Әуежайда екі ұшақ соғысты

0
1 175

Бір ұшақ әуежайда қозғалыссыз тұрған екінші ұшақты соқты


Әуежайда екі ұшақ соғысты

фото:24.kz

ERNUR.KZ. Чикагоның халықаралық әуежайында United Airlines-тің екі ұшағы соқтығысты, деп жазады 24.kz

Соңғы ақпарға сәйкес, зардап шеккендер жоқ. Мамандардың айтуынша, бір ұшақ әуе тұрағында қозғалыссыз тұрған екінші лайнерді іліп ала кеткен. Нәтижесінде екеуінің де сол жақ қанаты зақымданды.

Айта кету керек, олар ішкі рейс ұшақтары. Төтенше жағдайға байланысты бір рейс кешіктіріліп, екіншісі тоқтатылды. Осы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.