Антарктидадан пирамидаға ұқсас тау табылды

0
1 309

Шамамен 83 миллион жыл бұрын аталған құрлық мұзды өлке емес ну орман болған.


Антарктидадан пирамидаға ұқсас тау табылды

ERNUR.KZ. Антарктидадан Мысырдағы Ұлы Гиза пирамидасына ұқсайтын тау табылды, деп жазады baq.kz.

Құрлықтың спутниктен түсірілген суреттерін көрген желі қолданушылары таңданысын жасырмады. Шамамен 83 миллион жыл бұрын аталған құрлық мұзды өлке емес ну орман болған. Сол кезде аймақта жылдық орташа температура 13 градусқа дейін жететін. Дегенмен бұл пирамида салуға түрткі болған нақты себеп деу қисынсыз.

Осы тақырыпта өрбіген түрлі қауесеттердің шындығына үңілген Ирвин геологиясының профессоры Эрик Ригноның сөзінше, бұл «пирамидаға ұқсайтын тау» ғана. Яғни, табиғи түзілістер мен мұздықтардың жақындауы нәтижесінде пайда болған.

Көптеген шыңдар ішінара пирамидаға ұқсайды, бірақ бұл сирек кездесетін құбылыс, - дейді Калифорния университетінің профессоры.

Бұл тау табиғи жолмен пайда болған пирамидалардың алғашқысы емес. Сөзімізге Исландиядағы Буландстиндур, Фарер аралындағы Бордоярнес шыңдары дәлел.