​Апатқа ұшыраған жолаушы мен құтқармақ жүргізушіні көлік қағып өлтірді

0
1 347

Апатқа ұшыраған көлік жүргізушісін құтқармақ болған кездейсоқ көлік иесі де ажал құшты


​Апатқа ұшыраған жолаушы мен құтқармақ жүргізушіні көлік қағып өлтірді

фото: ҚазАқпарат

ERNUR.KZ. Бүгін таңертең Бішкек-Торугарт тас жолында жол апаты болып, екі ер адам қаза тапты, деп жазады ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомствода мәлім еткендей, «Ауди» маркалы автокөлігі комбайнға келіп соғылған. Мұны көрген, жолай өтіп бара жатқан «Фольксваген пассат» жүргізушісі тоқтап, зардап шеккен адамға көмектесуге ұмтылған. Әлгі азамат жолаушыны көліктен шығарып жатқан кезде оларды үлкен жылдамдықта келе жатқан минивэн келіп қаққан. Салдарынан ер адамның екеуі де оқиға орнында қаза тапты.

Сондай-ақ, жол апатынан тағы да екі адам зардап шеккені анықталды. Олар Кочкор ауруханасына жеткізілген.