14 мамырда Жерге ірі астероид жақындайды

0
582

Оның көлемі Хеопс пирамидасынан асатындай болуы мүмкін.


14 мамырда Жерге ірі астероид жақындайды

ERNUR.KZ. АҚШ-ның ұлттық аэронавтика және ғарышты зерттеу басқармасы (NASA) Жерге диаметрі 88-ден 200 метрге дейінгі астероидтың жақындайтынын ескертті, деп жазады zakon.kz.

Оның көлемі Хеопс пирамидасынан асатындай болуы мүмкін.

Астероидтың диаметрі 88-ден 200 метрге дейін. Ол Жерге ең жақын деген қашықтығына Нұр-Сұлтан уақытымен 16:04-те келеді.

Бірақ астероидтың ұшып өтетін планетамызға ең жақын деген нүктесінің өзі Айдан 15 есе алыста екен, яғни астероид қауіп төндірмейді.