80 мыңнан астам турист локдаун салдарынан Хайнань аралында қалып қойды

0
1 187

Локдаун кезінде Санья қаласындағы қонақүйлерде тұрып жатқан туристер үшін 50% жеңілдік қарастырылған.


80 мыңнан астам турист локдаун салдарынан Хайнань аралында қалып қойды

ERNUR.KZ. 80 мыңнан астам турист Оңтүстік Қытайдағы Хайнань провинциясындағы Санья курорттық қаласынан қайта алмай жатыр, деп жазады BAQ.KZ.

Қытайдың орталық телеарнасы ССTV таратқан мәліметке сүйенсек, саяхатшылардың үйлеріне орала алмауларына 6 тамыз күні коронавирус инфекциясының жаңа ошақтарының анықталуына байланысты енгізілген локдаун себеп болған.

Оның ішінде, 80 мың туристің 32 мыңы қонақүйлерден шыға алмай отыр. Жергілікті билік туристер жеті күн ішінде ПТР-сынамасын тапсырып, нәтижесі теріс болып шыққан жағдайда ғана Хайнань аралынан кете алатынын айтты. Локдаун кезінде Санья қаласындағы қонақүйлерде тұрып жатқан туристер үшін 50% жеңілдік қарастырылған.

Айта кетерлігі, саяхатшылар көп келетін Санья қаласына ел экономикасының 90%-ы тиесілі. Мәселен, былтыр шілде және тамыз айларында қалаға 2,7 млн-нан астам турист келген.