Ауғанстанда әйелдер базары ашылды

0
3 307

Ондағы мақсат – соңғы екі жылда жұмыссыз жүрген әйелдерді жұмыспен қамту.


Ауғанстанда әйелдер базары ашылды

ERNUR.KZ. Кабулда әйелдер базары ашылды. Олар биліктен әйелдерді жұмысқа орналастыруға өтініш білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

Компаниялардың бірі Кабулда эксклюзивті әйелдер нарығын ашып, жүзден астам әйелді жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді.

"Бұл нарықты құрудағы басты мақсат – қазіргі жағдайда Ауғанстанда тұратын барлық әйелдерге қолайлы жағдай жасау", деді базардың иесі Раджмана Халики.

Базардағы кәсіпкерлер әйелдерге қауіпсіз орын жасалғанына ризашылығын білдіріп, ел билігінен кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді сұрады.

Ал кей әйелдер ел билігінен жұмыс істеуге мүмкіндік беруді сұрап отыр.

Базар шамамен 20 акр аумақты алып жатыр және 50 миллион ауғаниға салынған. Оны кәсіпкер өз қалтасынан шығарған.