​Қалыңдық мінген тікұшақ апатты қонып, отқа оранды (видео)

0
3 742

ERNUR.KZ. Үйлену тойына арнайы жалданған тікұшақ қона бергенде апатқа ұшырап, өртке оранған.


​Қалыңдық мінген тікұшақ апатты қонып, отқа оранды (видео)

ERNUR.KZ. Үйлену тойына арнайы жалданған тікұшақ қона бергенде апатқа ұшырап, өртке оранған деп жазады КТК арнасының сайты.

Оқиға Бразилиядағы Сан-Паулу штатында оырн алды. Тікұшақ ішінде қалыңдық, пилот және тағы екі адам болған. Қаза болғандар жоқ, тек аздаған жарақат алып, барлығы аман қалған. Таңғаларлығы қалыңдыққа түк болмаған, дін аман.

Тойларын ерекше етіп өткізу мақсатында ұйымдастырған бұл шара келген қонақтарды бір қорқытып алды. Оқиға орнына бірден жедел жәрдем қызметкерлері мен өрт сөндіру мамандары келген. Десе де бұл қауіпті оқиға үйлену тойына кедергі болмады. Екі жас болған оқиғаға қарамастан салтанатты түрде некелерін қидыртып, тойларын жалғастырды.