АҚШ ғалымдары қағаз пернетақта ойлап тапты (видео)

0
806

Пернетақтаны пайдаланған кезде ол өздігінен энергия алады.


АҚШ ғалымдары қағаз пернетақта ойлап тапты (видео)

ERNUR.KZ. Пердью университетінің (АҚШ) инженерлері қағаздан пернетақта жасап шығарды, деп жазады Tengrinews.kz.

Ғалымдар жаңа технология қағазды музыкалық плеердің интерфейсіне айналдыруға мүмкіндік беретін айтады.

"Біз қағаз су мен майды сіңірмейтін, шаңды жуытпайтын жаңа әдіс ойлап таптық. Біз қағазды жоғары фторланған молекулалармен жаптық. Бұл жабын бізге қағаздың бірнеше қабатын басып шығаруға мүмкіндік береді. Яғни қағазды шығарған кезде сия оған жұқпайды", - дейді ғалым Рамсес Мартинес.

Сондай-ақ, ол қағаз пернетақтаны пайдаланған кезде ол өздігінен энергия алатынын жеткізді. Мартинестің айтуынша, адамдар "пернені" басқан кезде сигнал ноутбукке сымсыз арна арқылы беріледі.
Ғалымдар мұндай пернетақта өте ыңғайлы, пайдалануға жеңіл екенін атап өтті. Қағаз су өткізбейді, әрі оны қоқысқа тастаған кезде ол қоршаған ортаға зиянын тигізбейді.
Қазіргі таңда қағаз пернетақтаның нақты бағасы белгісіз. Ғалымдар оның құны 0,25 доллардан (106 тенге) аспайтынын айтады.