​Жыныстық қатынасты бұрынғыдан да ТӘТТІРЕК ететін 3 лайфхак

0
9 536

Суып кеткендердің төсегін қайта «қыздыратын» 3 әдіс


​Жыныстық қатынасты бұрынғыдан да ТӘТТІРЕК ететін 3 лайфхак

Некелі жұптардың арасын жақындастыра түсетін әрекеттің бірден-бірі – жыныстық қатынас, төсектен алатын ләззат пен әлбетте, оның сапасы. Әркім өз міндетін ғана атқарып қоя салу емес, тән қалауын барынша қанағаттандырып, ләззатына тояттану.


Әрине, әрқашан да мұндай бола бермейді. Кейде денсаулық немесе көңіл-күйге байланысты, төсектің жаймасы жайылса да, оның үстіндегі «ойынға» зауқы болмай кететін ерлі-зайыптылар болады. Ренжісу де болуы мүмкін. Бірақ мұның барлығы да қалпына келетін уақытша ғана жағдайлар.


Ал шын мәнінде төсек қатынасының сапасы нашарлап кететін жайттар да орын алып жатады. Мәселен, уақыт өте келе ерлі-зайыптылардың жыныстық қатынасқа деген қызығушылықтары төмендеп, оны сиретіп жіберуі мүмкін. Бұл тек жатын бөлменің «ауа райын» ғана емес, жалпы тұрмыстық өмірде де көрініс тауып, кикілжіңге алып баратын кездер болады.


Ендеге, ТЕЗ АРАДА жыныстық қатынастың САПАСЫН арттыру қажет!

Бұл ерлі-зайыптының екеуінің де бірдей міндеті.


№1!

ЕРКЕК әйелдің қалауын оятуға әрекет жасағаны дұрыс. Әйелдің құлағымен сүйері бекер айтылмаған. Алдымен оның көңілін аулайтын кішігірім сыйлық, тәтті сөздер мен оң қабақ әйел көңілін жібітеді.

Мұндайда «екі қоянды бір оқпен атып алуға» болады. ІШКИІМ сыйлаңыз да, оны алдыңызда киіп көргенін қалайтыныңызды айтыңыз! Сол сәтті ұтымды пайдалып қалуға болады.

ӘЙЕЛ де өз әрекетін жасау керек! Төсек қатынасының сапасын жақсартуға тек еркектер ғана міндетті емес.

Алғашқы қадамды күлімдеуден бастаған әйелге көп тер төгудің қажеті жоқ. Жәй ғана өзгелерге білдірместен еріне сүйкеніп өтсе жетіп жатыр. Ал оның да әрекет жасап жатқанын сезгенде, теріс айналмай қуана қабылдап үйренген дұрыс.

Тағы оқыңыз:

Жыныстық қатынаспен «ДЫБЫСЫН ШЫҒАРМАЙ» айналысудың 7 әдісі


№2!

Бұл кеңес ЕРКЕК пен ӘЙЕЛГЕ ортақ.

Жыныстық қатынастың кейбір түйткілдерін оңашада талқылап үйренген жөн. Мәселен, кімге қандай поза ұнайды? Қандай жағдайда көбірек ләззат алады? Қандай кинодағы интимді қарым-қатынастар көңілге қонымды?

Мұның барлығын тек екеуге ғана арналған фильм көру арқылы да іске асыруға болады.

Әдетте, мұндай әңгімеден соң әйел мен еркектің әрекеті төсекте табысып, ләззаттың ұшар шыңына жетумен аяқталып жатады. Демек, әрбір әңгімеден соң төсегіңіз де дайын болуы керек.

МҮШЕСІ ҮЛКЕН еді": Төсек қатынасынан қорқып қалған келіншектің әңгімесі

№3!

Мұны сыртқа білдірудің қажеті жоқ, әркімнің төсек қатынасына қатысты арман-қиялы болады. Мәселен, әйелдер «жуынатын бөлмеде...» дегенді ойласа, еркектер «жұмыс кабинетінде...» деген қиялы болуы мүмкін.

Әлбетте, шекарадан асудың, ар-ұяттан аттаудың қажеті жоқ. Артық кеткен де болмайды. Бірақ ешқандай залалы мен зияны, әдепке қайшы келетіні болмаса, қиялдағыны іске асыру да кейде араны жақындатып, ерекше сезімге бөлейді.

Сондықтан, тек екеуіңізге ғана арналған оңаша бөлмеде әдеттегіден ерек іс-әрекеттерді де көңіл қалап жатса, орындап көруге болады. Бірақ ол денсаулық пен ар-ұяттың шекарасынан әсте шықпауы тиіс.


Үйіңізде қашанда шаттық орнап, керемет көңіл-күйге бөленсін десеңіз, әйел мейлі еркек болыңыз, ең алдымен жұбайыңызбен ара-қатынасты жөндегенің мақұл. Араларыңыз ыстық сезімге, буырқанған құмарлыққа толы болса, онда ауа райы жайсыз болса да таңертеңнен-ақ шаңырағыңызда күн күлімдеп тұрады. Ал ондай кезде тұрмыстағы қандай мәселе болса да оңай шешіледі.

Дайындаған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ