Алжирде рэп орындаушының концертінде жұрт бір-бірін таптап кеткен

0
816

Мәлім болғандай, оқиға салдарынан 5 адам опат болды.


Алжирде рэп орындаушының концертінде жұрт бір-бірін таптап кеткен

ERNUR.KZ. Алжир астанасында танымал рэп орындаушының концерті кезінде жұрт бір-бірін таптап кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәлім болғандай, оқиға салдарынан 5 адам опат болды. Тағы 20 азамат түрлі жарақат алған. Стадионда өткен концертке мыңдаған адам жиналған. Ал рэпер оқыс оқиғаға қарамастан, концертін жалғастыра берген.