Төсекте ҚУАТыңызды арттыруға ДӘРІ қажет емес

0
3 632

Егер сіздің өз денсаулығыңызға «аздап» шағымыңыз болса, МЫНА 9 түрлі тәсілді қолданып көріңіз.


Төсекте ҚУАТыңызды арттыруға ДӘРІ қажет емес

Ең алдымен, жыныстық қуатты арттырудың қаншалықты маңызды екендігін білгеніңіз жөн шығар.

Егер сіздің өз денсаулығыңызға «аздап» шағымыңыз болса, МЫНА 9 түрлі тәсілді қолданып көріңіз. Бұл тәсілдер сіздің жыныстық күш-қуатыңызды ғана арттырып қоймайды, сонымен бірге, иммундық жүйеңізді де нығайтып, басқа да ауруларға қарсы тұра алатын қабілетке ие боласыз.

Әсіресе, дәл қазіргі күнде жер бетіне ылаң салған індеттен аулақ болудың бірде бір жолы, күш-қуатыңызды арттыру деп санаймыз.

Ең алдымен...


ЖҮРЕКке «назар аударыңыз»!

Эрекция - сізді қуанышқа бөлеу үшін, бақытты сезінуіңіз үшін САУ ЖҮРЕК, қан тамырларының ойдағыдай жұмыс істеуі қажет.

Жүрек және тұла бойымызға тарайтын, біздің тіршілік етуіміз үшін қажетті қан тамырымыз жыныстық қуатымыздың «тасып» тұруы үшін ең маңызды дене мүшесі болып саналады.

Қағидасы да қарапайым: жүрек үшін қандай азық-түліктер, қандай жаттығулар пайдалы болса, адамның жыныстық саулығына да соншалықты әсер етеді.

Сондықтан, күн сайын жүрек жаттығуларына 30-40 минут уақытыңызды арнаңыз. Яғни, жүгіру, секіру, суда жүзу, таза ауада серуендеу, үстел теннисі секілді жүректің жұмысын жақсартатын жаттығулардың барлығы да сіз үшін пайдалы.


КҮЙЗЕЛІСтен мейлінше аулақ болыңыз!

Қазіргі күнде барлығымыз үшін күйзеліске түспеу аса маңызды. Жағдай тұрақты емес, уайым әрқайсысымызда аз мөлшерде болса да бар.

Соған қарамастан, күйзеліске түсіп кетпеудің жолдарын қарастырыңыз. Уайымға салыну жыныстық қуаттың ең бірінші «дұшпаны». Жалпы денсаулық үшін қауіпті.

Күйзеліс, уайым- жүрек қағысының орнықты болмауына, қан қысымының артуына, көңіл-күйдің түсуіне алып келеді.

Ұзақ уақытқа жалғасқан кішігірім күйзелістің өзі сіздің жатын бөлмеңізге салқындық алып кіреді. Шешімін табыңыз: үйде «қамалып» отыруға мәжбүрсіз, дегенмен, ойыңызды қызықты дүниелерге аударуға, күніңізді көңілді өткізуге болады.

Ер адамдар кіре беріс бөлмеңізге немесе балконға (жер үйде тұрсаңыз, есік алдынан кез келген орынға) «бокс қапшығын» (груша) іліп, бір мезгіл бокспен шұғылданыңыз.

Әйелдер балалармен бірге қызықты ойын ұйымдастыруға болады немесе анаңызбен, әпке-сіңліңізбен, құрбыңызбен телефон арқылы сөйлесіңіз. Ең бастысы, көңіл-күйді түсіретін емес, керісінше, көңіл-күйіңізді көтеретін тақырыпта әңгімелесіңіз.


ЗИЯНДЫ ӘДЕТтен құтылуға әрекет етіңіз

Күйзелістен арылу үшін шылым мен спирттік ішімдіктер қолдануға болмайды. Бір сәтке уайым-қайғыны «ұмытқандай» болғаныңызбен, мұның салдары жаман.


САРЫМСАҚ, БАНАН, АЩЫ БҰРЫШ

Сарымсақ пен пияздың жағымсыз иісін есепке алмағанда, бұл өнімдер жыныстық қуатты арттыратын өнім.

Банан - ағзадағы калий мөлшерін көбейтеді, нәтижесінде қан қысымы қалыпқа келеді. Эрекция артады.

Ащы бұрыш - қанайналымды жақсартады, гипертонияны қалыпты ұстап тұруға көмектеседі. Бірақ шектен тыс қолданудың да зардабы бар, шегін біліңіз!



ОМЕГА-3 және В дәрумені

Омега-3 қан айналымын жақсартады. Авокадо, зәйтүн майы, балық өнімдерінде кездеседі. Ал, В1 дәрумені ми қызметін жақсартады. Бұл дәрумен көбінесе жер жаңғағы мен қызыл асбұршақта көптеп кездеседі. Ал В дәруменінің барлық түрін жұмыртқадан таба аласыз.



КОФЕ

Күніне 1-2 шыныаяқ ащы кофе ішіп тұрсаңыз, жыныстық қуатыңыз артады. Дегенмен ескеретін жайт, кейбір адамдарға мұның кері әсері де болуы мүмкін. Сақтықпен қолданыңыз.


ЖАРЫҚты сөндіріңіз

Иә, мұндайды алғаш естуіңіз де мүмкін. Себебі, романтикалық кеш үшін алакөлеңке, себезгілеп түсіп тұратын әлсіз жарықтың маңызы зор деген ой қалыптасқан жандар үшін ерсі көрінер.

Дегенмен, мамандардың зерттеуінше, қараңғылық ағзаны мелатонин гормонын бөлуге мәжбүрлейді екен. Бұл гормон тыныштандырады, ұйқыға кетуімізге көмек береді. Бірақ дәл осы қараңғылық жыныстық қатынас үшін қолайлы екен. Себебі, ер адамның жыныстық қатынас барысында «ісін жылдам бітіріп» қоюдан сақтайды.

Қараңғы бөлмеде болған жыныстық қатынас жарыққа қарағанда ұзаққа созылады.


АРТЫҚ САЛМАҚтан арылу қажет

Жүрек үшін зиянды болған нәрсе, эрекция үшін де зиянды. Артық салмақтан жүрекке қосымша күш түсіп, бұл өз кезегінде жыныстық қуаттың да кемуіне алып келеді.


КЕГЕЛЬ жаттығуын жасаңыз!

Бұл туралы көпшілік біледі деп ойлаймыз. Дегенмен, көбінесе бұл жаттығуды әйелдер үшін деп ойлайтындардың қатары басым. Сондықтан, бұл пікірдегі адамдардың қателесетінін айта келе, ер адамдардың да кегел жаттығуымен шұғылданғаны жыныстық саулық үшін маңыздылығын біле жүргені абзал.

Мұндай жаттығумен шұғылданған ерлердің оргазм алуы көбірек, эрекцияның жақсаруы және ұрықты тез жіберіп қоюдың алдын алады.

НҰР ӘЛЕМ,

ERNUR.KZ

Оқи отырыңыз:


Жыныстық қатынаста "ТЕЗ ЖІБЕРІП ҚОЮды" тежеуге болады


Жыныстық қатынастан ЛӘЗЗАТ алу үшін ӘЙЕЛ МЫНАларды жеу керек