АҚШ-та аяздан 47 адам көз жұмды

0
1 536

Штаттарының басым бөлігінде 12 қаңтардан бері ауа температурасы күрт төмендеді.


 АҚШ-та аяздан 47 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. АҚШ-та күннің суытуы салдарынан соңғы бір аптада 47 адам қаза тапты, деп жазады 24KZ.

NBC арнасының хабарлауынша, әсіресе, Теннесси штатының тұрғындары ауа райының қолайсыздығынан қатты зардап шегіп отыр. Америка құрама штаттарының көп бөлігінде 12 қаңтардан бері ауа температурасы күрт төмендеді. Рекордтық көрсеткіш - минус 34 градус тіркелді. Бірнеше штатта қалың қар жауып, негізгі жолдар жабылды. Айта кетерлігі, бүгін Астанада және еліміздің 14 облысында дауылды ескерту жарияланды.