Жыныстық қатынаста "ТЕЗ ЖІБЕРІП ҚОЮды" тежеуге болады

0
5 854

Ерлерді мазалайтын МЫНА 3 себепті жойсаңыз, жатын бөлмеде "АРЫСТАНға" айнала аласыз!


Жыныстық қатынаста

Медицина мамандарының айтуынша, яғни, нақтырағы сексопатолог маманның тұжырымдамасы бойынша, «жыныстық қатынас 2 минуттан кем болмаса, онда барлығы қалыпты деп есептеу керек» дейді.

Себебі, ер адам «мен әйеліммен жақындық барысында шаһуатты тез жіберіп қоямын» деген шағымды айтуы мүмкін. Ер адамның мұндай ойға берілуіне де себеп жоқ емес.


Оның бірден бір себебі, «порнофильм». Айтуға ұят емес, ер азаматтар, мұндай «ұятсыз фильм» көруден қашыңыздар. Себебі, ол сіздің жыныстық қалауыңызда уақытша «қанағаттандырғанымен», денсаулығыңызға үлкен қауіп төндіретінін ойлаңыз.

Шынайы өмірді фильммен салыстырып, адамның санасы да шатаса бастайды. Соңында, өзіне деген сенімсіздік туындайды және біртіндеп әйеліңізге көңіл бұруды, оны төсекте қалауды ұмыта бастайсыз.

Әрине, ерлі-зайыптының арасындағы қарым-қатынас бұзылған соң, отбасындағы кикілжіңдердің күрмеуі артып, бір-біріңізді түсінуден қаласыз. Отбасындағы айтыс-тартыс, тек ерлі-зайыптының ғана емес, балалардың да, бүкіл отбасы мүшелерінің көңілсіздігін, берекесіздігін шақырады.


Жыныстық қатынастан ЛӘЗЗАТ алу үшін ӘЙЕЛ МЫНАларды жеу керек


«ҰЯТСЫЗ» фильм көрмеңіз!

Төсек сахнасы түсірілген фильмдерді тіпті сағаттап көруге болады. Содан ой қалыптасып қалуы мүмкін, «неге мен осылар секілді «ұзақ» қатынаста бола алмаймын? Менде бар-жоғы минуттарға ғана созылады» деген. «Демек, менің денсаулығымда кінәрат бар, менде бірдеңе дұрыс емес» деп өзін-өзі кем санау, жазғыру басталады.

Мамандар сол минуттардың жеткілікті екендігін айтқанда, сіздің алаңдауға еш негіз жоқ екендігін түсінуіңіз керек.


Ерлерді мазалайтын 3 себеп



1. Мүшенің өлшемі

Еркектердің көпшілігін мазалайтын жыныс мүшесінің көлемі (өлшемі) екен. 30 пайыз ер адамдар осы мәселе бойынша алаңдап, дәрігер маманның кеңесіне зәру екендігін айтады.

Бұл гормон КӨП болса жыныстық қатынас та АЗ болады


2. Тез «босату»

Алғаш рет төсек қатынасын бастан өткізген жігіттің проблемасы басқа. Ал, үйленгеніне бірнеше жыл болған, төсектегі тұрақты серігі бар еркектердің мұндай проблемамен бетпе-бет жолығуы да ерлер арасында 30 пайызды құрайды екен.



3. Әуреттің «НАШАР ТҰРУЫ»

Бұл проблемамен дәрігерге жүгінетіндердің қатарында тағы 30 пайызы еркектік мүшенің дұрыс жұмыс істемеуі. Яғни, бастапқы қалыптағыдай «қан ойнап» тұрмауы алаңдатады екен.

Сонымен, 90% еркектерде осындай проблема бар десек, ешкім де сенгісі келмейді. Дерекке ғана жүгініп, мұндай пікірмен келісу-келіспеу еркіңізде. Дегенмен, ерлердің жыныстық проблемасының азаймай тұрғандығын да есепке алу керек секілді.

Мұның барлығы да порнофильмдерді көруді күнделікті әдетке айналдырғаннан келіп шығатынын ұмытпаңыз. Мұның теріс әсерін уақыт өткен сайын сезіне бастайсыз. Өзіңізге деген сенімділікті жоғалтып алған соң, ешқашан әйеліңіз сізге риза болмайды.

Себебі, санаңызға «менің әуретім кішкентай», «әуретім өз ойымдағыдай жұмыс істемейді», «сондықтан мен әйелімді төсекте қанағаттандыра алмай жатырмын» деген ойды сіңіріп алған соң, басқа ештеңе күтпеңіз, міндетті түрде ойға алғаныңыз орындалады.

иллюстрациялық суреттер: ашық дереккөзден

НҰР ӘЛЕМ,

ERNUR.KZ