АҚШ-тың әскери қызметкері Вашингтондағы Израиль елшілігінің алдында өзін өртеп жіберді

0
514

Ол ауруханада көз жұмды.


АҚШ-тың әскери қызметкері Вашингтондағы Израиль елшілігінің алдында өзін өртеп жіберді

ERNUR.KZ. АҚШ Әскери-әуе күштерінің қызметкері Вашингтондағы Израиль елшілігінің алдында өзін өртеп жіберді. Ол мұндай қадамға бармас бұрын «Палестинаға Бостандық!» деп ұрандатты. Бұл туралы АҚШ Төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

АҚШ Құпия қызметінің қызметкерлері өртті сөндірді, жәбірленуші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Кейінірек Пентагон «әскери қызметкер ауруханада қайтыс болды» деп жариялады.

АҚШ Әскери-әуе күштерінің өкіліне сілтеме жасай отырып, америкалық БАҚ өзін-өзі өртеген ер адамның белсенді қызметкер болғанын хабарлады.

Вашингтон полиция департаменті, америкалық Құпия қызмет және басқа да құқық қорғау органдары тергеу жүргізуде.

Вашингтон полициясының мәлімдемесінде бұл оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00 шамасында International drive көшесінде болғанын айтады.

Израиль елшілігінен басқа, бұл аймақта Мысыр, Марокко, Нигерия, Бангладеш және Сингапур сияқты бірнеше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері орналасқан. Аудан Ақ үйден 6 шақырым қашықтықта орналасқан.

Израиль елшілігінің өкілі New York Times газетіне өкілдік қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шекпегенін айтты.

Бұл АҚШ-тағы Израиль дипломатиялық миссиясы ғимаратының алдында өзін-өзі өртеудің алғашқы жағдайы емес.

Өткен жылдың желтоқсанында белгісіз адам өзіне бензин құйып, Американың Джорджия штатындағы Израиль консулдығының алдында өз өзін өртеп жіберді. Полицияның айтуынша, оқиға орнынан Палестина Туы табылған.