Айғыр құлынды биені өрттен құтқару үшін көк түтінге кіріп кетті – видео

0
3 398

Өрт кезінде айғырлардың бірі үйірден қашып кетіп, бие мен құлынды қауіпсіз жерге шығару үшін қайтадан түтінге кіреді.


Айғыр құлынды биені өрттен құтқару үшін көк түтінге кіріп кетті – видео

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті кезінде құтқарылған айғыр "отбасына" көмектесу үшін түтіндеп жатқан жерге қайтадан шауып барды, деп жазады sputniknews.kz.

Видео Сими-Вэлли қаласы маңындағы мал фермаларының бірінен жануарларды эвакуациялау кезінде түсірілген.


Өрт сөндірушілер жануарларды фермадан эвакуациялады. Бір кезде айғырлардың бірі үйірден қашып кетіп, бие мен құлынды қауіпсіз жерге шығару үшін қайтадан көк түтінге кіреді.

Видео лезде әлеуметтік желілерде тарап, 33 миллион рет көрілді.

Калифорнияда екі аптадан бері орман өртеніп жатыр, 30 мыңға жуық тұрғын көшірілді. Штат аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді.