ӘЧ-2018: Хорватия құрамасы тарихында алғаш рет финалға жолдама алды

0
1 161

Әлем кубогі үшін Франция және Хорватия, 3-орын үшін Бельгия және Англия құрамалары күш сынасатын болады.


ӘЧ-2018: Хорватия құрамасы тарихында алғаш рет финалға жолдама алды

ERNUR.KZ.Ресейде өтіп жатқан футбол додасында Хорватия құрамасы финалға жолдама алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жартылай финалдық ойында Хорватия Англия ұлттық құрамасымен бақ сынасқан болатын. 5-минутта Киран Триппер айып добынан гол соғып, Англия құрамасын есепте алға шығарды. Ал, ойынның 68-минутында Хорватия сапынан Иван Перишич гол салып есепті теңестірсе, қосымша таймның 109-минутында Марио Манджукич жеңіс голын соғып, ойын 2:1 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, ойын Москва қаласындағы «Лужники» стадионында өткен болатын.

Сонымен қатар, әлем кубогі үшін Франция және Хорватия, 3-орын үшін Бельгия және Англия құрамалары күш сынасатын болады. Ақтық ойын 15 шілде күні сағат 21:00-де дәл осы «Лужники» стадионында өтеді.