Әйелді 4 жасар баласының көзінше өлтіріп кетті

0
991

Жантүршігерлік қылмыс видеоға түсіп қалған.


Әйелді 4 жасар баласының көзінше өлтіріп кетті

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Ресей астанасының маңындағы Раменскте әйелді 4 жасар баласының көзінше өлтіріп кетті, деп жазады Almaty.tv.

Жантүршігерлік қылмысқа куәгер болған бала ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәліметке сәйкес, әйел өзін өлтірген 25 жастағы жігітпен бұрын бірге тұрған.

Куәгерлер әйелдің балалар алаңында болғанын айтады. Сол жерге жеңіл көлік келіп тоқтап, ішінен ер адам жүгіріп шыққан. Ол бірден әйелді пышақтай бастапты. Кейін ізін суытқан.

27 жастағы әйелдің денесінен 20-ға жуық ашық жарақат табылды. Қылмыс видеоға түсіп қалған.

Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Күдіктінің көлігі табылған. Ол полициядан жасырыну үшін орманға тығылған.