Әлемде ең көп қолданылатын смартфон аталды

0
1 142

Биылғы жылдың алғашқы үш айында iPhone 11 жоғары сұранысқа ие болған.


Әлемде ең көп қолданылатын смартфон аталды

ERNUR.KZ. Omdia басылымының сарапшылары әлемде ең көп қолданылатын смартфонды атады, деп жазады Tengrinews.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы үш айында iPhone 11 жоғары сұранысқа ие болды. Осылайша Apple үш айда 19,5 миллион iPhone 11 маркалы смартфонды сатқан.

Ең көп қолданылатын смартфондардың тізімінде 2-орында Samsung Galaxy A51 (6,8 миллион гаджет сатылған) тұр, одан кейін Xiaom Redmi Note 8 смартфоны тұр.

Сондай-ақ, бұл тізімге Apple мен Samsung, компанияларының төрт моделі мен Xiaomi смартфондары кірді.