Amazon дәрігерлердің сөздерін оқитын бағдарлама ойлап тапты

0
725

Бағдарлама дәрігерлердің айтқан диагноздарын бірден түсінбейтін пациенттерге көмектеседі.


Amazon дәрігерлердің сөздерін оқитын бағдарлама ойлап тапты

ERNUR.KZ. Amazon компаниясы дәрігерлердің сөздерін мәтінге аударатын жаңа қызметті ұсынды, деп жазады 24.kz.

Бағдарлама дәрігердің айтқанын диктафонға жазады және оны сол уақытта мәтін түрінде көрсетеді. Бағдарлама Amazon Transcribe Medical деп аталады.

Әзірлеушілердің айтуынша, оның көмегімен гаджеттердің диктафонына дәрігердің дауысын жазып, айтылғандардың барлығын онлайн режимде мәтін түрінде оқуға болады. Сервисті жасаушылар бұл жаңалық дәрігерлердің өздері үшін де пайдалы болатынын айтты.

«Өйткені олар бағдарламаның көмегімен өздерінің есептерін, хабарламаларын және басқа да осыған ұқсас әкімшілік жұмыстарын жазуға көп уақыт жұмсамайды», - дейді құрастырушылар.

Айтуынша, аталған бағдарлама дәрігерлердің айтқан диагноздарын бірден түсінбейтін пациенттерге көмектеседі.