​ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТАН соң әйелдің іші НЕГЕ АУЫРАДЫ?

0
3 434

Оның 9 түрлі себебі бар. «Бір шай ішіп терлесем, басылады» дейтіндей емес...


​ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТАН соң әйелдің іші НЕГЕ АУЫРАДЫ?

Денсаулығына жүрдім-бардым қарамайтын кез келген әйел мұндай белгілерді назарынан тыс қалдырмайды. «Бір шай ішіп терлесем, басылады» дейтіндей емес, бұл денсаулықтағы аса маңызды проблема болуы мүмкін. Сондықтан, жыныстық қатынас кезіндегі немесе төсек ләззатынан соң мазалаған мына төмендегі ауырсынудың себептерін тез арада анықтауға тырысу керек.


Төсек қатынасы кезінде табиғи ылғалданудың болмауы

Әдетте жылдам болатын жыныстық қатынас кезінде әйел қынабынан майланып тұратын ылғалдың дер көзінде бөлінбеуіне байланысты құрсақ тұсында ауырсыну сезіледі. Ол әйелдің ағзалық ерекшелігі болуы да мүмкін. Яғни, әйелдің бойынан ылғалды сұйықтық кем бөлінеді мұндайда. Ал ол қатынас кезінде одан сайын құрғап, жайсыздық тудырады. Нәтижесінде, ауыра бастайды.

Жыныстық қатынасты бұрынғыдан да ТӘТТІРЕК ететін 3 лайфхак

Экстремалды немесе тым дөрекі жыныстық қатынас кезінде де әйелдің ағзасына күш түсіп, мұшелерін ауыртады. Еркек тым дөрекі немесе шалт қимылдағанда әйелдің нәзік жыныс мүшелері зардап шегуі мүмкін. Көбіне мұндай қатты ауырсыну белгілері еркектің жыныс мүшесі әйелдікімен сәйкес келмейтін тым үлкен болғанда жиі орын алады.

Мұндай ауырсынудың тағы бір белгісі – әйелде жыныстық қатынастан соң зәр шығару қиындап қалуы да мүмкін.


«Молочница» немесе кандидоз

Ауырсыну себептерінің бірі – әйелдің жыныс мүшесіндегі инфекциялық аурулардан да болуы мүмкін. Жыныстық қатынас кезінде ашу және қышу, қынап пен сыртқы мүшенің ісініп қызарып кетуі сияқты белгілер әйелдегі «молочница» (кандидоз) немесе басқа да инфекцияның болуын білдіреді.


Іштің кебуі

Кейде жыныстық қатынастан соң әйелдерде іштің кебуі байқалады. Ол да әжептеуір жайсыздық тудырып, тіпті ауыртуы да ғажап емес.

Төсек қатынасының кейбір позаларында ішке қарай ауа кіріп қалып кетеді немесе жылдам тыныс алу кезінде ішке газ жиналып, ол ішек немесе жатырды сығымдап ауыртады. Бұл да жыныстық қатынастан соң іш ауыруының бір себебі.

Жыныстық қатынаспен «ДЫБЫСЫН ШЫҒАРМАЙ» айналысудың 7 әдісі


Түймешік («полип»)

Жасы 40-тан асқан әйелдердің көбінде қынап немесе жатыр мойны түймешігі (полип) кездеседі. Бірақ қазір дәрігерлердің айтуынша, жастарда да кездесіп жатқан көрінеді.

Осы түймешік (полип) жыныстық қатынас кезінде және соңынан толғақтәрізді ауырсыну белгілерін береді.


Аналық бездің жылауығы (киста)

Жыныстық қатынастан соң құрсақ тұсының оң немесе сол жағы ауырса, ол аналық без жылауығының (киста) өсіп жатқанынан болуы мүмкін.


Эндометриоз

Бұл диагноз болса жыныстық қатынас кезінде де, соңынан да ауырсыну болады. Әсіресе, жыныстық қатынастың басталған тұсында әйел ауырсынуды қатты сезінуі мүмкін.


Жатыр мойны тінінің қабынуы

Төсек қатынасынан соң іш ауырса, ол цервициттің әсерінен болуы әбден мүмкін. Мұндайда ауыру сезімі жыныстық қатынастың нағыз қызған шағында, еркек мүшесі терең бойлағанда сезіледі. Соның әсерінен жатыр мойнының тіндері жиырылып, аяқ астынан ауырсыну сезімі туындайды.

" МҮШЕСІ ҮЛКЕН еді": Төсек қатынасынан қорқып қалған келіншектің әңгімесі


Жатыр миомасы немесе фиброзды ісік

Бұлардың бірінің әсерінен болатын ауырсыну ісіктің жатырды сығымдауынан орын алады. Сонымен қатар, басқа ішкі мүшелерге де әсері болуы мүмкін.


Жоғарыда айтылғандарға қарап отырып, ешбірінің де бекер орын алмайтынын және барлық жағдайда да тез арада дәрігерге тексеріліп, себебін анықтау керектігін ұғамыз. Себебі ертерек анықталса, емдеп жазып, айығып кетері анық. Бастысы, өкінішке ұрындырар жағдайдың орын алмағаны абзал.

Дайындаған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ

Дереккөз: goodhouse.kz

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет