініп жыныстық қатынастан ләззат алуға жақындата түседі. Мүмкін кейбіреулерде оргазм жақындағанда дененің ұйып қалған секілді сезімі болады. Бірақ ол мүлдем басқа сезім. Аяқ-қолыңыз ұйып қалса, жағымсыз сезім тудырса, бұл жыныстық қатынастағы сезім тіпті бөлек. Түсіндіру қиын.


Екінші - пульсация. Яғни дірілдеу сезімі. Жыныстық қатынастың рахатына бөленгенде денеде бір толқын болғандай, бір ағыс жүріп өткендей болады.

Мүшенің дірілдеуі. Кейбіреуде бүкіл дене бұл толқынды сезбесе де жыныстық мүше дірілдеп барып басылады. Бұл оргазмға жетудің белгісі.


Үшінші - жылу. Жыныстық қатынастың соңына қарай, бүкіл денеде жылулық сезіледі. Көбінесе әйелдерде. Әйелдер тұла бойы еріп бара жатқандай сезімде болады. Ал ер адамның мүшесінде жылулық болғанын сезінеді.


Төртінші- клиторлы. Клиторлы оргазм деген бұл клиторға әсер ету. Яғни, бұл сырттай ләззат алу. Ер адамның мүшесі жатырға немесе қынапқа енбей, клиторды қоздыру керек. Әрине ол клиторға қол тигізу, сылап-сипау.


Бесінші – сүйісуден де ләззат алуға болады. Сүйісудің 20 түрі бар екен. Бірақ бұл сізге оргазм сыйлайды деген сөз емес, дегенмен төсек қатынасынан ләззат алуды жылдамдатады.

Дайындаған: Жайна Тынышбек,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ҚЫНАПтан «ЫҢҒАЙСЫЗ» дыбыс шықса, жаттығу керек


ЖАТЫН БӨЛМЕдегі ИДЕАЛ ӘЙЕЛ қандай?