Асад Францияға Құрмет легионы орденін қайтарып берді

0
971

Асадтың айналасындағы дереккөздері AFP агенттігіне Сирия президенті орденді Францияның 14 сәуірде Сириядағы нысандарға зымыранмен соққы беруге қатысқанына қарсылық ретінде қайтарғанын айтты.


Асад Францияға Құрмет легионы орденін қайтарып берді

Сирия президенті Башар Асад Францияға 2001 жылы өзі марапатталған Құрмет легионының кавалері орденін қайтарып берді, деп жазады Азаттық Радиосы.

Сирия Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде орден төсбелгісі Дамаскідегі Румыния елшілігіне тапсырылғаны айтылады. Румыния елшілігі сонымен қатар Сириядағы Францияның да мүддесін қорғайды.

Асадтың айналасындағы дереккөздері AFP агенттігіне Сирия президенті орденді Францияның 14 сәуірде Сириядағы нысандарға зымыранмен соққы беруге қатысқанына қарсылық ретінде қайтарғанын айтты. Асад Францияны "Американың құлдығына түскен мемлекет" деп атаған. АҚШ, Ұлыбритания мен Франция ол соққыны Сирия армиясының ықтимал химиялық қару қолданғанына жауап ретінде жасаған.