АҚШ Израиль жағалауына екі мың теңіз жаяу әскерін жіберді

0
1 129

АҚШ Израиль жағалауларына екі мың теңіз жаяу әскерінен құралған жедел әрекет ету тобын жіберіп жатыр.


АҚШ Израиль жағалауына екі мың теңіз жаяу әскерін жіберді

ERNUR.KZ. Бұл туралы CNN телеарнасына Америка қорғаныс министрлігінің өкілі хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Телеарна мәліметінше, Пентагон АҚШ әскери күштерін Таяу Шығыста Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыстың күшеюіне жол бермеу және Иран мен Ливанның "Хезболла" тобына тосқауыл қою туралы сигнал жіберу үшін әлеуетті орналастыруға дайындайды.

"Теңіз жаяу әскерлері Израильге жақын жерде жиналып жатқан әскери-теңіз күштеріне қосылады", - делінген материалда.

Бұған дейін АҚШ "Дуайт Эйзенхауэр" және "Джеральд Р.Форд" авиатасымалдаушыларын Жерорта теңізіне Израиль жағалауына жіберген болатын. The New York Times газеті дереккөздерге сілтеме жасап, Америка билігі бұдан да ауқымды аймақтық қақтығыстың алдын алу үшін Таяу Шығыстағы атыс күшін екі есе арттырып жатқанын жазды.