Әлемдік қауіпсіздікке қатер төндіретін үш мемлекет аталды

0
343

Сауалнамаға сәйкес респонденттердің 70%-ға жуығы қазір әлемге Ресей қауіп төндіріп тұрғанын атап өткен.


Әлемдік қауіпсіздікке қатер төндіретін үш мемлекет аталды

ERNUR.KZ. 2023 жылы жүргізілген сауалнамаға сәйкес, "әлемге қауіп төндіретін мемлекеттер" ретінде Ресей, Қытай және АҚШ жиі айтылған, деп жазады zakon.kz.

АҚШ-тың U.S. News & World басылымы жылдың наурызы мен маусымы аралығында жүргізілген сауалнама нәтижелерін жариялады. Респонденттерге әлемнің 87 мемлекетін әртүрлі сипаттамалар бойынша бағалау ұсынылды, оның ішінде адам құқықтарына, армияның күші, халықаралық альянстардың болуы және т.б. бар. Бұған қоса респонденттерден әлемге қауіп төндіреді деп есептейтін мемлекетті атау сұралған.

Сауалнамаға сәйкес респонденттердің 70%-ға жуығы қазір әлемге Ресей қауіп төндіріп тұрғанын атап өткен. Екінші орын Қытайға тиесілі, оны респонденттердің 66%-ы қауіп ретінде қабылдаған. Үшінші орында АҚШ тұр, бұл мемлекетті респонденттердің жартысына жуығы көрсеткен.

Ресейді көбіне Дания, Финляндия, Жапония және Польша сияқты елдердің халқы қауіпті деп атаған. Сондай-ақ Балтық елдерінің тұрғындары Ресейден қауіптенетінін айтқан, ал қытайлықтар Ресей Федерациясына жақсы көзқараста екенін білдірген. Қытай Жапонияда, АҚШ-та, Үндістанда және Оңтүстік Кореяда әлемдік қауіпсіздікке қатер төндіретін ел ретінде қарастырылады. АҚШ-ты әлем үшін қауіпті деп атаған респонденттердің көбі Қытай, Түркия, Сауд Арабиясы, Индонезия және Жаңа Зеландия жұртшылығы болып шықты. Бір қызығы, Канада мен Мексика да осы көзқараста екен.

Сауалнамаға қатысушылардың 72,5%-ы адамзат "Үшінші дүниежүзілік соғысқа жақындап келеді" деген пікірмен келіскен.